Құқық негіздерінің қайнар көздері


Тақырып 12.Қазақстан Республикасының салық құқығы негіздері



бет97/116
Дата17.02.2022
өлшемі1 Mb.
#132231
түріЛекция
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   116
Байланысты:
350093 2

Тақырып 12.Қазақстан Республикасының салық құқығы негіздері.
1.1.ҚР салық құқығының жалпы сипаттамасы мен ұғымы.
1.2.Салық құқығының пәні, құқықтық реттеу әдісі. Салық құқығының қайнар көздері. Салық құқығының жүйесі.
1.3.Салықтың түсінігі. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салықтардың түрлері.
Салықтық құқықтың ұғымы
Салықтық құқық - заңды және жеке тұлғалардан біржақты өктем, кайтарылмайтын негізде, заң жүзінде белгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ақшалай түрде бюджетке алу кезінде туындайтын салықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Салықтық құқық мемлекеттің салықтық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар әрі оның пәні болып табылады.
Қазақстан Республикасының нарық экономикасына бағытталып негізделген қатынастарға көшуіне, сондай-ақ салық салу аясындағы мәселелердің маңызды және әлеуметтік-экономикалық процесстерге ықпалын тигізетін құралға айналуына байланысты салықтық қатынастардың рөлі арта түсуде.
Салық катынастары салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байла­нысты катынастарды реттейді.
Осыған орай, қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызметінің ең маңызды, басты түрі - мемлекеттік кіріс. Сол мемлекеттік кірістердің ең негізгілері: салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет