І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»


Қазақстандағы экологиялық проблемалардың негізгі себептері



бет74/99
Дата17.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#69192
түріҚұрамы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   99
Байланысты:
к тарих 1 нуска
к тарих 1 нуска, к тарих 2 нуска
2. Қазақстандағы экологиялық проблемалардың негізгі себептері.

Табиғи пайдалы қазбалардың аса мол қорлары бар, бірақ табиғат қорғаудың құқықтық базасы жоқ, қндірістің төменгі мәдениетінің жағдайында Қазақстан аумағы ғылым мн техника жетістіктері тегеурінінің алдында қорғансыз болып шықты. Экономиканың дамуы, жаңа кен орындарын игеру, жаңа елді мекендер салу табиғи ресурстарды көп мөлшерде қажет етті. Ұзақ уақыт бойы республикадағы табиғи байлық сарқылмайтындай көрініп, ол экстенсивті жолменигерілді. Тек 80-жылдардың екінші жартысында ғана Қазақстанның экологиялық жағдайын сауықтыру мен оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалануға бетбұрыс жасалды. Алайда Қазақстандағы табиғатты қорғаудың іс-тәжірбиесі өте қанағаттанғысыз жағдайда еді. Жауапсыз шаруашылық қызметтің нәтижесінде топырақ эрозиясы республикадағы 5 млн гектардан аста жыртылатын жерді қамтыды.

Республикада химикаттар мен тыңайтқыштарды тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде су қоймаларының ластану оқиғалары да кең орын алды. Су мен ауаның ластануы адам денсаулығы үшін қте қауіпті, экологиялық тепе-теңдікті бұзатын, ең көп тараған проблемаға айналды. Республикада Семей полигонымен қатар аумағы жағынан кем түспейтін басқа да сынақ алаңдары салынды. Капустин Яр, Азғыр, Сарышаған полигондарында бірнеше мәрте жер асты ядролық жарылыстары жасалынды. Бұл сынақтар аймақтың экологиялық жағдайын одан әрі асқындырды.

Арал теңізінің тартылуына байланысты Арал апаты қалыптасты. Аралмен бір мезгілде табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде Балқаш проблемасы да қалыптасты. Балқаш алабын тиімсіз пайдаланудан 1970-1985 жылдары көлге құятын өзендер суыны көлемі азайып кетті. Металлургия кәсіпорындары өндіріс қалдықтарының әсерінен көлде ауыр металдар мен күкірт оксидтерінің мөлшері артты.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет