И. Р. Гальперин шетел ғалымдарының лингвистикалық құралдар туралы ойлары мен пікірлерін айта келіп, мәтінге мынандай анықтама береді: Мәтін бұл белгілі бір мақсатқа көзделген және прагматикалық құрылғылары бар, ле



бет2/3
Дата31.08.2024
өлшемі76,07 Kb.
#203770
1   2   3
Байланысты:
КМЛТ Дәріс 1

1. Тарихилық ұстанымы. Кейбір авторлардың шағармаларын талдауда мағынасы түсініксіз сөздердің тарихына тоқталып, мағынасына талдау жасау маңызды. Мәселен, Махамбет Өтемісұлы, Абай Құнанбайұлының өлеңдерін талдауда. Неге бұл ақындарды атап отырмыз? Себебі ақындардың өмір сүрген дәуірі олардың шығармаларындағы мағыналары күңгірт, көпшілікке беймәлім сөздер баршылық. Олар түсіндіруді ерекше қажет етеді. Мысалы, М.Өтемісұлының «қалықпандай», «тарпаңдай», «керіскен», «бұлан», «қырқарлану» т.б. осы сынды сөздердің семантикасына талдау жасау керек (әйтпегенде мектеп оқушысы не оқып отырғанын түсінбейді). Жалпы, ақынның өзіне тән салтанатты, ұранды, мағынасы көтеріңкі, салтанатты мазмұнды сөз қолданыстары көптеп кездеседі және олар ерекше тартымды.
2. Осы ұстаныммен орайлас әлеуметтік-танымдық ұстаным. Ол дегеніміз, ақын-жазушылардың өмір сүрген ортасын суреттеп қана қоймай, сол ортаның құндылықтарын бейнелейтін сөздерге ұғым-түсінік берілуі, олардың әлеуметтік мәніне тоқталу маңызды. Мысалы, «закүншік», «старшын», «арызшы», «пысық» т.б.
3. Автордың дара стилін айқындау ұстанымы. Кез келген шығарма оның авторының шығармашылық болмысын танытады, сол себепті шығарма арқылы автордың тілдік шеберлігін жіті көзбен байқап көре білу ерекше байқампаздықты қажет етеді. Авторлық жаңа қолданыстарды тауып, автордың әдеби тілге қосқан үлесін, тілдегі жеткен табысын анықтауға ерекше мән беру қажет. Мысалы, Абай шығармаларындағы «ғылым бағу», «ғылым табу», «ғылым іздеу», «ғылым оқу», «ми кептіру» сияқты сөз қолданыстары авторлық даралықты айқын танытатын мысалдар.
4. Функционалдық ұстаным. Шығарманы талдауда тіл бірліктерінің мағынасын нақты контекстегі қызметі тұрғысынан, сол контексте алып қарастыру. Функционалдық ұстаным бойынша, мәтіннің тілдік ұйымдасуына тірек болған тілдік деңгейлердегі әрбір тілдік бірлікті талдау маңызды. Атап айтсақ, лексикалық бірліктердің, грамматикалық тұлғалардың, дыбыстардың қолданысы функционалдық аспектіде қарастырылуы керек.
5

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет