2.4. Көрнекілікті пайдалану бойынша математика сабағының үлгісі (2 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Қайталау.
Сабақтың мақсаты: Өткен сабақтарды қайталай, пысықтай отырып, балалардың өз беттерінше жұмыс істеп шығармашылық ойларын өсіру, өз беттерінше қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Орнымызға қонайық, - шумағын баяу, шапшаңырақ, өте жылдам үш қайта айттық.
Арифметикалық диктант
I қосылғыш — 30 I қосылғыш - ?
II қосылғыш - ? II қосылғыш - 20
қосындының мәні — 60 қосындының мәні — 40
т.б. осы сияқгы мысалдарды оқыдым, балалар өз
беттерінше дәптерлеріне жазып отырды.
30 + 30 = 60 40 - 30 = 10 30 + 20 = 50
20 +20 - 40 60 - 50 = 10 30 - 20 = 10
Соңынан бірігіп дұрыстығын тексердік. Ауызша өткен сабақтарға шолу жүргізілді. Шамалар: ұзындық, масса, уақыт, өлшем бірліктеріне не жатады? 1 кг-да неше грамм? 1 сағатта-неше минут? 1 км-де — неше метр? т.б. және де:
7+6=13 9+2=11 8+4=П
6+7=13 2+9=11 □+□=□
түріндегі өз бетінше жұмыс.
Оқушыларға І-ші өрнектегі екі мысалдың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар екенін аныктауды тапсырдым. Оқушылардың көмегімен қосылғыштардың орындарының ауысып түрғаны анықтады.Қосынды неге бірдей? — сұрағына жауап береді. Бүдан оқушылар қосылғыштардың орны ауысқанымен, қосынды өзгермейді деген ережені өздері тауып, өздері қорытты. Ол түсінікті болу үшін, мына схема бойынша формуласын жазып тұжырымдадық.
a
a +
б
= с
к + т =
a
б +
a
= с
т + к =
a
с —
б
= a
П - П =
П
өз беттерінше
с —
a
= б
П - П =
п
жұмыс.
Оқулықтан 68-бет, №4 - есепті шығардық. Дүкеннен 9 қап картоп және одан 5 қабы кем сәбіз сатып алынды. Барлығы неше қап көкөніс сатып алынды?
-Есеп не жайыңда айтылған? (есеп көкөніс сатып алынған жайлы айтылған)
-Есепте не белгілі? (Дүкеннен 9 қап картоп және одан 5 қабы кем сәбіз сатып алынғаны ).
-Есепте небелгісіз? (қанша қап сәбіз және барлығы неше қап көкөніс сатып алынғаны)
Шартын тақтаға сызған соң оқушылар есепті шығарады.
1) 9-5=4 (қ)-сэбіз
2) 9+4=13(қ) - барлығы
5 кап кем у ? Жауабы: 13 қап
Бұдан кейін, балалар, біз қасқыр мен түлкі туралы көптеген ертегілер білеміз ғой. Бір күні ол екеуі бір себет балықты бөліп жемекші болды.Сонда қасқыр:
- Түлкі, сен маған қарағанда есепті жақсы шығарасың ғой, балықтарды сен бөлші"-депті. Сонда қу түлкі, қасқырдың аңқаулығын, есеп шығара алмайтындығын пайдаланып, былай бөліпті.
- Біреуі саған, екеуі маған, үшеуі саған, төртеуі маған, бесеуі саған, алтауы маған, жетеуі саған, сегізі маған, тоғызы саған, оны маған.
Сонда олардың әрқайсысына неше балықтан тиген? Оқушылар өз беттерінше шығарады.
Қасқырға тақ сандар 1+3+5+7+9 = 25 балық.
Түлкіге жүп сандар 2+4+6+8+10 = 30 балық.
Қайталай сабағы болғандықтан, балалардың өз беттерінше еңбектеніп, өз беттерінше қорытынды шығаруға байланыстықосымша материал есебінде Петерсон оқулығынан (2 — кл. I — бөл.) операциялар тақырыбын қарастырдық. Бұл тақырып, оқушыларға бұрыннан таныс болғандықтан қуана қарсы алды.