Қазақ тілі пәнінен №1 бақылау жұмысы (І оқу тоқсанының қорыт.б-ша)
10-сынып Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және сауатты жазуларын қадағалау; тоқсан бойынша алған білімдерін анықтап, бақылау, қорытындылау.
І нұсқа 1. Мәтінді түсініп оқып, төменгі тапсырмаларды орындаңдар Біз отбасы бюджетін жоспарлаймыз Біздің отбасылық бюджетіміз ата-анамның табысынан құралады. Ол - ата-анамның еңбегінің нәтижесі. Олар табысқа қол жеткізу үшін еңбек етеді. Табыстың көзі - еңбекте. Ата-анам отбасының айлық кірісі мен шығысын есептеп, үнемі отбасы бюджетін жоспарлап отырады. Көбіне отбасы бюджетін бір айға жоспарлайды. Бюджет - белгілі бір уақыт ішіндегі (ай, жыл) барлық кіріс пен шығыстың жиынтығы. Осылайша ата-анам отбасы бюджетінің шығысы мен кірісінің тең болуын қадағалайды. Ол отбасы бюджетінің қалыпты болуына көмектеседі. Бюджетті жоспарлау қаражатты тиімді пайдалануға көмектеседі, отбасының қажетін қанағаттандырады.
Ата-анам шығындарды жоспарлап, міндетті төлемақылардың тізімін жасайды. Одан кейін ең қажетті тұрмыстық заттардың, азық-түліктің тізімін жасайды. Кей кездері кірістен шығыс көп болады. Ата-анаммен бірге мен де өз шығынымды қадағалауға тырысамын.
Мәтінге 3 сұраулы сөйлем құрастырыңдар:
Атау септік______________________
Ілік септік_______________________
Барыс септік_____________________
Табыс септік_____________________
Жатыс септік_____________________
Шығыс септік____________________
Көмектес септік___________________
( )