Прокурорлық қадағалау да құқық қорғау қызметінін маңызды нысаны, өйткені ол Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәл әрі бірынғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен алдын ала тергеудің, әкімшілік және атқарушы іс жүргізудің заңдылығына жоғары дәрежеде қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.
Әділет органдарының қызметін, сөз жоқ, құқық қорғау қызметіне жатқызу керек, өйткені бұл органдар құқықтық нормалардың қалыпты жұмыс істеу режимін сақтау жөніндегі міндетті жүзеге асырады, сот әділдігін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерін шешіп, оның міндеттеріне тікелей жәрдемдеседі. Олардың жекелеген қызметтері, бөлімшелері азаматтық құқықтар мен фактілерді куәландырумен (нотариаттың, жылжымайтын мүлік агенттігінің, АХАЖ мекемелерінің азаматтық-құқықтық мәмілелерді, заңды тұлғаларды тіркеумен) айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: |