И. Р. Гальперин шетел ғалымдарының лингвистикалық құралдар туралы ойлары мен пікірлерін айта келіп, мәтінге мынандай анықтама береді: Мәтін бұл белгілі бір мақсатқа көзделген және прагматикалық құрылғылары бар, ле



бет1/3
Дата31.08.2024
өлшемі76,07 Kb.
#203770
  1   2   3
Байланысты:
КМЛТ Дәріс 1


КМЛТ Дәріс 1


Мәтін дегеніміз не? Мәтін не үшін керек?
Мәтін ойды білдіру құралы ма? Мәтін синтаксике қатысты ұғым ба?
Мәтін тіл білімінің тек бір саласына, мысалы, синтаксиске ғана қатысты ұғым емес. Мәтін – тілдің барлық деңгейлеріндегі бірліктердің – дыбыстан бастап сөйлемге дейінгі бірліктердің жүзеге асатын қызмет орны болып табылады. Алайда мәтін тек өзге тіл бірліктері үшін қызмет ортасы, контекст ретінде қарастырылмауы керек. Ол жан-жақты әрі терең, кешенді талдаулар арқылы танылатын күрделі сөйлеу бірлігі болып табылады.
Ғалым Т.М. Дридзенің түсінігінше, «мәтін қатынас бірлігі, қатынас жасау мақсатында мағыналы ақпараттың құрылымы және мағына ұйымдастырудың анықталған әдісі, тұлғаның себепті және мақсатты бағытталған зерделі де ойшыл әрекетін іске асыру, басқа адамдармен материалды-практикалық әрекет алмасуға ұмтылу».
И.Р. Гальперин шетел ғалымдарының лингвистикалық құралдар туралы ойлары мен пікірлерін айта келіп, мәтінге мынандай анықтама береді: «Мәтін – бұл белгілі бір мақсатқа көзделген және прагматикалық құрылғылары бар, лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланыстардың әртүрлі типтері біріктірілген, құжатқа сәйкес әдеби байланысы және соған сәйкес тақырыбы бар, аяқталған ойға ие, сөйлеу шығармасы», - деп қарастырады [2, 18]. И.Р. Гальпериннің өзі мәтіннің негізгі белгісі оның аяқталғандығында және оның тақырыбы болуында дейді.
Бірақ кейбір мәтіндерде (лирика, медиа мәтін) тақырып болмауы да мүмкін.
Мәтінде не туралы айтылады? (Мәтін арқылы қандай да бір ақпарат беріледі ме?)
Мәтін – ақпараттық, құрылымдық және қатысымдық тұрғыдан өзара байланысқан сөйлеудің ең жоғары және көпқырлы динамикалық бірлігі.
Ақпараттық, құрылымдық және қатысымдық тұрғыдан өзара байланысқан сөйлеудің ең жоғары және көпқырлы динамикалық бірлігі ретінде мәтінді талдау да, мәтінді талдау әдістемесі де күрделенді.
ХХ ғасырдың екінші жартысында мәтін теориясына қатысты еңбектер орныға бастады. Мәселен, И.Р. Гальперин мәтінді лингвистикалық зерттеудің нысаны ретінде қарастырды. Ал тілші ғалым Т.М. Николаева мәтін лингвистикасының өзіндік ерекшеліктері арқылы қалыптасқан екі бағытты көрсетті:
1) мәтіндік құрылыстың дұрыстығын, сол арқылы коммуникацияның дұрыс жетуін білдіретін және талдайтын бағыт;
2) нақты бір мәтіннің терең мағыналық қырларын ашуға бағытталды. Яғни, мәтін талдауға қажетті құралдар мен принциптері.

Мәтін лингвистикасының дамуы жаңа бағыттар, жаңа тәсілдер, жаңа ұғымдар, тың көзқарастардың тууына негіз болды. Бұл салада көптеген монографиялар мен мақалалар жарық көрді, оқу құралдары жазылды, конференциялар мен симпозиумдар өткізілді.


Мәтін теориясында көптеген нәтижелерге қол жеткізген неміс тілші ғалымы П.Хартманн өз еңбектерінің бірінде: «Қазіргі кезде мәтінді оқытуға негізделген лингвистика бар. Лингвистиканың бұл саласы тілдік зерттеулердің ең нәтижеге бай саласы. Ол лингвистикадағы қызығушылық диапозонын кеңейтеді және лингвистикалық пікірлердің топтамасына жол ашады. Лингвистиканың аталған жаңа саласын зерттеу ісі лингвистикалық зерттеулердің жаңа бастамасы болды»,- дейді [5,135].
ХХ ғасырдың екінші жартысынан негізі қаланған мәтін лингвистикасы бірнеше ғылымдар тоғысынан пайда болған ғылым саласы. Ол – тіл көркемдігін сипаттайтын дәстүрлі стилистикадан бастап, адам танымына жетелейтін когнитивтік лингвистика, философияға дейінгі аралықты қамтиды.
Мәтін лингвистикасы қазіргі кездегі тілдік ғылыми ой-сананың дамуындағы жаңа үрдістер – экспансионизм (бірнеше ғылымдардың тоғысуы арқылы жаңа «қосарланған» ғылымдардың пайда болуы) мен антропоцентризмнің («тілдегі адамды» жан-жақты тануға бағытталған), функционализм (тілдің қолданысын, қолданыс барысындағы мағынасын зерттеуге бағытталған) және экспланатарлық зерттеулердің нысанына айналды. Атап айтсақ, психолингвистиканың, когнитивтік лингвистиканың, гендерлік лингвистиканың, этнолингвистиканың, функционалды грамматика мен қатысымдық тіл білімінің зерттеу нысанына айналып, әдебиетші, тілші ғалымдар мен зерттеушілердің зерттеулерімен жан-жақты толықты. Мәтін талдауға қатысты, соның ішінде көркем мәтінді зерттеуге қатысты ізденістер жаңа қарқын алып, мәтінді зерттеудің бағыттары іштей ажыратыла бастады.
Мәтін лингвистикасы қазіргі заманғы білім білім берудің жаңа парадигмасына сүйенеді, - «өміршең» білімнен «өмірлік» білім беру идеясына бағынады, жеке тұлғаны қалыптастыруда ғылыми-танымдық, ізденімдік-зерттеушілік, шығармашылық әрекеттерге сүйенеді. Сондықтан да жеке тұлғаның психологиясына әсер ете отырып білім беру басымдық алады. Ал психологияның лингвистикамен байланысында психолингвистика жатыр, оның аспектісінде таным теориясы қарастырылады. Таным тыңдау арқылы, тану арқылы, түсіну арқылы, көру арқылы қалыптасады. Жеке тұлғаның бойына мұндай жан жақты құзыреттілікті тіл білімінде мәтін талдау әдісі арқылы дарытуға болады. Білім беру мазмұны мен формасының, құрылымдарының өзгеруіне байланысты барлық пәндерді оқытудың әдістемелік жолдарын арнайы қарастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.

Гальперин мәтін сөйлеу шығармасы дейді. Ғалымның пікірінше, мәтінде шығармашылық бар (параметрдің болатынын). Демек ғалым мәтінге қағаз бетіндегі ауызша сөйлеуді де қосып отырғанын түсінуге болады.


Ауызша сөйлеу – бұл қозғалыс, ол аяқ астынан туындауы мүмкін екенін жақсы білеміз. Ал, мәтін дайындалмаған сөйленім емес, алдын ала қағаз бетіне түсірілген, тілдік бірліктердің ережелерін сақтайтын тұрақты үдеріс. Демек автор мәтіннің екіжақты табиғатын – қозғалыссыз және қозғалмалы жақтарын көрсетеді.
Мұны тарқатар болсақ, мәтін кезегімен әртүрлі бірліктерде сипатталса, онда қозғалыссыз жағдайдың (имплицитті) белгілері болады. Жалпы мәтінде бірнеше код болады. Біріншісі – хабарлама коды. Егер мәтін өндірілсе (оқу), онда хабарлама қайта кодталады. Екіншісі – семантикалық код, мәтінді түсіну үшін кездесетін атауыштардың біріктірілуі. Үшіншісі - мәдениет коды. Мәтінде баяндалып отырған жағдайға байланысты сол замандағы мәдениеттен керекті мәліметтер беріледі. Төртіншісі - герменевтикалық код, хабарламадағы тапсырмалар мен жауаптардың тұжырымдалған жинағы. Бесіншісі - таңбалық код, жабық түрдегі қорытындыланған хабарламалардың ішкі психологиялық себептері [3, 139].
Көркем мәтінді лингвистикалық талдаудың өзіндік ұстанымдары болады.
Қазақ прозасының тарихы тереңде, сондықтан таңдап алынған мәтіннің ішкі және сыртқы факторларында ескерген жөн.
Қазақ тілін мәтін арқылы деңгейлеп оқыту барысында неше түрлі мәселелер туындайды. Осындай мәселелердің алдын алуда арнайы ұстанымдарды ескерген жөн. Көркем мәтінді талдауда келесі ұстанымдар басшылыққа алынған:
– Тарихилық ұстанымы
Әлеуметтік танымдық ұстаным
– Автордың дара стилін айқындау ұстанымы
– Функционалдық ұстанымы
– Концептуалдық, семантикалық қстаным
– Автор-кейіпкер категорияларының қатынасын басшылыққа алу ұстанымы
– Мазмұн мен форманың бірлігі ұстанымы [4, 28].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет