ІІ. Жаңа оқу жылының мақсаттары: 1. Мектептің ішкі тәртіп ережесін назарға алу;
2. Сыныпта бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға, сыпайы қарым-қатынас жасауға баулу,қоғамдық мүлікке жанашырлықпен
қарауға дағдыландыру;
3. Сыныпта, отбасында, күнделікті өмірде салауатты өмір салтын насихаттау;
4. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Отан алдындағы парыз ұғымын қалыптастыруға үйрету .
ІІІ. Міндеттері: 1. Әрбір адамның ар мен намысын құрметтей отырып, өзін кез келген жағдайда лайықты ұстау;
2. Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға , өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу; мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау;
1.Өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу;
2.Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.