I т а р а у Ќазаќ тілін оќыту методикасыныњ ПЅНІ


ОҚУ САБАҚТАРЫНДА БАЛАЛАРДЬіҢ



бет34/59
Дата11.01.2022
өлшемі1,64 Mb.
#111277
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   59
Байланысты:
Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі
9 ОҚУ САБАҚТАРЫНДА БАЛАЛАРДЬіҢ ДАҒДЫЛАРЫН, ШЕБЕРЛ1КТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ

«Ана тілі» сабақтарында мұғалім балалардың қаншалықты саналы, дұрыс оқуларын бақылай отырып, анықтай алады. Сыныптан тыс оқығандары бойынша әңгімелесу және өз беттерімен оқыған кітаптарынаи түсінгендерін айтып беру балалардың оқуға қаншалықты ынталы екендігін, шығарманың идеясы мен мазмұнын қаншалықты терең түсінген-түсінбегендерін көрсетеді. Сонымен бірге оқуы кем балаға дұрыс, саналы және шапшаң оқу дағдысын қалыптастыруға, жетілдіруге уақытында көмектесу үшін, оны жүйелі түрде есепке алып отыру керек. Мұндай есеп әсіресе I, II және III сынып оқушыларына қажет.

Мұғалім дағды мен іскерлікті (шеберлікті) есепке алу үшін бөлек дәптер арнайды. Онда әрбір оқушыға бірнеше жол орын береді де, сыныпта оқыған кезде жіберген кемістіктерін белгілеп қояды.

Бірінші сынып үшін дағдылары мен шеберліктерін толық есепке алатын схема жасауға да болады. Мысалы:

Фами-лиясы, аты

Қате саны

Оқу тәсілі

Бір минут-та оқыған сөз саны

Оқығанын түсінеді

Мәнерлі-лік

Баға





әріптеп

буындап үзіп

буындап созып

тұтас сөз









Омаров Асан

3





ИӘ



24

ИӘ

нүктеде пауза жоқ

3

Салменов Серік

1




қиын сөз-

дерді


г




29

ИӘ

нүктеде дауысын бәсеңдет-пейді

3


Бастауыш сынып оқушыларының дағдыларын, шебер­ліктерін есепке алу үшін, бағдарламалық талаптарға орай, аудандық әдістемелік кабинеттің ұсынған формасы пайдаланылады.

II сыныптан бастап іштен оқуға мұқият көңіл аударылады, іштен шапшаң оқу сағат арқылы тексеріледі: оқудың басталу уақыты белгіленеді, балалар оқып болғанда қол көтереді, мұғалім ең асығыс оқушылар мен ең жай оқитындарды белгілейді.

Саналы оқу ауызша және жазуша тапсырмалар ар­қылы тексеріледі. Мәтінді асығыстықтан шала түсінген оқушымен арнайы сабақ өткізіледі.

Оқу жылының басында және әр тоқсанның аяғында барлық оқушының дағдылану дәрежесі тексеріледі. Бүл үшін көлемі қысқа жаңа бір беріледі. Оны дауыстап оқыту арқылы мұғалім оқудың дұрыстығын, орфо-эпиялық норманы сақтау жөнінде кімнің қалай оқыға­нын белгілеп отырады. шапшаңдық белгілі бір уақыт мөлшерінде қанша сөз оқығанымен, ал саналылық сұраққа жауап беру сияқты жұмыстармен өлшенеді.

Мәтінді саналы қабылдау арнайы берілетін тапсырмалар арқылы да тексерілуі мүмкін. Хабарлама сипатындағы мәтін үш немесе төртке бөлінеді де, араластырылады. Оқушы оны оқып, әр бөлікті жүйесімен біріктіруі тиіс. Мұны әрі тез, әрі дұрыс орындаған оқушы саналы қабылдауға жақсы дағдыланған болып есептеледі.

Екінші бір жағдайда балалар оқыған мәтіндеріне жоспар жасайды және сол үзіндіге ат қояды. Үзінді бойынша оның бұрын өздері оқыған қандай шығармадан алынғанын айтып беру ұсынылады.

Кейбір оқушылардың оқу кемістіктерін түзету үшін олардың себептерін анықтау қажет. Мұндай кемістіктер әр түрлі болады, мысалы: зейіннің тұрақсыздығынан, зейінін шоғырландыра алмаушылық (мұндай көріністі «мойны жар бермейді» дейді), буындап оқу дағдысының қалыптаспағандығынан (көбіне әріп тастап кету құбылысы), оқушының тіл кемістігі т. б. с. с. Мұндай кемістіктерді жою барысында істелетін жұмыстар дұрыс оқу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі, оның қажеттілерін бекіте түседі.

Мәнерлеп оқи алмау саналы оқуға олақтықтан туады, яғни демді дұрыс ала алмау немесе дикция кемістігі. Ал мәтінді шала ұғынудың өзі де түрлі-түрлі жағдайларға байланысты: ақыл-ой дамуының жеткіліксіздігі, сөздік қордың тапшылығы, оқушының ұқыпсыздығы т. б.

Оқушының бойында қалыптасуға тиісті дағды мен шеберлік бағдарлама талабына сәйкес болу үшін мұғалім аталған кемістіктерді жоюға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізеді.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Дағдыны қандай жолдармен, қалай қалыптастыруға болады? Мұндағы мақсат не?



2. Бір сыныптың екі оқушысының бойында оқу сабақтарында қандай дағдылар мен шеберліктер қалыптасқанын зерттеңіз, өз көздеріңізге түскен кемістіктердің себебін түсіндіріңіз және оларды жою жолдарын көрсетіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет