2. 1993 жылғы 1995 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституцияларының негізгі өзгерістері. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарды қабылданды. Конституция 4 бөлімнен, 21 тараудан тұрды. Конституцияның тұтастай тараулары мен баптары азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, қоғамға, оның негізгі құрылымына , отбасына, қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіруге арналды.
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан халқы республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Жаңа Конституция негізінде құқықтық мемлекетке бастау болатын демократиялық дамуды бекіткен конституциялық заңдар қабылданды. Мемлекеттік-құқықтық жүйені түбегейлі өзгерткен реформалар жүргізіліп, қазіргі мемлекетті басқару жүйесі қалыптасты. Мемлекеттік құрылым, еңбек ету құқығы –баршасы заңға бағындырылды
19- билет Түргеш қағанаты (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)
Қазақстандағы экологиялық проблемалардың негізгі себептері.
Аттила мен Шыңғысханның тарихта алатын орныны.
Жауабы: 1. Түргеш қағанаты (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы). Түргеш қағанаты - дулу тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этникалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш қағанаты екіге бөлініп кетеді. Біреуінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сұлу. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш", ал Сұлуға бағынған халықты - "қара түргеш" деп атаған.)
Түргештер Батыс Түрік қағанатындағы бес арыс ел дулаттың белді тайпасы. Шежіре деректерінде "сары үйсін" деп аталады.Түргештер Іле мен Шу өзені аралығында, Іле Алатауынан Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі өңірде көшіп-қонып жүрген. Бұл өлке мал шаруашылығына қолайлы, құнарлы өріс-қоныс болды. Сонымен қатар отырықшы егіншілік ошағы, біршама көркейген қалалары бар бай өлке еді. Шығыс пен батыс арасындағы сауда-керуен жолының осы өңірді басып өтетін басты бөлігі түркештердің бақылауында болды. Бұл жағдай түркештердің әскери-саяси және шарушылық қуатын арттыра түсті.
Түргеш қағанатында Үшліктен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сұлу қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер үш майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті, солтүстікте Шығыс Түркі Қағанаты күш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сұлу шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сұлу қағанды
арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды.