3 ГРАММАТИКА МЕН ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Партиямыздың Орталық Комитетінің 1932 жылғы 25 тамызда қабылданған «Бастауыш және орта мектептің режимі мен оқу программалары туралы» қаулысында оқытудың негізгі мына әдістері атап көрсетіледі:
Мұғалімнің оқу материалдарын ауызша мазмұндау әдісі.
Оқулықты және басқа кітаптарды пайдалана білу әдісі.
Оқушыларға өздіктерінен жазба жұмыстарын орындату әдісі.
Оқу шеберханасында, кабинет пен лабораторияда оқыту әдісі.
Қазіргі кезде мектептерде негізінен мынандай әдістер қолданылады:
мұғалімнің хабарлауы,
оқушылармен әңгімелесі,
оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы.
Хабарлау әдісінде грамматика сабақтарында керекті мәліметтерді мұғалімнің өзі баяндап айтып береді. Мұнда оқушылардың зейінін аударып, айтылғандарды олардыңжақсы ұғынуларын қамтамасыз ететін түрлі құралдар қолданылады.
Материалдарды түсіндіруде мұғалім өтіліп отырған құбылыстың мәнді белгілерін анық, жүйелі ашып көрсетуге тырысалы. Мысалы, түбірлес сөздің белгілері, т.б. Дайын материалдар (мысалы, жеке сөздер, сөйлемдер) беріп, олардың бақылау әрекеттеріне басшылық ете отырып, бірте-бірте қорытындыны балалардың, өздері шығаруға жағдай жасайды. Мұнда оқушылардың бұрыннан алған білімдерін қайта жаңғыртады, сұрақтар қояды т. с. с. тәсілдер арқылы балаларды жаңа материалға белсенді араластырып отырады.
Мұғалімнің материалды баяндау ұзақтығы 3—5 минуттан артық болмауға тиіс, өйткені бастауыш сынып оқушыларының зейіні ауытқығыш болғандықтан, олар тақырыпты түсіндіргенде ұзақ тыңдап отыра алмайды. Осының салдарынан бұл әдіс таза күйінде бастауыш сыныптарда өте сирек қолданылады. Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикамен жазуға үйретуде кеңінен қолданылатын әдіс әңгіме әдісі болып табылады.
Әңгіме әдісі немесе сұрақ-жауап әдісі, ал кейде эвристикалық (грек сөзі — «эврика» — таптым) әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, оқушылар оқулықтардан оқып немесе өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа аударуды қамтамасыз етеді.
Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. Әңгіме кезінде оқушылардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қойылады, оны оқушылар өздері шешуге тиіс. Мысалы, оларға бақылауға бірнеше сөз
немесе сөйлем беріледі, соның ішінен мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы, қайда сұрағына жауап беретін, әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді (мысалы, қалаға, қалада т. б.) табу керек.
Міндет: сол зат есімнің қай септікте тұрғанын шешу және өз шешімінің дұрыстығын дәлелдеу. Бірақ бастауыш мектептерде мұндай проблемалық жағдаяттар мүмкіндік болған жағдайларда ғана (балалардың білімі, тәжірбиесі, дайындығы, бағдарламалық талаптар, уақыттың болуы) қойылады.
Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмысы — олар-
дың| түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің кө-
мегінсіз орындаулары. Мысалы, мұғалім грамматика-
лық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді.
Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазбаша
жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өз-
діктерінен орындалғанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, ол жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады.
Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстары бастауыш сыныптарда ұзақ болмауы керек және көлемі шағын, мазмұны оңай болуға тиіс. II сыныпта 5—10 минут, III сыныпта —10—15 минут, IV сыныпта 15—20 минуттық тапсырмалар беріледі. Кейбір жағдайларда тапсырмалар бөліктерге бөлінеді: әуелі сөз табына қарай талданады, сонан соң септік жалғаулары анықталады т. б.
Оқушыларға өздіктерінен жұмыс істету тек білімді бекіту үшін ғана емес, жаңа материалды түсіндіруде де қолданылады. Мысалы, мұғалім оқулықтан тиісті материалды оқытады, онда не айтылғанын, қалай қорытылуға болатынын ойлануды тапсырады немесе белгілі бір ережені оқытып, мысалдарды талдауға осы ережені қолдануды тапсырады.
Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы да оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Алайда жаттығудың ұғымы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатудан кеңірек. Жаттығу—мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас практикалық жұмыс. Жаттығуда уақытқа шек қойылмайды. Ал оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстарына белгілі мөлшерде уақыт беріледі.
Көрсетілген әдістердің қайсысы болмасын, балалардың ақыл-ойын дамыту мақсатын көздейді. Бір жағдайда оқушылар талдау жасаса, екіншіде оны жинақтайды. Мысалы, грамматикалық талдауда фонетикалық немесе фонетико-графикалық (дыбыстық-әріптік), морфологиялық, синтаксистік, орфографиялық, пунктуациялық талдау жасайды. Сонымен қатар берілген әріптерден сөз, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден мәтін құрастырып, жинақтайды.
Жинақтау балалардың алған білімдерін байланыстырып, жинақтауда да іске асады. Мысалы, зат есімнің белгілерінің қандай екенін (заттың атын білдіреді, кім? не? сұрақтарына жауап береді, септеледі, жіктеледі, тәуелденеді) санамалап айтып шыққаннан кейін, зат есім дегеннің не екені жөнінде анықтама құрастырады.
Әдетте талдау немесе жинақтау бөлек қолданылмайды. Мысалы, оқушы зат есімді талдайды, тұлғаларын көрсетеді, анықтамасын айтып, мысалдар келтіріп, айтқандарын дәлелдейді, сөздерден сөйлем құрастырады, бір сөзді екіншісімен салыстырады (зат есімді сын есіммен, етістікпен немесе керісінше т.с.с.). Міне, мұнда талдау да, жинақтау да қолданылады. Жұмыстың мұндай тәсілдері талдау-жинақтау (аналитико-синтетикалық) әдісі деп аталады.
Талдау мен жинақтауда әсіресе оқылып отырған құбылыстың ұқсастығы мен ерекшеліктерін табу, оларды топтау, жүйелеу сияқты жұмыстардың маңызы зор.
Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға оқушылардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай, индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде (индуктивтік жағдайда), тіл құбылыстарын жеке-жеке түсіндіріп, сонан жалпы қорытынды шығартады; бұл жолда қолданылған әдіс индуктивтік деп аталады, ал екінші жағдайда (дедуктивтік әдісте) анықтаманы немесе ережені хабарлап, сонан соң оны нақты материалға қолдануды (берілген сөздерді, сөйлемдерді немесе мәтінді талдауды) ұсынады, өздеріне мысал келтіртеді. Мұндай жолмен ұйым-дастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс деп аталады.
Мысалы, «Үстеу» тақырыбын индуктивті әдіспен түсіндіргенде, балалар ішінде үстеу бар сөйлемді талдайды, үстеу сөзді өзгертуге тырысады, оның өзгермейтініне көздері жетеді. Сонан соң үстеу сөз табының өзгермейтін түрі деген қорытынды шығарады. Онан әрі үстеудің сөйлемде негізінен сын есіммен, етістікпен байланысып келетінін айтады. Ал осы тақырыпты дедук-тпвтік әдіспен түсіндіргенде: әуелі үстеудің белгілері немесе анықтамасы айтылады. Сонан соң дайын мәтіннен үстеуді табу немесе мысалдар келтіру ұсынылады.
Сөйтіп, балаларды грамматика мен жазуға үйретуде индукция мен дедукция әдістері де қолданылады.
Қандай әдіс болмасын әр түрлі құралдар арқылы іскс асады. Мұндай құралдар: оқулық, сөздік, схема, картина, таблица,, кинофильм, диафильм, радио, магнитофон т. б. Бұл құралдар өтілетін материалдың сипатына қарай, кез келген әдісте қолданыла береді. Мысалы, сөз тұлғасын талдауда схемалар, сөз табы мен онын, жазылуын үйреткенде таблицалар т. с. с.
Сұрақатар:
1. Бастауыш мектептегі қолданылатын оқыту әдістері қандай?
2. Эвристикалық, проблемалық әдістерді қалай түсінесіз?
3. Аналитикалық-синтетикалық әдіспен үйрету деген не? Грамматикадан бір тақырыпты алып, осы әдіспен оны қалай үйретер едіңіз? Айтып беріңіз.
4. Индукция, дедукция деген не, олар грамматикада қалай қолданылады?
4 ГРАММАТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖАЙЫНДА
Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдың негізгі, басты ой түйінін ұғына алатындай болуы керек. Ол үшін алдымен тақырыпқа көңіл аударылады. Мысалы, «сөз таптары» тақырыбы «зат есім», «сын есім» т. б. с. с. бөлінеді, ал зат есімнің өзі «жалқы есім», «жалпы есім» және жекеше, көпше т. б. болып бөлінеді. Бұл тақырып, тақырыпшалардың әрқайсысының неліктен бұлай аталуының мәні, себебі бар. Оқушылар әрбір тақырыптағы тақырыпшалардың мәнін, тақырыпшалардағы әрбір абзацтың мәнін аңғарып, сол әрбір абзацтағы айтылған мәселелердің негізгі ойы тақырыпшаны, әр тақырыпшаның барлығына ортақ негізгі ойдың тақырыпты құрастырып тұрғанын айыра алатындай болу керек. Олай болса, әрбір материалды пайдалануда соның басты белгілерін, яғни беріліп отырған ұғымның мазмұнын қандай белгілер құрастырып тұр, сол тілдік құбылыстың табиғаты неден көрінеді, басқа құбылыстардан қалай ерекшеленеді — осылар ашып көрсетілуге тиіс.
Мысалы, «зат есім» ұғымының мазмұнын ашу үшін «есім» деген сөздің өзінің мағынасы, ал зат есім деген затқа қойылған ат, яғни заттың атын білдіретін сөздер екені айтып түсіндіріледі. «Зат есім», «сын есім», «сан есім» деп аталатын сөздердің неліктен есімдер тобына жататыны, олардың өзара ұқсас, ортақ белгілері, басқа сөз таптарынан айырмашылығы т. б. балаларға ұғындырылады.
Грамматикалық ережелердің көпшілігі оқулықтарда анықтама ретінде беріледі («Заттың сынын білдіретін сөздерді сын есім дейміз», «сөздің өзгермейтін бөлшегін түбір дейміз» т. б.). Оқушыларға осы сияқты анықтама-лардың әрқайсысының қандай бөлшектерден тұратынын көрсеткен жөн:
1. Әрбір анықтаманың міндетті түрде термині болады (Мысалы, жоғарыдағы анықтамаларда сын есім, түбір терминдері).
2. Әрбір анықтамада сол ұғымның өзіне тән басты белгісі көрсетіледі. Бұл басты, негізгі белгі арқылы ол ұғым басқа ұғымдардан ерекшеленеді (мысалы, сынын, сөздің өзгермейтін бөлшегін т. б.).
3. Кейбір анықтамаларда түсіндірілетін ұғымның қандай топқа жататыны көрсетіледі (мысалы, сынын білдіретін сөз табын сын есім, жұмсалатьш қосымшаны жалғау дейміз т. с. с).
4. Анықтамаларда әрбір категорияньң негізгі мағыналарынан басқа формалық белгілері де көрсетіледі (мысалы, зат есімнің көпше түрін жасау үшін оның түбіріне -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер жалғаулары жалғанады т. б.). Мұндай формалық белгілерін көрсететін түсіндірмелер анықтамалардан кейін беріледі. Әсіресе бастауыш сыныптарға арналған оқулықтарда көпшілігіне негізгі мағыналары мен сұрақтары басты белгілері ретінде көрсетіледі.
Формалық белгілерді жинақтап, топтап (синтездеп) сол категорияның басқалардан семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерін көрсету үшін пайдалану керек. Кейде тіпті анықтамаларда айтылмаған белгілердің өзін жаттығу барысында байқатуға тура келеді. Мысалы, кітапта: «Аяқталған ойды білдіретін сөздер тобын сөйлем дейміз» деген анықтама берілген. Бұл — сөйлемнің мағыналық қана белгісі. Ал басқа белгілері (сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты болады. Әр сөйлемнің аяқталғанын дауыс ырғағынан байқауға болады т. с. с.) анықтамада көрсетілмейді. Бірақ оқушылар сөйлемдермен танысу, оларды талдау барысында сөйлемнің қалған (айтылмаған) белгілерін де меңгереді. Олар сөйлемдегі сөздердің бастауыш пен баяндауыштың маңына топталатынын, сондай-ақ сұраулы, хабарлы, лепті сөйлемдерде белгілі бір дауыс ырғағы болатынын біледі.
Ендеше, сөйлем туралы түсінікті қорытындылау барысында оқушылардың көңілін тек анықтамада көрсетілген белгіге ғана аударып қою жеткіліксіз, сонымен қатар сөйлем жөнінде олардың алған мағлұматтарын толық жинақтап нақтылау бала ұғымынын, айқындала түсуіне мүмкіндік береді.
Әрбір анықтаманы оқушылар саналы меңгеру үшін мұғалім:
1. Оқушының грамматика оқулықтарынан ғана мысал келтіріп қоюымен қанағаттанбай, өз ойынан немесе «Ана тілінен», оқыған кітаптарынан ойланып, мысал айтуын талап етеді.
Анықтама өтілгеннен кейін дайын мәтін береді де,
соның ішінде анықтама бойынша қажетті сөзді немесе
сөз тіркестерін тапқызады. Кей балалардың өздері ойлап
тапқан мысалдарын талдату арқылы пікірлерін дәлел-
деуді талап етуге де болады.
Анықтама бойынша берілген ұғымның негізгі бел-
гілерін санап көруді ұсынады.
Анықтамалар мен ережелерді дәл, анық, толық
айтуға үйретеді (мысалы, III сыныпта «заттың атын біл-
діретін сөз табын зат есім дейміз» деп, зат есімнің сөз
табы екендігіне назар аудартады). Сонымен, қорыта келгенде, балалардың терминдерді (бастауыш, баяндауыш, зат есім т. б.) дұрыс айтып, анықтамаларды дәл, анық, толық (жоғарыдағы талап бойынша) тұжырым-дауларымен де қанағаттанып қоюға болмайды. Әрбір анықтама бойынша, олар өз беттерімен мысал келтіре алумен қатар грамматикалық тапсырма мен берілген мазмұндама, шығарма жаза алатындай мүмкіндікке жете алғанда ғана оны меңгерді деп есептеуге болады. Бірақ, сөз жоқ, бұл талаптың барлығы бірді-екілі сабақта орындалуы тиіс деген ұғым тумауы тиіс. Бұл ұзақ жаттығудың, бірнеше сабақ бойына өткізілетін жүйелі жұмыстардың нәтижесінде ғана қалыптасады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Оқулықтарда грамматикалық ережелер қалай берілген? Бұл сұраққа жауап беру үшін III-IV сыныптарға арналған «Қазақ тілі» оқулығындағы ережелермен танысыңыз.
2. Грамматикалық материалдар қалай пайдаланылады?
3. Бір сөз табының анықтамасын мысалға келтіріп, қандай бөліктерден тұратынына талдау жасаңыз.
4. Бір категория бойынша қандай түсінік берер едіңіз, мысалмен дәлелдеп айтып беріңіз.
5. Оқушылар материалды саналы түсіну үшін мұғалім қандай талаптар қояды?
Достарыңызбен бөлісу: |