Жоспары:
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
1. Рим құқығының ұғымы мен негізгі белгілері
2. Рим құқығының тарихи мәні мен негізгі кезеңдері
3. Рим құқығының кодификациясы
ІІ. Қорытынды
ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Рим құқығы құқықтың әлемдік жүйесінің дамуында үлкен маңызға ие, себебі рим құқығы басқа құқық жүйелерінің дамуын қалыптастыруға негіз болды және үгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Көптеген құқықтық институттар ри құқығының классикалық кезеңінде өңделген күйінде әлі күнге сол қалпында сақталуда, атап айтқанда заттық құқықтар ілімі, міндеттеме туралы ілім.
Рим құқығы – ерте Римнің құлиеленушілік құқығының жүйесі. Рим құқығының пәні антикалық Римнің толық емес көлемдегі құқығы, яғни жеке құқық шеңберіндегі құқығы.
Римде жеке құқық деп нені түсінді? Ерте кездің өзінде Римде екі құқық саласы- жария құқық және жеке құқық болды. Тит Ливии (І ғ.б.э.), қалыптасқан терминологияға сүйене отырып, ХІІ кесте заңдарын жеке және жария құқықтың қайнар көзі деп атады. Мұндағы жария құқық дегеніміз мемлекеттің мүддесін қорғайтын және мемлекеттің және оның органдарының құқықтық жағдайын анықтайтын нормалар. Ал, жеке құқық жекелеген тұлғалардың құқықтық жағдайын білдіретін құқық жүйесі.
Рим құқығы мүліктік және басқа да қатынастарды реттейтін өңделген нормалар жүйесін құрады.
Рим құқығы Қазақстан Республикасының құқығының дамуына нақты әсер етеді. Қазіргі кезде, яғни Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің қалыптасу кезеңінде, кезінде рим құқығының нормаларымен реттелген жеке меншік институты, шарттар ерекшк орын алды.
Қоғамның барлық даму тарихынан рим құқығы секілді заңи, техникалық және заңи нысаны жоғары деңгейдегі басқа құқық жүйесін кездестірмейміз.
Осыған орай менің жұмысымның тақырыбы: « Рим құқығының ұғымы және негізгі белгілері. Рим құқығының тарихи мәні». Осы тақырыпты толық түрде ашып, жеке жеке тоқталып өтемін.
І. Негізгі бөлім
1. Рим құқығының ұғымы және негізгі белгілері
«Рим құқығы» термині құл иеленушілік қауымда құрылған Рим мемелекетінің, яғни антикалық Римнің құқығын білдіреді. Рим құқығының жүйесі сондай-ақ бұл мемлкеттің тарихи дамуы тұтастай алғанда көбінесе шет мемлекеттер құқығының тарихы.
Рим азаматтық құқығының оқыту пәні- мүліктік құқықтың маңызды институттар болып табылады (отбасылық қатынастар да жатады).
Рим құқығының негзгі институттарына мына төмендегілр кіреді: меншік құқығы; шарттар мен міндеттемлер; отбасылық құқықтық қатынастар; мұрагерлік мәселесі, сондай-ақ жеке құқықтарды талап арқылы қорғау мәселелері және тағы басқа маңызды мәселелер.
Рим құқық теориясында құқық нормаларының топтастырылуының 2 жүйесі қалыптасқан: пандектілік, институтционалдық деп аталады. Пандектілік 4 арнайы бөлімнен тұрады:
• Заттық құқық;
• Міндеттілік құқық;
• Отбасы құқығы:
• Мұрагерлік құқық;
Институтционалдық жүйеде жалпы білім болмайды, ал негзгі бөлім мынадай негіздерге бөлінеді:
• Заттық құқық;
• Міндеттемелік құқық;
• Мұрагерлік құқық;
Римдіктер әлемді 3 рет жаулап алды: бірінші рет легиондармен, екінші рет христиан дінімен, ал үшінші рет құқығымен. «Жазылып қойған сана» деп аталатын Римдік құқықтың классикалық түрін Батыс Еуропада көп феодалдық мемлекеттерде қолданылатын. Ол көп мемлекеттердің құқық жүйесінің негізін қалады. Бұл құқық жүйесі континенталды және романдық-германдық құқық жүйесі деп аталады.
Рим құқығының мықтылығын дәлелдейтін факторлар көп. Біріншіден, Рим империясы құл иеленушілік мемлекеттердің арасындағы ең ірі, соңғы, күшті мемлекеттердің бірі болып табылады. Рим империясы көрші мемлекеттерді өзіне бағындырып, солардың саяси тәжірибесін, құқықтық құжаттарын, сот практикасын, саяси санасын өз өміріне бейімдеп,өзіне тән ерекше құқық жүйесін құрды. Римде преторлардың, патрицийлердің және перегриндердің істерін қарау екі түрлі болды. Сондықтан басқа мемлекеттердің құқықтық әдеттері, принциптері, белгілері, құқықтық тәжірибесі Рим құқығына көшіп, оған әсерін тигізеді. Спарта, Афины, Сирия және басқа мемлекеттер Рим империясының құрамына еніп, оның провинциясына айналған еді. Сондықтан Рим империясының заңгерлері афинаның құқық дамуының нәтижелерін пайдаланды.
Сонымен бірге Римнің мың жылдық тарихы оның құқықтық дамуын бүкіл әлемдік тарихы маңызды оқиғаға айналдырып жіберді. Римде құқықтық жүйеге, заңгерлерге көп көңіл бөлінді. Бұл қызмет иелеріне ерекше құрмет көрсетілді. Гай, Павел, Ульпиан, Модестин, Папаниан- Римнің ең күшті заңгерлері қатарынан саналды.
Рим құқығы дамуының өзіндік ерекшеліге болатын. Олар құқық көп өзгермеу керек деп санайтын. Құқықтық нормаларды тек ешкім қолданбаған жағдайда ғана жоятын еді. Рим заңгерлері асығыс қабылданған және көп өзгеретін заңдар құқықтық тәрбиеге әсерін тигізеді деп есептейтін. Сондықтан заң шығару жұмысы құрметті де қиын жұмыс ретінде бағаланатын. Оған көп көңіл бөлініп, көп уақыт жіберілетін. Әрбір заң сол заңды ұсынған адамның атымен аталатын. Жақсы заңдар көп шығарған адам өте сыйлы, мәлімді қызметкерлер болып есептелді.
Халық жиналысы заңдарды қабылдағанда оған тек ғана «аламыз», «алмаймыз» деп дауыс беретін. Бүкіл Римнің тарихынан өткен заң-12 таблица заңдары. Бұл заң б.д дейінгі V ғасырда қабылданған, бұны Римнің Корпус Юрис Цивилис деген кодексіне дер кіргізген еді. Бұл құқықтық құжат он бір ғасыр қолданылды. Ол Рим құқығының негізі болғаннан кейін заңдылықтың мықтылығын, тұрақтылығын көрсету үшін, дәлелдеу үшін сақталған.
Рим құқығы квирит құқвғв ретінде пайда болған. Квириттер-Рим азаматтары, патрицийлер еді. Квирит құқығы тек қана Рим азаматтарының құқығы болып саналды. Бұл аксиома ретінде бекітілді. Рим азаматтарының және перегриндердің қарым-қатынастарының реттейтін құқық-халық құқығы. Рим құқығының схемалары, ішкі құрылысы, терминдері, түсініктері көп мемлекеттерде қолданылды. Оның қайта жаңғырып, гүлденуі, қолданылуы, қайта дамуы, жаңдануы рецепция деп аталды.
Рецепциямен Рим құқығы феодалдық мемлекеттердің тәжірибесіне кірген болатын. Одан кейін ол буржуазия кодификацияларына кіріп, Германия, Франция, Италияның кодекстері арқылы бүкіл дүние жүзіне тараған. Ең күшті кодекстерінің бірі- Наполеонның 1804 жылғы азаматтық кодексі.
Қазіргі азаматтық заңдарды терең түсіну үшін Рим құқығының негізгі белгілерін, түсініктерін, терминдерін білу керек. Рим құығының негізі (сапасы) бүкіл буржуазиялық азаматтық-құқықтық теорияға сіңісіп кетті. Қазір көп қолданылатын терминдердің, түсініктердің пайда болған уақытын білу арқылы олардың шын маңызын да анықтауға болады.
Рим құқығының заңгерлік техникасын, тілін, ішкі құрылысын заңгерлердің білгені жөн. Рим құқығының тарихымен танысу арқылы құқық қалай пайда болады, өзгереді. Қандай кезеңдерден өтеді, өзінің ішкі мазмұнын қалай өзгертеді, сыртқы нысаны қалай дамиды деген жалпы мәселелерден мағлұмат алуға болады. Рим құқығы жеке меншік үстемдік еткен қоғамдық құрылыстардың ең жақсы нысаны.
Рим құқығымен терең айналысқан ғалымдар оның сан ғасырлық тәжірибесін өте жоғары бағалады. Рим құқығы дамуының жоғары сатысы құқықтың жоғары нысаны болып қалды.
Республика түрінде өзінің проблемаларын шешіп, демократиялық әдістерді, ниституттарды қолданып жатқанда Рим мемлекеті құқығының даму деңгейі төмен болды. Құқықтардың сол кезеңін біз ежелгі құқық кезеңі деп белгілейміз. Оның негзігі қайнар көзі 12 кесте заңдары құқық нысандары болып қалған.
Рим мемлекеті империяға айналып, әлсіреп, ыдырай бастағанда құқық жоғары дәрежесіне көшеді. Рим құқығының ең маңызды құжаты – Корпус Юрис Цивилис Византияда VI ғасырда пайда болған.
Рим құқығының негізгі белгілері. Рим құқығының негізгі белгілері – жеке меншіктің неғұрлым абсолюттық құқығын бекіту болып табылады. Бұл тауарлы ақша қатынастарының жоғары деңгейіне байланысты. Рим құқығы құлдарға да толық жеке меншікті бекітіп берді. Рим құқығының келесі белгісі – оның прогрессивтік-консервативтік сипаты. Рим құқығы жылдам өзгеріп, жаңа қарым-қатынастарды өз уақытында жөңге салып тұрады. Ол өзінің ішінде ескі заңгерлік иституттарды, манципация, квирит, нексум сияқты нысандарды көп уақыт сактайтын.
Римде тек қана заң қызметкерлер емес, бүкіл құқық сыйлы болатын. Құқыққа осындай көзқарастағы қоғам көбінесе дұрыс шешімдерді сақтап отырды. Ол құқық нормасын бұзуға, жоюға асықпады.
12 кесте заңдары ата-баба құқығы ретінде жұрттың бәрі көретін көрнекті жерге қойылатын. Ол заңдарды ешкім «мен оқымадым, мен білмеймін» деп айта алмайтын еді. Жаңа құқық нормасын шығарып жатса да, оның бұрынғы атын, негізгі нысанын сақтауға тырысатын. Бұл әрбір Рим азаматы құқық мықты, тұрақты, жеке адамның құқығын, мүддесін қорғайды деп сену үшін істелген нәрсе.
Рим құқығы динамикалық құқыққа жататын. Бұған себеп бірнешеу. Сот тәжірибесінде қатысты құқық преторлардың жұмысымен байланысты болды. Олар теорияға ұмтылмайтын, сот істерін дұрыс шешіп, соған түсінік бергісі келетін. Бірақ преторлардың тәжірибесінен шыққандықтан, Рим құқығының теориясы да өте күшті еді. Заңгерлердің білімі өте жоғары болатын. Істеген қызметтері де сыйлы еді. Заңгерлердің арасында бәсеке қызып жататын.
2. Рим құқығының тарихи мәні мен негізгі кезеңдері
Рим құқығының қалыптасуы мен әрі қарай дамуын тұтастай алып қарағанда 2 дәуірге бөлуге болады:
І дәуір- рим құқығының құрылуы мен дамуы. Ежелгі Рим мемлекетінің қалыптасуымен байланысты (антикалық мәдениетімен қоса) (б.э.д. VІІІ-б.э7.V ғғ).
ІІ дәуір- тарихи дәстүрге байланысты рим құқығының басқа елдермен тығыз байланыста дамуы (саяси жағынан, заң тәжірибесінен, ағарту ісі мен заң ғылымы жағынан) (б.э. VI ғ).
Мұндағы рим құқығының пайда болуы мен дамуын зерттеушілер екінші кезеңге байланыстырады. Бұл кезеңді кейде классикалық рим құқығы кезеңі деп те атайды.
Рим құқығының бірінші кезеңі – квирит құқығы. Қоғамның әлеуметтік-нарықтық құрылысы айтарлықтай емес еді, сондықтан құқықтың нысаны өте қарапайым жағдайда болды. Квирит құқығының негізгі белгілері – ішкі тәртіпсіздікті түзету, діни нормалармен бірлікте болу, бұрынғы заңдармен, әдеттермен байланысты үзбеу еді. Құқық әлі салаға бөлінбейтін. Оның діни рәсімі, дәстүрлік жоралғы сипаттары сақталды. Құқықтық нормалар жалпылама шығарылды, сондықтан ол өте нақтылы, жетілмеген болатын. Квириттердің құқығы преторлардің құқығымен қатар дамыды.
Ежелгі Рим құқығының мұрасының ең маңыздысы 12 таблица заңдары. Бұл құқықтық құжаттың қабылдануына плебейлер мен патрицийлердің күресі әсерін тигізді. Плебейлер патрицийлердің сотын осы заң бойынша тәртіпке келтірді және өздерінің құқығын қорғады.
Бұл заң б.д. дейінгі V ғасырда қабылданды. Бұл цивилдік құқықтың мұрасы болып табылды.
Бұл құқық бүкіл Римнің зат-мүліктерін манципацияға жататын және манципацияға жатпайтын деп екі түрге бөледі.
Манципацияға жататындар: жер, құл және мал, қалғандары жатпайтын заттар.
Манципация сатушы және сатып алушы, өлшеу және бір кесек жезі бар тараызышы және 5 куәгер, Римнің толық құқылы азаматтары. Сатып алушы қолын иыққа қойып : «мен Рим заңдары бойынша 1000құлды осы жерден сатып алдым»- дейді. Сатушының үндемей тұрғаны келісім бергені деп есептеледі. Жезді өлшеуші өлшеуіштің табағына зат лақтырады, келісім жасалды деп саналады. Осы айтылған процестің бір рәсімі орындалмаса, келісім заңды емес. Мұның өзі Рим құқығында ұсақ формализмнің көп екенін көрсетеді.
Жер бүкіл Рим қауымының меншігі болып саналды. Сондықтан оны сату үшін осындай күрделі манципация процесі керек еді. Қауым жерге, құлға, салға қатысты келісімдерді қадағалайды. Басқа заттардың бәрін еркін сатуға болады. Олардың құны да жоғары.Нексум-құлдық борыш. Бұл құлдықты да жезбен баянды етеді. Қарызын төлей алмаған азаматқа сот шешімі бойынша бұғау кигізіледі. Өсімқор қарыз алушы адамды үйіне салып кетіп, 3 жексенбі басты базарға шығарып, қарызын төлейтін туысқандарын және жолдастарын іздейді.
Содан кейін оның қарыз алушыны өлтіруге құқығы бар. Б.д. дейінгі IV ғасырда осы Петелий заңы жойылды. Ендігі кезде қарыз алушы өзінің мүлкімен ғана жауап беретін болды.
Некелік қарым-қатынастар ерекше. Оның екі түрі болды. Некенің бірінші түрі- отағасыға бәрі бағынады. Шаңырақтың мүлігі ұжымдық меншік, оған әкесі ғана иелік етті. Бүкіл агнаттар әкесінің мұрагерлері бола алды. Әйел адам жұбайына бағынды. Некенің екінші түрі – сине ману, манципациясыз. Мұнда ерлі-зайыптылардың құқығы тең. Әйелі жылына бір рет 3 күнге қашып кетуге тиіс, сонда өзінің бостандығын, құқығын теңдігін сақтайтын болған.
Қылмыс құқығы оның жасалуына қарай ерекшеленген. Ұрлық жасағандар, үйді өртегендер, егін, сал ұрлаған қылмыскерлер өлімжазасына кесілді. Түнде ұрлық істеген адамды ең алдымен ұрады, содан кейін жәбірленушіге құлдыққа береді. Деликттер – адамды ұру, тіл тигізу, дене мүшесін зақымдаушылық. Адамды өлтіру туралы ештеңе айтылмаған, бұл жағдайда қаңды кек алу қолданылатын болуы да мүмкін.
Дене мүшесін зақымдаушылық басына, денесіне ұру – 300 асс, басқа жерлеріне – 25 асс айып салумен жазаланған.
Адамдардың түн ішінде жинау, жауды Римге соғыс ашу үшін дайындау, сот қызметкерлерінің пара алуы, қоғамдық тәртіпті бұзу мемлекетке қарсы жасалған қылмыстарға жатады.
Рим құқығына тек мемлекет әсері ғана емес, мәдениеттің де дамуы себебін тигізді. Мәдениет саласының қалыптасуы арқасында сауда саттықта қарқын алды, сол кездің өзінде-ақ құқықтық міндеттемелер сатып алушы мен сатушы, борышқор, шарт, міндеттемелер сияқты құқықтық элементтер көріне бастады.
Өзінің мәні мен маңызына байланысты Рим құқығы қазіргі заңгерге өте керекті нәрсе болып тұр. Оны оқып түсіну заң тәжірибесінде де, дәл айтқанда заң шығару жұмысымен айналысушыларға да маңызды.
3.Рим құқығының кодификациясы
Римде кодификацияның басталған уақыты рим құқығының белсенді дамуының құлдырауымен тұспа-тұс келеді. Құқық бұрынғыдай жедел дамуын тоқтатты. Сондықтан құқықтық нормалардың саны сапасына көшетін болды. Империя кезінде бүкіл толып жатқан императорлардың басқару актілерін бір жүйеге келтіріп, тәртіпті, қатаң формада үстемдік ететін құл иеленушілік топтың ерігін бекіту керек болды.
Маңызды кодификацияның бірі – Батыс Рим империя құлағаннан кейін император Юстинианның VI ғасырда жасаған кодификациясы. Кодификация (сұрыптау) -қоғамдық қатынастардың айтарлықтай ауқымды саласын реттеуші және әдетте құқықтың белгі бір санасын, қосалқы саласын құрайтын қолданыстағы күллі қалыпты материалды терең де жан-жақты талдау және қайта қарау негізінде және белгілерін айтады. Азаматтық құқық жинақталған бұл құжат « Корпус Юрис Цивилис» деп аталады.
Юстинианның алдына қойған мақсаты – бүкіл Рим құқығының актілерін жинап, оны қайта жөңдеу еді. Сонымен қатар, Рим құқығын жаңа мемлекетке өтуіне сай жетілдіру болып табылды. Рим құқығы ескерген нормалардан көптеген институттар пйда болды, өзгертіліп, толықтырылған. Юстиниан (527-568) архаизмдердің бәрін жою, құлиеленушілік құрылысты баянды ету және шексіз монархияны бекіту бағытында жұмыстар жүргізді. Юстиниан жинағының негізгі бөлігін бірнеше комиссиядан құрылған беделді заңгерлер құрастырған (529-534).
Кодификация жұмыстарын басқарған грибониан, ол император кеңесінің бастығы Феофил-Константинополь құқық мектебінің профессоры. 524-534 жылдары алғашқы 3 жинақтан тұрды:
Рим жеке құқығының оқулығы (институция );
Рим заңгерлерінің еңбектерінің жинағы (Дигестер немесе Пандекттер);
Жарғылар жинағы рим императоры Адрианнан б.э. ІІ ғ бастап Юстинианға дейін, бұған әкімшілік, қылмыстық, қаржылық, шіркеулік және жеке құқықтар кірген.
Кейін 4-ші бөлік болып новеллалар қосылды. Новеллалар 534-556 жылы шыққан жаңа заңдар жиынтығы.
Гайдың институциясы. Адамдар үшін түсінікті, ең жақсы, қарапайым және сұлу бай тіл Гай деген заңгерлердің тілі болды. Ол өзінің еңбектерінде Рим құқығының маңызды тұстарын ашып көрсетті. Еңбектерінің құрылысын- жай адамдар, заттар, міндеттемелер деп үшке бөлді. Институциялар 4 кітапқа, кітаптар титулға, ал титулдар параграфқа бөлінді. Үзінділер мынадай тәртіппен алынды: әріп, кітап N, титул N, параграф.
Дигестер. Бұл корпус Юрис Цивилистің ең үлкен бөлімі (530-533), бұған Римнің ең маңызды 40 заңгерінің еңбектерң енгізілді (Квинт Муция Сцеволдан І ғ. Харцийге дейін IV ғ) 1570 кітаптан үзінді алынды.Олардың ішінде ең маңыздылары Ульпиан мен Павелдің еңбектері деп есептелді. Римнің ең ақылды заңгерлері – Гай, Папиниан, Павел, Ульпиан, Модестин.
Юстиниан кодексі. Императорлардың ресми жарлықтары. Юстинианның өзі шығарған 50 жарлығы осы жинаққа енді. Жарлықтарды ңнегізгі мақсаты- бұрынғы
императорлар шығарылған жарлықтардың арасындағы қайшылықты жою болды. Жарлықтар ретке келтірілді. Сөйтіп, кодекстің жаңа редақциясы шығарылды. Сол кодекс б.з.д сақталып, бүгінде Юстинианның еңбектерімен танысуға мүмкіндік беріп отыр.
Новеллалар (қосымша) Юстинианның өзі шығарған бұйрықтардан құрастырылды. «Жаңа заңдар» деген мағынаны білдіреді. Онда заңдар ойлар классикалық рим құқығын шеңберлей емес, қысымның аздау болғаны, сол кезеңнің қажетін ескеріп жасалғаны байқалады.
Қорытынды
Қорытындылай келе, «Рим құқығы» термині құл иеленушілік қауымда құрылған Рим мемелекетінің, яғни антикалық Римнің құқығын білдіреді. Рим құқығының жүйесі сондай-ақ бұл мемлкеттің тарихи дамуы тұтастай алғанда көбінесе шет мемлекеттер құқығының тарихы болып табылатындығы.
Рим азаматтық құқығының оқыту пәні- мүліктік құқықтың маңызды институттар болып табылады (отбасылық қатынастар да жатады).
Рим құқығының негзгі институттарына мына төмендегілр кіреді: меншік құқығы; шарттар мен міндеттемлер; отбасылық құқықтық қатынастар; мұрагерлік мәселесі, сондай-ақ жеке құқықтарды талап арқылы қорғау мәселелері және тағы басқа маңызды мәселелері болып табылады.
Рим құқық теориясында құқық нормаларының топтастырылуының 2 жүйесі қалыптасқан: пандектілік, институтционалдық деп аталады.
Римдіктер әлемді 3 рет жаулап алды: бірінші рет легиондармен, екінші рет христиан дінімен, ал үшінші рет құқығымен. «Жазылып қойған сана» деп аталатын Римдік құқықтың классикалық түрін Батыс Еуропада көп феодалдық мемлекеттерде қолданылатын. Ол көп мемлекеттердің құқық жүйесінің негізін қалады. Бұл құқық жүйесі континенталды және романдық-германдық құқық жүйесі деп аталады.
Римде құқықтық жүйеге, заңгерлерге көп көңіл бөлінді. Бұл қызмет иелеріне ерекше құрмет көрсетілді. Гай, Павел, Ульпиан, Модестин, Папаниан- Римнің ең күшті заңгерлері қатарынан саналды.
Рим құқығы дамуының өзіндік ерекшеліге болатын. Олар құқық көп өзгермеу керек деп санайтын. Құқықтық нормаларды тек ешкім қолданбаған жағдайда ғана жоятын еді. Рим заңгерлері асығыс қабылданған және көп өзгеретін заңдар құқықтық тәрбиеге әсерін тигізеді деп есептейтін. Сондықтан заң шығару жұмысы құрметті де қиын жұмыс ретінде бағаланатын. Оған көп көңіл бөлініп, көп уақыт жіберілетін. Әрбір заң сол заңды ұсынған адамның атымен аталатын. Жақсы заңдар көп шығарған адам өте сыйлы, мәлімді қызметкерлер болып есептелді.
Рим құқығының қалыптасуы мен әрі қарай дамуын тұтастай алып қарағанда 2 дәуірге бөлуге болады:
І дәуір- рим құқығының құрылуы мен дамуы. Ежелгі Рим мемлекетінің қалыптасуымен байланысты (антикалық мәдениетімен қоса) (б.э.д. VІІІ-б.э7.V ғғ).
ІІ дәуір- тарихи дәстүрге байланысты рим құқығының басқа елдермен тығыз байланыста дамуы (саяси жағынан, заң тәжірибесінен, ағарту ісі мен заң ғылымы жағынан) (б.э. VI ғ).
Римде кодификацияның басталған уақыты рим құқығының белсенді дамуының құлдырауымен тұспа-тұс келеді.Маңызды кодификацияның бірі – Батыс Рим империя құлағаннан кейін император Юстинианның VI ғасырда жасаған кодификациясы. Юстиниан Кодификациясы алғашқы 3 жинақтан тұрды:
Рим жеке құқығының оқулығы (институция );
Рим заңгерлерінің еңбектерінің жинағы (Дигестер немесе Пандекттер);
Жарғылар жинағы рим императоры Адрианнан б.э. ІІ ғ бастап Юстинианға дейін, бұған әкімшілік, қылмыстық, қаржылық, шіркеулік және жеке құқықтар кірген.
Кейін 4-ші бөлік болып новеллалар қосылды. Новеллалар 534-556 жылы шыққан жаңа заңдар жиынтығы.
Пайдаланған әдебиеттер:
Ермухаметова С.Р, Коваленко Е.Ю, «Рим жеке құқығы» оқу құралы, Алматы 2007
Б.Е.Айтжан, А.М. Құсаинова, Рим құқығы: Оқу құралы.-Алматы Жеті жарғы 2005 ж
Достарыңызбен бөлісу: |