2.1916 жылғы көтерілісті 1929-1931 жылдардағы көтеріліспен салыстырып, ұқсастықтарын анықтаңыз. Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.
Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сондай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.
Көтерілістің негізгі себептері:
1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты);
2. Салықтар мен алымдардың көбеюі;
3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі;
4. Ұлттық араздықтың өршітілуі;
5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы;
6. Орыстандыру саясаты.
1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды. Бұл жағдай қазақ даласына үлкен қобалжу туғызды. М. Дулатұлы айтқандай: " жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды".
1916 жылғы 23 тамызда генерал - губернатор А. Куропаткиннің құпия бұйрығымен қара жұмысқа шақырудан босатылғандар: болыстық, ауылдық басқармалардың лауазымды адамдары; жергілікті бұратаналардан шыққан төменгі полициялық шенділер; имамдар, молдалар мен мүдәрістер; ұсақ несие мекемелеріндегі жоғары лауазымды жергілікті бұратаналар; дворян және ата – бабасынан бастап, сондай –ақ жеке басы құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын жергілікті ұлт өкілдері.
Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым салық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей тусті.
Өлкені талан-таражға салу бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіліп, ауқымды сипат алды. Қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж салығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді(негізінен, азықты)теміржол станциясына тасуға мәжбүр болды.
1929-1931 ж.ж Шаруалар көтерілісінің себебі неде?