8 ГРАММАТИКА САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕК1 ҚҰРАЛДАР
Мұғалімнің оқыту процесіндегі міндеті — балалардың анық есітіп, қабылдауы мен сөйлеу қабілетін дамыту. Бұл үшін көрнекіліктің алатын орны зор. Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар өздері сөйлейді, жолдастарының сөйлегенін есітіп, қабылдайды.
Сабақтарында көрнекілікке қойылатын талап: оқушы және сөзді немесе оның бөлшектерін (әріптерді, буындарды, морфемаларды) анық көретін болуға тиіс, бірақ жазғанда бір әріптен соң екінші әріпті қарап, ежелеп жазбай, естерінде тұтас сөз немесе буынды сақтап, сөзді немесе буынды бірден жазып дағдыланулары керек. Бұл үшін көру және қолды қозғау көрнекілігі қажет.
Ендеше «көрнекілік» деген ұғым сөздерді анық айтуды да, мәнерлеп оқуды да, мысалдар іріктеуді де, тақтадағы, таблицалардағы, дәптерлердегі жазуларды да қамтиды.
Әдетте көрнекілік деп графикалық немесе көзге көрінетін құралдарды қолдануды түсінеді. Мұнда қажетті әріптер немесе тұлғалар, сөздер, сөйлемдер басқа түспен жазылады яки асты сызылады. Кейде тақтаға, оқу-шылардың дәптерлеріне жазылғандар да бөліп көрсетіледі (бірде түбірі, екіншіде қосымшасы).
Мұндай тәсілдер жазылғанды көру арқылы анық бейнелеуді қамтамасыз етеді, алайда көрнекіліктер оқушылардың зейінін аударып, істің мәнін біршама түсінуге (мысалы, басқаша жазбай, неге осылай жазамыз) кө-мектесетін болса ғана пайда келтіреді. Сондықтан таблица т. б. жасау үшін материалдар жан-жақты ойластырылып, таңдалып алынады. Оқушылар таблицаға қарап, соған ұқсас және ұқсас емес құбылыстарды салыстырып, олардың ара қатынастарын анықтай алатындай болуға тиіс, өздерінің бақылағандарынан қорытынды шығарып, белгілі бір ереже жөнінде ұғым алулары қажет. Мысалы, «й, и» әріптерінің жазылуын түсіндіру үшін мұғалім мына сияқты сөздерді бағана етіп жазады.
Киін - кейін Ки — қой
Жина — жайна Сиыр — сойыл
Биле — бейне Тиме — түйме т. б.
Мұнда «и», «й» әріптерін қызыл түспен жазуға да болады. Бірақ негізгі әдіс — бірінші бағанадағы сөздерді екінші бағанадағы сөздермен салыстыру. Бұл сөздердің жазылуын салыстыра отырып, балалар олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды табады, «и» әріпінің қандай дыбыстардан кейін жазылып тұрғанын анықтайды. «И»-дің дауыссыздардан, «й» әрпінің дауыстылардан кейін жазылатынын өздері айтады. Бұған мысалдар келтіреді, берілген сөздерден, сөйлемдерден, мәтіннен құрамында «и», «й» әріптері бар сөздерді тауып, олардың қандай дыбыстардан кейін келіп тұрғанын айтады. Мұғалім өзі бірнеше сөз беріп (мысалы, көбей, икемді, мұхит, айқай т. б.), онда «и» мен «й»-дің қайсысын, не себепті жазу керектігін сұрайды; «и»-дің сөздің басында, ортасында, аяғында жазылатынын, ал «й»-дің сөздің басында жазылмайтынын, бірақ сөздің ортасында, аяғында келе беретінін байқатып, «и» мен «й»-дің ұқсастық қасиеттерін (екеуі де «ый» дыбысының таңбасы, екеуі де сөздің ортасында, аяғында келеді) және бір-бірінен ерекшеліктерін («и» — дауысты дыбыстардан кейін келмейді, «й» — дауысты дыбыстардан кейін келеді, «и» — буын құрайды, «й» — буын құрай алмайды, «и» — дауысты дыбыс, «й» — дауыссыз дыбыс, «и» — сөздің басында келеді, «й» — сөздің басында келмейді) көрсетеді. Сөйтіп, әр әріптің жеке қасиеттерін анықтау арқылы қорытынды шығарылады.
Көрнекі құрал ретінде қандай да болмасын грамматикалық және орфографиялық құбылыстарды көрсететін схемалар да қолданылады. Мысалы:
та
Бас
шы
Біл
ім
гіш
дір
қар
Мұнда оқушылар тіліміздегі жұрнақтардың: 1) алуан түрлі болатындығы, 2) түбірден кейін тұратындығымен, 3) жаңа сөз жасайтын қасиетімен танысады.
Сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсететін схемалар екі түрлі: аналитикалық және синтетикалық. Мысалы, Қалың орманның ішінен тәтті жидектің исі аңқиды сөйлеміне аналитикалық схема жасасақ:
Исі
аңқиды
ненің?
қайдан?
жидектің
орман ішінен
кандай?
қандай?
тәтті
қалың
Осы сөйлемдерге синтетикалық схема жасасақ:
Қ алың орман ішінен тәтті жидектің исі аңқиды
Бұл схемалардың екеуінде де сөздердің арасындағы байланыс көрсетілді. Біріншісінде сөздердін байланысы сұрақтар мен сызықтар арқылы көрсетілген. Ал екіншісінде сұрақсыз сызықтар стрелкамен көрсетілген. Бірінші схемада сөздердің қайсысы қайсымен байланысып тұрғаны сұрақтар арқылы көрсетілгенімен, сөздердің сөйлемдегі тәртібі бұзылған. Ал екінші схемада сөздердің сөйлемдегі орындары сол күйінде. Бұл схемалардың екеуін де (біріншісін III сыныпта, екіншісін IV сыныпта) қолдануға болады.
Кез келген тақырыпты оқушыларға дұрыс меңгерту үшін мұғалімдер кішігірім таблицалар мен схемаларды өздері қолдан жасап алады немесе сынып тақтасын пайдаланады. Грамматикалық немесе орфографиялық та-қырыптарға арналған әдеттегі таблицалардан басқа жылжымалы немесе динамикалық таблицалар болады. Мұндай таблицалар барлық тақырып бойынша жасалады. Әсіресе, сөз таптарын, грамматикалық формалар мен олардың жазылуын өткенде динамикалық таблицалар өте қолайлы.
Мұғалімдер көрнекі құралдарды өздері жасағанда мынадай талаптарды ескеруге тиіс:
Таблицаларда грамматикалық материал шамадан
тыс көп берілмеуі керек.
Оқулықтарда бар ережелер мен анықтамаларды,
сондай-ақ мәтіндерді таблицаларда берудің қажеті жоқ.
Таблицаларда қажетті тұлғада берілген сөздер-
ден басқа, іріктеп алынған (түсіндірілетін тұлғаны
анықтай түсетін) мысалдар беруге болады.
Таблицаның көмегімен үйретілетін сөз, буын, мор-
фема, әріп таблицада бөлініп, ұқсастықтары немесе
ерекшеліктері басқа бір элементпен салыстырыла көр-
сетілуге тиіс.
5. Оқылып отырған грамматикалық немесе орфографиялық құбылыс таблица мазмұнында тасада қалып қоймау жағына мұқият назар аударған жөн.
6. Әріптерді, буындарды, морфемалар мен сөздерді графикалық жағынан бөліп көрсетудің көптеген тәсілдерін қолдана беруге болады. Мысалы, сөз құрамын дефиспен бөлу, астын сызу, басқа түспен, басқа шрифтімен көрсету т. б.
Кез келген тақырыпқа таблица жасай берудің қажеті жоқ. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру барысындағы жұмыстың мақсатына, сипатына қарай, жалпы: (қорытынды) таблица және жеке таблица жасалады. Жалпы таблица бір тақырыптан тұтас мағлұмат (сөйлем мүшелері, сөз таптары, септік жалғау т. б.), ал жеке таблица тілдің жеке элементтері жөнінде (сөз табының, біреуінің жұрнақтары немесе жалғаудың бір түрі, бір-екі септіктің жалғауы т. б.) мағлұмат беру үшін қолданылады. Таблица жұмыс барысында әр кезеңде түрлі тәсілмен пайдаланылады (бірде сабақтан бұрын, екіншіде түсіндіру кезінде, жаттығу орындату барысында, балалардың өздігінен орындаған жұмыстарын тексергенде, қателерін тексеру жұмыстарында т. с. с). Таблицаның көрсетілу ұзақтығы да түрлі-түрлі болады (бірнеше минут қана, сабақтың басынан аяғына дейін, кейде сабақтан соң). Бұл да таблицаны мүғалімнің қолдану мақсатына байланысты.
Көрнекі құралдың пайдалы жағының бірі оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыруда. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен таблицаны оқиды, түсінеді, оның бөліктерінің ара қатынасын анықтайды, қорытынды шығарады. Сонан кейін мұғалім оларға түрлі тапсырма береді (таблицаны дәптерге көшіріп жазу, басқа бір материалға осындай таблица жасау, өз жандарынан мысалдар келтіріп, таблицаға жазу, оларды шартты белгілермен бөліп көрсету, таблицаларды салыстыру, қорытынды жасау, таблица бойынша тексеру т. б.).
Көрнекіліктің бірі оқушылардың дәптері болып есептеледі. Дәптер арқылы сыныпта ұйымдастырылған жұмыстың мазмұнын, жүйесін, әдісін, сондай-ақ, оқушының білім, дағды, шеберлік дәрежесін білуге болады. Қысқасы, дәптер — оқушы жұмысының айнасы.
Әр сабақтың басында оқушылардың барлығы дәптерлеріне сол күнгі датаны жазады. Бір жол тастап, сабақтың тақырыбын не тақтадан, не оқулықтан көшіреді. Әрбір жеке тапсырма жаңа жолдан бастап жазылады. Жаттығудың нешінші екені цифрмен белгіленеді. Оқушылардың жазғандары анық, таза, мүмкіндігінше, сауатты болу керек. Қажетті грамматикалық немесе орфографиялық құбылыстар сызылады, жаттығуларға түрлі түсті қарындаштар да пайдаланылады.
Көрнекі құралдарға магнитофон, грампластинка, оқу фильмдері, диафильмдер де жатады. Оқушылар пластинкаларға жазылғандарды зейін коя тыңдап мұғалімнің басшылығымен қайталап айтады, жазады, тыныс белгілерін қояды, талдайды. Қосымша құралдар ретінде дидактикалық материалдар да пайдаланылады. Оның ішінде әсіресе, түрлі буындар, сөздер, сөйлемдер жазылған карточкалар, конверттер көп қолданылады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Көрнекілік дегеніміз не, оны грамматика сабақтарында қалай пайдаланылады?
2. Бір тақырыпқа таблица жасаңыз, оны сабақта қолдану тәсілін түсіндіріп беріңіз.
3. Қолдан жасалған көрнекі құралдарға қандай талаптар қойылады?
4. Сынып тақтасы мен дәптерлер көрнекі құралдар ретінде қалай пайдаланылады?
5. Зат есім тақырыбына көрнекі құралдар жасаңыз.
Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Грамматика әдістемесінің ғылыми негізі қандай?
2. Грамматиканы оқу не үшін керек?
3. Бастауыш сыныпқа арналған грамматиканы оқытудың қазіргі әдістері мен тәсілдерін атаңыз.
4. Бастауыш сыныпқа арналған қазақ тілі оқулықтарындағы жаттығу жұмыстарын оның типтері мен түрлеріне қарай талдау жасаңыз.
5. Осы тарау бойынша балалардың білімдерін, дағдысы мен шеберліктерін қорытып, жүйелеңіз.
V тарау
Достарыңызбен бөлісу: |