1.3. Паскаль тіліндегі программаның негізгі құрылымы.
Паскаль тілінде кез-келген программаның мәтіні бірнеше бөлімнен тұрады:
-
программа тақырыбы
-
сипаттау бөлімі
-
операторлар бөлімі
Программа тақырыбы.
Программа тақырыбының құрылымы:
Program программа атауы;
Ескертулер:
-
Программа атауы үшін латын алфавитінің әріптері, цифр және __ астын сызу белгісі қолданылады
-
Атаудың бірінші символы цифр болмау керек.
-
Атауда бос орын белгісі қолданылмайды.
Программа тақырыбына мысалдар:
Program Geron;
Program Min;
Program Summa;
Program P_1;
Сипаттау бөлімі.
Көптеген программалау тілдерінде, сонымен қатар Паскальда программада қолданылатын шамалар жөніндегі барлық ақпарат программаның сипаттау бөлімінде міндетті түрде көрсетілуі қажет. Сипаттау бөлімдері төмендегідей бөлімдерден тұрады:
-
Таңбалар бөлімі
-
Тұрақтылар бөлімі
-
Типтер бөлімі
-
Айнгымалылар бөлімі
-
Процедура мен функциялар бөлімі
-
Достарыңызбен бөлісу: |