Дайындаған: Алиханова Айзат
Құқық нысаны – заңдық нормалардың көрініс табуы мен бекітілуінің ішкі тәсілі. Құқықтың сипатталуы мен көрініс табу нысанын арнайы құқық термині құқықтың қайнар көзі деп атайды. Сондай – ақ құқық нысаны (қайнар көздері) мемлекеттік ерікті заңға енгізуімен байланысты мемлекеттік қызметтпен байланысты.
Құқық нысанының түрлері - Құқықтық әдет-ғұрып
- Прецеденттік құқық
- Нормативтік- құқықтық акт
- тарихи қалыптасқан және әдетке айналған мінез құлық ережесі.
- мемлекет заңдық күш, санкция берген, әдетке айналған, тарихи қалыптасқан мінез құлық ережесі ретінде көрініс табады.
Әдет –ғұрып
Құқықтық әдет-ғұрыптың ерекшеліктері - бұл жоғарыдан емес төменнен пайда болады, сондықтан, ол өзге құқық нысанына қарағанда халықтың еркін, оның талаптарын толық қамти алады;
- қоғамдағы орныққан заңдылықтарды бейнелейді, сондықтан да ол нағыз объективті болып табылады;
- құқық субъектілерге ауызша нысанда қарапайым түсінікті тілде жеткізіледі;
- көптеген жағдайларда әдет-ғұрып тұжырымдары ерікті түрде орындалады, өйткені ол күнделікті дағдыға негізделген;
- реттелетін қоғамдық қатынастардың өзіндік ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.
Келешекте ұқсас істерге үлгі болатын нақты сот ісі бойынша шешім.
Сот прецеденті шешім шығару кезінде заңнамада қажетті норма болмаған жағдайда ғана қолданылады.
Прецеденттік құқық
Прецеденттік құқық - Логикалық ой-өрістің нәтижесі болып табылатындықтан, ол нақты жағдайда дәлме-дәл және дұрыс ретеуге әкеледі.
- Оның нанымды жоғары күші болады, себебі шешімді қабылдау қажеттілігі заңдарға кең көлемді сілтемелер жасалуынан туындайды;
- Нормативтік актілерге қарағанда сот, әкімшілік үрдістері орасан зор жылжымалы (динамизмді) болып келеді: судьялар қабілеттігіне қарай өмірде болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, өз шешімдерінде осындай құбылыстарды негіз ете алады.
Нормативтік-құқықтық акт
Референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін
олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.
Негізгі
Туынды
Нормативті-құқықтық
акт түрлері
1. Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар; 2. ҚР Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары; ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлықтары; ҚР Президентінің өзге де нормативтік Жарлықтары; 4. ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары; 5. ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары; 6. ҚР министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары; 7. Мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары; 8. Мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері. Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлері
Регламент
Ереже
Қағида
Нұсқаулық
Регламент
Қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт.
Ереже
Қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт
Қағида
Қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт.
Нұсқаулық
Заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік-құқықтық акт
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |