Жауабы:
1. Ғұндар мен монғолдарың қоғамдық құрылысы мен соғыс өнеріндегі ортақ белгілері.
Ғұндар бірлестігіне шыққан тегі әртүрлі тайпалар мен этникалық-саяси құрылымдар кірген. Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылы: сол, орталық, оң қанат болып үшке бөлінген. Ғұндардың жоғарғы билеушісі «тәңірқұт» лауазымын иеленген. Оны қытай деректерінде «шаньюй» деп атаған. Мемлекеттің шаньюйден кейінгі басты тұлғалары «түменбасы» деп аталатын бекзадалар болған. Ғұндар 24 руға бөлінген, оларды осы бекзадалар биледі. Ер азаматтардың барлығы өз руының жасағына тіркеліп отырған. Олар әскери жаттығулармен шұғылданып, қару-жарақ, жебелі садақ, қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған. Ғұндар соғыс кезінде қорған бұзғыш машинаны , тас атқыш техниканы қолданды. Сонымен бірге арбалардың үстіне мықты бекітілген жылжымалы шағын қалқа қамалдары болған. Олардың үстіне садақшалар тұрып, дұшпанға оқ жаудырған.
Монғол мемлекетін Шыңғысқан жеке басқарды. Жанында жаза білетін және басқа елдердің тілін түсінетін уәзірлері болды. Ол империяны 95 түмен әкімшілік билікке бөлді. Әрбір түменде 10 мыңнан адам болды. Түмендер аймаққа бөлінді. Әрбір мыңдық он жүздіктен , жүздіктер ондықтардан тұрды. Басқару жйесі ондықтардан басталды. Әскери басқару жағынан Монғолия аумағы мен халқы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді. Бұл ғұндардың мемлекетіндегі әскери жүйесіне ұқсайды. 1211-1215 жылдар аралығында Қытай жерін басып алып, олардың тас атып дуал құлататын, от лақтырып өрт шығаратын соғыс техникаларын қолға түсіреді.
2. ХХғ. басындағы «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде көтерілген мәселелер.
ХХғ. басындағы «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде көтерілген мәселелероқу-ағарту мен білім идеяларын бұғара арасына насихаттау және халықтың мұқтажыдығына бағытталды.
Қазақтардың рухани өмірі тарихына 1911 жыл тұңғыш ұлттық бейресми мерзімді басылымдар шыққан жыл ретінде енді. Сол жылдың қаңтарынан бастап қазақ тіліндегі бірінші журнал “Айқап” , шықты. «Айқап» журналы қазақ қоғамдық өміріндегі тұңғыш ықпалды журнал еді, сонымен қоса қазақ тілінде ұлттық рухты көтерген алғашқы журнал болды. «Айқап» осындай тонаушылық саясатының барынша белең алған тұсында жарық көрді. Сондықтан да бұл мәселелерді кеңінен жайды. Отырықшылық өмірге көшу, поселка, қала салу, егіншілікпен айналысу жөнінде пайдалы ұсыныстар жасап, кеңестер берді. Журналдың 1911 жылғы екінші санында жарияланған «Қазақ халқының мұқтаждығы» деген бас мақалада әуелі қолға алатын мәселе жер мәселесі екеніне назар аударып, отырықшылыққа көшіп, егіншілікпен айналысу қажеттігін насихаттады. Айқап» қазақ байларының озбырлығын, еңбекшілердің үстем тапқа, самодержавиеге наразылығын, ашу-ызасын білдіретін материалдарда жарияланды.
ХХ ғасырдың бас кезәндегә қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі С.Торайғыров «Айқап» журналында өзінің негізінен әлеуметтік теңсіздік тақырыбынна арналған алғашқы өлеңдері мен әңгімелерін жариялады.
А.Байтұрсынов 1913-1918 жылдар аралығында Орынборда қазақ тілінде шығып тұрған жалғыз «Қазақ» газетінің редакторы болды. Газетке халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелерін көтерген көптеген мақалаларын жариялады.
Достарыңызбен бөлісу: |