І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»


-1924 жылдары Қазақ АКСР- інің құрамына біріктірілген Қазақ жерлерінің аумақтарын картадан белгілеңіз. Қандай әкімшілік- аймақтардың кіргенін анықтаңыз



бет6/99
Дата17.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#69192
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
Байланысты:
к тарих 1 нуска

3.1920-1924 жылдары Қазақ АКСР- інің құрамына біріктірілген Қазақ жерлерінің аумақтарын картадан белгілеңіз. Қандай әкімшілік- аймақтардың кіргенін анықтаңыз.

1920 жылы 4 қазанда Қазақ АКСР-і құрылды. Қазақ жерінің байырғы жерін бір республикаға біріктіру мақсатында арнаулы комиссия құрылып, республиканың шекарасын белгілеумен айналысты.

1920жылы 22 қыркүйекте БОАК жаңа декретпен Қазақ АКСР құрамына Орынбор губерниясын қосты. Декрет бойынша Қазақ АКСР құрамына- Семей, Ақмола,Торғай, Орал облыстары, Маңғыстау уезі, Закаспий облысындағы Красноводск уезіндегі 4,5 Адай болыстары, Астрахан губерниясының Синеморье болысы, Бөкей Ордасы, бірінші және екінші Приморский округының қазақтар қоныстанған аймақтары енгізілді. Қазақ АКСР-нің қарамағында 1920 жылғы дерек бойынша 1871239 шаршы версті(1,07км) құрады. Бірақ қазақ жерін аумақтық жинау Қазақ АКСР-нің құрылуымен аяқталмады. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан АКСР-і құрамында, Семей мен Ақмола облыстары Сібір ревкомының қарамағында болды.

1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан Қазақ АКСР-не берілді. Сондай-ақ Ертіс пен Жайық бойындағы казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақтарға қайтарылды.



1924 жылы Орта Азиядағы кеңестік республикаларды ұлттық-аумақтық межелеу нәтижесінде Қазақ АКСР-і құрамына 1млн 468 мың халқы бар Сырдария (Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент, уездері, Әулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашөл уездерінің бір бөлігі) Самарқан облысы, Жизақ уезінің қазақтар тұратын болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады. Орынбор губерниясы Қазақстан құрамынан шығарылды. Республика аумағы 1/3-ге кеңейіп, 2,7 млн шаршы шақырымға жетті. 1925 жылы Кеңестерінің бүкілқазақстандық V съезінде, Қырғыз АКСР-і Қазақ АКСР-і деп өзгертілді.
2-билет

  1. Адам баласының биологиялық даму эволюциясы мен әлеуметтік ұйым формалары қалыптасуын талдаңыз.

  2. Қарқаралы петициясы және оның тарихи маңызы.

  3. ХVІІІ ғасырдағы патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілістер орын алған аумақтарды белгілеңіз және олардың маңызын анықтаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет