Шоқанның Қашғар саяхатының мақсаты:
Жартылай отарлық жағдайға түскен Қытайды экономикалық жағынан өз мүддесіне пайдалануға Ресей барынша тырысты. Еуропалық отаршылдарға қарсы Қытай «жабық саясат» ұстады. Шығыс Түркістандағы Қашғария да еуропалықтарды өз еліне кіргізбеді. Шоқан бұл сапарға Ресей империясы тарапынан жіберіліп, Қашғарияны жан-жақты зерттеп қайтуы тиіс болды.
Шоқан бұл сапарға ғалым ретінде асқан зор қызығушылық танытты, ол Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті, географиялық жағдайы жайлы бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхара) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Шоқанның бұл еңбегі көп кешікпей Германияда және Англияда неміс және ағылшын тілдерінде жарық көрді.
Еңбекті Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеуші ғалымдар жоғары бағалады.
Шоқанның Қашғар сапарының ерекшелігі:
Шоқан Қашғария сапарына Әлімбай саудагердің атын жамылып, өз зерттеулерін құпия жағдайда жүргізуге мәжбүр болды. Аса қиын жағдайда өз өмірін қатерге тіге жүріп зерттеп қайтты.
14- билет
Неолит дәуірі және оның ерекшеліктері.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігі.
Дамыған орта ғасырлардағы (Х-ХІІІғ. басы) Қазақстан аумағындағы мемлекеттер және олардың орналасқан аймақтарын картаға белгілеңіз.
Жауабы:
Неолит дәуірі және оның ерекшеліктері.
Қазақстанда табылған неолиттік ескерткіштер негізгі белгілері жағынан бір-біріне ұқсас.Арал өңірінен:найзаның тас ұштары,жалпақ пышақтар, екі жүзді де өңделген жебе ұштары табылды.Солтүстік Қазақстандағы Пеньки селосы маңындағы тұрақта тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көбірек кездеседі. Балқаштың солтүстігінде шақпақ тастан жасалған ұсақ құралдар: тілікшелер, жаңқалар, нуклеустар және жебе ұштары көп кездеседі.Орталық Қазақстанда Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарынан үй малының сүйектері табылған. Жезқазған өңірінен 150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары табылды. Жерлеу орындарының үстіне тас үйген. Қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған. Адамды басын солтүстік-батысқа қаратып шалқасынан жерлеген. Бұл-неолит дәуірі адамдарының өзіндік дүниетанымы, о дүниеге деген сенімі болғандығының куәсі. Қазақстаннан неолит кезеңінің шамамен 600 (800) ескертіші белгілі. Олардың көбінің мәдени қабаты жоқ, бұлар адамдардың уақытша тұрақтары.Негізгі белгілері бойынша неолит ескерткіштері бір-біріне өте ұқсас және бір мәдени-тарихи топқа жатады. Дегенмен, табылған құралдардың, керамикалық ыдыстардың түрлеріне, олардың жасалу техникасының кейбір ерекшеліктеріне, шаруашылықты жүргізу сипатына қарай Қазақстанның неолиттік мәдениетін ғалымдар бірнеше аймақтық топтарға бөліп көрсетеді.Олар: Солтүстік-батыс Қазақстандағы неолиттік мәдениеттің ерекшелігі- пластикалық тас өндірісінің басым болуы және ыдысты әшекейлеуде геометриялық өрнектер көбірек болды. Арал, Шығыс және Оңтүстік-шығыс Қазақстанның ерекшелігі - әр түрлі құралдардың көп табылуы, геометриялық өрнектер кездеспейтіндігі, керамика- Оңтүстік-Орал (Ресей) және Андронов мәдениетіне ұқсас келеді.
Балқаштың солтүстігі мен Бетпақдала аймағының ерекшелігі-онда кремнийден жасаған ұсақ құралдар көп кездеседі, геометриялық формадағы құралдар өте аз, керамика мүлдем жоқ. Орталық Қазақстанның солтүстік аймақтар тобының ерекшелігі – тұрақтары мен кремний құралдар солтүстік Қазақстан аймағына ұқсас, кескіш құралдар өте аз, шаруашылықтың негізгі түрі-аңшылық. Жезқазған өңірінің ерекшелігі- 150 тұрақ, көне қорымдар мен обалар табылды.
Шығыс-Қазақстан аймақтық тобының ерекшелігі- қоныстар құралдарға өте бай, олар көбіне еңбек құралдары және құрамалы құралдар. Керамикалық бұйымдар мен қырғыштар оймышты өрнектермен көмкерілген.
Достарыңызбен бөлісу: |