К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С
тақырыбы:
«Орта мектепте ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын ойын технологиясының пайдасы »
Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім»
Пән бойынша: «Шетел тілін оқыту әдістемесі»
Курс: 4
Семестр: 7
Топ: АК-41
орындаған: Ерболат Тогтал
тексерген: ағылшын тілі оқытушысы,
пед.ғыл.магистрі Рахимова Т.К.
Көкшетау – 2019 ж.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
І . Теорялық бөлім
1.1 Ойын туралы ұғым......................................................................................................4
1.2 Ойынның түрлері мен рөлі........................................................................................7
1.3 Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері...........................11
ІІ Практикалық бөлім
1.4 Ойын технологиясы ....................................................................................................15
1.5 Ойын технологиясы арқылы оқушылардың шығармашлығын
Қалыптастыру.....................................................................................................................19
1.6 Ағылшын тілі сабағында ойын түрлерін қолдану тәсілдері ............................27
Қорытынды .........................................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................................30
Кіріспе
Мақсаты : Ойын технологиясы арқылы дәстүрлі оқытудың кемшіліктерін жою . Күнделікті бір сарынды сабақ өткізуден оқушыларды зерігтіріп алмау . Ойын Технологиясын пайдалану арқылы ағылшын тіліндегі қызықсыз материалдарды ойын арқылы қызықты қылып игерту . Қиыншылықтарды жеңіп , оқушының өзін көрсете алу мүмкіншілігін туғызу .Ойын технологиясын пайдалану арқылы оқушы құзреттілігін дамыту .
Міндеті :
Ойын түрлерімен таныстыру
Ойынның бастауыш сыныпта қолдану әдістерін көрсету
Оқу , жазу , тыңдап түсіну , сөйлеу түрлерінде қолдану
Шыншыл қарым-қатынас орнату .
Өзектітілігі
Шетел тілін меңгеру оқыту , оған қызықтыру көп ізденіс пен шығармашылық еңбекті қажет етеді . Негізінен , сабақ үстінде дағды мен
Қабілет қалыптастыру арқылы танымдық қызығу пайда болады . Оқушыларға әртүрлі тәсілдер қолдану арқылы сабақты жаңаша әдістемелікпен өткізу керек . Сабақта оқушының қызығу ынтасының төмендеуіне мыналар себеп болады :
Ойлау үрдісінде , көпсалмақтың түсу
Сабақты бірсарынды өткізуден :
Жазба жұмыстарды мөлшерден тыс жиі жүргізуден
Нашар оқитын оқушыға көп көңіл бөліп , сабақты созып жіберуден .
Нәтижесі
Мұғалімдер ойын технологиясын қолдана отырып өткізген сабақтарының оқыту процесінде өте жоғары деңгейде өткендігін практика жүзінде дәлелдеген. Болашақтағы мұғалім мақсаты: оқушы білімінің сапасын арттыру, яғни оқушыға берген біліміміздің нәтижесін көре білу. Ойын арқылды оқушылар көптеген қажеттіліктерді меңгереді. Атап айтсақ оқушылар өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге, оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдануға, оқу көлемін басқаруға, уақытты үнемдеуге, жылдам шешім қабылдауға, уақыт үнемдеуге, қажетті материалдарды іріктеп өз бетімен іздене білуге үйренеді.
Кімдер қолдана алады
Ойын технологиясын барлық сыныптарға қолданбайды негізінен бастауыш сынып оқушыларына қолдану ға болады . Ойын технологиясында оқушылар өте көп дене қимыл қозғалысында болады .
Сонымен оқушының шаршауын сейілтіп , қызығуын арттыратын сабақ арасында ойын элементтері үлкен рөл атқарады . Ойындар сабақтың тиімділігін , сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін , шығармашлық ойлау қабілетін дамытады . Сондай-ақ ойын оқушының сөйлеу қабілеті әрекетін тездетеді , танымын күшейтеді . Ойынды өткізудің психологиялық - дидактикалық талаптарын мұғалім есте шығармауы керек . Осы тұрғыдан ойын оқушының жас ерекшелігі мен мүмкіншілігіне сай және тәрбиелік , дамытушылық мәні зор болуы тиіс . Ойнау арқылы оқушының сөйлеуге деген ішкі жан дүниелік ынтасы , іздену дағдысы қалыптасады .
Білім беру –аса күрделі әлеуметтік –экономикалық механизм . Оны реформалаудың мәселелеріде сан қырлы . Қазіргі кзде республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық – ұйымдық , құқықтық , құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты . Білім беру і ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағнасы , сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар :
-Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болу қалыптасуы :
-Экономикалық нарықтық моделін ұсынып , меншіктің түрлі пішімдерін дамыту:
-Ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіру болып отыр Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың « Қазақстан -2030 » Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп , жетіліп , кемелденеді , біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ержетеді . Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайының жұмыс істеуге даяр . олар қазақ , орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді , олар бейбіт , абат , жылдам өркендету үстіндегі , күллі әлемге әйгілі , әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады » деп көрсетілгеніндей , ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп , адамзат қоғамын алға апаратын құдретті күш-білім нәрі .
Еіміздің егеменді ел болалы бері келеліде ауқымды өзгерістер жүруде . Саяси , экономикалық , қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ . Себебі мемлекетті нығайту , көркейту үшін өмірге жаңаша көз қарастағы білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындадаы . Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып мқараса , онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы , тәрбиелі етіп шығару -оның басты бағдарларының бірі . Қазіргі жас ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат . Осыдан білім беру мекмелерінің алдында күрделі міндет тұр . Ол оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.
Қазіргі кезеңде саласының алдына қойылған талаптар –оқушыларға білімді тереңдетіп беру . Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтарда көруімзге болады . Мұндай жағдайда оқушының алдында үлкен мәселе : оқушыны қалайша шаршатпай , енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады . Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану –бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы .
Ойын - күрделі философиялық, педагогикалық ұғым . Философия адам мәселесін зертегендіктен , бұл жерде адамның санасы мен ойын арасындағы қарым-қатнас жайы тыс қалмайды . Мысалы , сонау ерте заманға грек ойшылдарынан бастау алатын ойын теориясы қазірге дейін өрбу , даму үстінде .
Біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген грек философы Гепокрит ойынды мәңгілікке теңеген . Оның пікірінше ойын « Мәңгілік –шахмат ойнап отырған бала » . Платон ойын теориясын қалыптастырушы ретінде назарға алынады , оның пікірінше , ойын әрі жоғары ақыл , рахаттану , қызық және теңдесі жоқ жоғары құбылыс .
Осының нәтижесінде қазіргі кезеңде ойынды философиялық тұрғыдан ұғындыруда мынадай теориялар қалыптасқан :
1.Ойын дегеніміз ұшқын , білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты . Ойынсыз , қиялсыз ,іскерліксіз толық мәніндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды.В.М.Сухомлинский .
2. Ойын – артық күштен арылу жолы Ф.Шиллер., Г.Спенсер .
3.Ойын балаларды ересек өмірге даындайды К.Гросс, К.Блююллер.
4.Ойын –мәңгілікке ұштасатын құбылыс Платон. Демокрит .
Педагог ғалымдар ойынның оқыту процесіне оң әсерін тигізетініне келісе отырып , мынадай пікір айтады .
А.С. Гуревич , А.В. Килиниюктер ойынды оқытудың активті түрі деп қарастырса , Н.Н.Скатова , Р.И.Половникова , В.К.Романт оқытудың ойын әдісі дейді . Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп қарастырамыз . Біз ойынды әдіс секілді ойын кезінде оқушымен оқытушының арасындғы байланыс туындап оқыту процесінде тактиканы емес , стратегияны анықтайды . Біз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай элементтерін өзара тығыз байланыста болатынын атап көрсеткіміз келеді .
1.1 Ойын туралы ұғым
Қазаіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші орынға шығарды . Әсіресе , баланың әлеуметтік бейімделуі , ересектермен өз қатарластарымен қарым-қатнасты тиімді жасауы педагогикалық-психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді . Балалардың жас ерекшеліктеріне қатысты психологиялық дамуы , осыған қатысты оқыту тәрбиелеу жолдары , мінез-құлық , жүріс-тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін корекциялық жұмыстар , зерттеу әдіс-тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық .
Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып дамып . дәстүрлі жалғасып келеді . Ойын еш уақытта дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды , жетіле түседі . Ойын теориясы мен проктикасын отандық және шетелдік педагогтар , психологтар , социологтар зерттеуде . Мысалы: Иоган Хейзингтің «Ойыншы адам » , Д.Б Элькониннің «Ойын психологиясы » , Эрик берннің » адамдар ойнайтын ойындар » атты еңбектері жазылды . Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары : А.В. Вербицкий , Т.В. Кудрявцев , И.П Пидкасистый . Қазақстандық ғалымдар : Н.К. Ахметов , Ж.С. Хайдаров т.б. Сонымен қатар , ойын проблемасымен шұғылданған көрнекті ғалымдар : Р.М. Жуковская , Д.В. Менджерицкая , Т.А.Марков , Н.Я. Михайленка т.б.
Ойын-Баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәі бар іс-әрекеттің мақсат
Бағдарлы , қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағымен екіншеден-баланың танымдық , шығармашлық жеке бас қасиеттерін , ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі. Балалық шақ ойыннан бөлінбейді . Мәдениетті балалық шақтың мәні көп болған сайын , соғұрлым ойын да қоғам үшін маңызды болады , Балалықты танудың оған әсер етудің және балалық шаққа енудің бірден бір әдісі ол-ойын . Балалар үшін өз тәжірбиелерімен сезімдерін шығару табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс-әрекет . Ойын әсірі психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен иаңызы бар . Мәселен , қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды . Бала ойынында да қоғамдық , ұжымдық сипат болады .
Жеке бастың даму және қалыптасу процесін тануды дұрыс шешу психикалық процестердің заңдылықтарымен оның ерекшеліктерін білумен байланысты . Бұл салада ғалым педагогтар , психологтар Ж.Аймауытов ,Л.С. Выготский төменгі сынып оқушыларының даму процесін сензетивтік кезеңге тән екнін және олардың үлкен сезімталдығы мен әсерленгіштігі анықталған . Мектепке бар ынтасымен келген . жасар бала , тәрбиелік ықпалға оп-оңай беріледі . Оның жақсы оқушы , жақсы мінез құлықты бала атанғысы келеді . Балалар бұл жаста барынша көпшілік мұғалімдермен тез тіл тапқыш , өзінің жаңа ұжымда , балалар арасынжа ерін сезінгіш , мұғалімнің талаптарын , мектеп ережелерін орындауға қызығады .
Выгодский теориясы юойынша баланың әсерленушілігі ішкі және сыртқы әр түрлі жағдайлардың ықпалының жиынтығы деп есептейді . Осыдан барып оның психикалық дамуын анықтайтын , басқаша да күштерді күрделендіріп жаңа жаңа түсініктерді құрастыруға жол ашады . Орта мен бала арасындағы қатынас құбылысын оның күрделілігін түсіндіргенде Л.С . Выготский төменгі класс қабылдауымен байланыстырады . Бұдан өмірдің ішкі рухани өмірін , әсіресе адамгершілік ойлауын , сезімін , санасын, іс - әрекетін зерттеуде осы кезеңдегі сензетивтік ерекшеліктерін ескеру мұғалімнің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады .
М.Жұмабаев өзінің » Педагогика » атты оқулығында бала дамуының психологиялық заңдылықтарын жан-жақты талдап көрсеткен . Мәселен , жан тәрбиесі , ес, қиял, ойлау тіл т.б. психикалық процестерге талдау жасаған және бұл психикалық процестерде төменгі класс оқушыларының ерекшеліктерін көрсеткен.
»Әсер күшті болса , есте ұзақ сақталады ». Мысалы , ұатты дауыл , сұрапыл боран сықылды күшті көріністер тез ұмытылмайды . Бір сабақтан бала күшті әсер алуы үшін баланың сол сабаққа құмар болуы шарт . Баланы құмар қылу үшін мұғалім өзі құмар болуы қажет . Мұғалім сабақ бергенде өзі есінен түсіп , ыңылдап тұрса , шәкіртте құмарлық болама ? »-деген .
М.Жұмабаев айқындаған заңдылықта оқу тәрбие процесінде мұғалімде ата-ана да керек .
Қ.Жарықбаев көптеген еңбектерінде және арнайы ғылыми зерттеулерінде балаларға тән психикалық(сензетивтік жасына байланысты ) ерекшеліктері тереңдетіліп қарастврвлған . Мысалы , мінез, түйсік,қабілет, қабылдау, ес, ойлау ,қиял ,эмоция мен сезім ,ерік ,зейін,әрекет, дағды әдептері т,б,
Төменгі кластағы балалар негізінде ойын жасындағы балалар . Бала мектепке келген кезде де ойнауын тоқтатпайды . Енді оқу оның негізгі қызметі болсада , ол әлі де бұрынғысындай ойнағысы келіп тұрады . Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады .
Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар жан . Ол үнемі секіруді , қорғауды жүгіруді қалайды . Осыған орай біздің халықта : » баламен ойнама шаршайсың » , » бала – шапсаң , бала – ұрыншақ « , «ойнай білмеген , ойлай білмейді » - деп тегін айтылмаған .
Бала ойыны алуан түрлі . Ойын арқылы адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды . Бала достықта бірін – бірі түсініп , қимыл-әрекет жасауға , тапқырлыққа , шыдамдылыққа , ептілікке және қимылдауға , ойлауға, табандылыққа дағдыланады .
М.Жұмабаев халақтық педагогика негізінде ойына мынадай мән берген : » баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады » . Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс . Ойнағанда бала жанындағыны әсерлене пайдаланады .
7-10 жас арасы анатомиялық , физиологиялық жағынан қауырт қимыл әрекеті , қозғалысты жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организмі үшін ойын қажет деп есептейміз . Сондықтан бұл жастағы бала қанша ойнаса да шаршамайды . Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны , олардың өмірге бейімделуі .
Қарапайым мысалдарды шығаруда икемділіктерін байқау .
-Егер 2-ге 1-ді қоссақ қанша болады ?
Тағы сол сияқты .
-2-ден 1-ді азайт . Сұрақтар берілді
Сөйтіп ойын әрекетінде бала саналы мақсат көздей алатын психикалық процестердің ырықтылығы қалыптасады . Ойын жағдайында балалар жай есте сақтау жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін қояды . Көбірек есінде сақтайды . Бала ойын үстінде саналы мақсатты зейін тоқтату , еске сақтау , еске түсіру шұғыл және оңай жүзеге асырады . Ойын шарттарының өзі зейін баладан ойыншық заттарға , айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді . Егер бала алдағы ойын жағдайының талабына зейін қойғысы келмесе , ойын шарттарын есте ұстамаса , оны құрдастары ойыннан шеттеді .
Құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттілігі баланы мақсатты түрде зейін қойып , есте сақтауға мәжбүр етеді . Мақсаткерлік , ерік күшін бағындыра білу жеке басты дамытуға қажетті қасиет . Ойын мақсатсыз бос ермек емес , көп уақытқа созылатын , баланы қалжырататын жаттығулар , тіптен секкіру , бұғалық тастау , допты секірту сияқты ойын түрлерін меңгеру өзінің оң нәтижесін береді , Балалар ойнап жүріп , белгілі ережелерге сүйеніп , әлгіндей заттар арқылы іс-әрекетті игеру міндетін орындайды .
1.2 Ойынның түрлері мен рөлі .
Балалық шақ - бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез . Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік , мейрімділік , инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті . Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше .
Бірінші сынып шәкірттеріне тиянақты білім беру мұғалімнің кәсіп жолындағы ізденісі мен шеберлігін қажет етеді ,. Мұның өзі көп жағынан олардың әлі ойын баласы екендігімен байланысты . Сондықтан сабақ оларға тартымды болуы үшін тақырыпқа сәйкес ойындар таңдап алып , сабақ барысында ұтымды пайдалану керек . Сонда ғана барлық баланы сабаққа ынталы қатыстыруға болады . Жалпы бастауыш сынып оқушыларының ойнайтын ойын түрлеріне тоқталатын болсақ , олар;
Дидактикалық ойындар .
Сөздік – дидактикалық ойындар .
Рөлдік сюжеттік ойындар .
Драмалық ойындар .
Творчествалық ойындар .
Әдеби – музыкалық ойындар .
Осылардың ішінде дидактикалық маңызы зор . Әрбір мұғлім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойындардың маңызы зор . Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданатынын күні бұрын сабақ мазмұны мақсатына сай лайықтап алғаны жөн . Өйткені мектепке келген балалар үшін қызықты әрекет бола отырып , оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса иаңызды құралы болып табылады . Бірақ ол ұйымдастырылған педагогикалық процеске енгізілгенде ғана сондай құралға айналады . Ойынның дамуы мен орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануға көп байланысты .
Бірінші сынып балаларын оқытып тәрбиелеуде балалар игеруге тиісті бағдарламалық мазмұнды сұрыптап , жоспарлайды . Оның дидактикалық және ойын міндеттерін қимыл мен ережелерін ойланған нәтижесін дәл белгілейді . Ол ойынның өзіндік ерекшелігі мен өз әрекетін сипатын бұзбастан , оның өзіндік бүкіл барысын жобалағандай болады .
Ойынды педагогикалық процеске еңгізе отырып , тәрбиеші балаларды ойнауға , А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда « Жақсы ойын » жасауға үйретеді .
Мұндай ойынға мынадай сала тән : мазмұнның тәрбиелік-танымдық құндылығы ,
Бейнеленетін түсініктердің толықтығы мен дұрыстығы , ойы , іс-әрекеттерінің орындылығы , белсенділігі , ұйымшылдығы және творчествалық ипаты , жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып , ойында ережелерге бағыну және соларды басшылыққа ала білуі ойыншықтар мен ойын материалдарын мақсаткерлікпен пайдалану , балалрдың қарым –қатынастарының игі тілектестігі және көңіл күйлерінің шаттығы .
Ойынды басқара жүріп , оқытушы баланың жеке басының ерекшелігіне , оның сапасына , сезіміне , ерік –жігеріне , мінез-құлқына ықпал жасайды . Ойынды ақыл –ой адамгершілік , эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланылады . Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып , тереңдей түседі . Ойында қайсы бір рөлді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетіне көшіруі тиіс . Кейде адамдардың еңбегі туралы нақты іс-әрекеттер , өзара қарым-қатынастар туралы білімдер мен түсініктер жетімсіз болып шығады да соларды толықтыру қажеттігі балалардың сұрақтарынан көрінеді . Ұстаз сол сұрақтарға жауап қайтарады да , олардың ойын кезіндегі әңгімелеріне құлақ түреді , ойнаушылардың өзара түсінуіне , келісуіне көмектеседі ,
Демек ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды , сонымен бірге белсенді таным іс-әрекетінің өзінше бір формасы болып табылады , соның барысында олар оқытушының басшылығымен жаңа білім меңгереді .
Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым –қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді . Ереже ойынға ұйымшылдық , Тұрақтылық сипат береді , оның мазмұның баянды етеді және қарым-қатнаспен өзара қарым – қатнастардың одан әрі дамуын күрделене түсуін анықтайды . Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ , ұялшақ балардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі .
Ойын бала үшін – нағыз өмір . Егер ұстаз ойынды ақылмен ұйымдастырса , ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады .
Балаларды оқытып , тәрбиелеуде әр тарапты ойын элементтерін қолдану тиімді әдістердің бірі болып саналады . Бұған оқыту кезеңінде ерекше мән берілуге тиіс . « Ойын баласы » деп есептелетін бұл жастағы шәкірттердің оқу білімге қызығуын өзіндік еңбектің қарапайым түрін үйренуі айналадағы қоғам өмірді танып , білу ойын арқылы іске асады .
Ол өмірде алған әсерін ойында бұлжытпай бейнелейді . Баланың ойы көрнекілікке , образдылыққа негізделетіндіктен , сабақ мазмұнына орай ойын әдісін орнымен қолданудың маңызы зор .
Ойын оқушының ой-өрісін , қиял сезімін дамытып , сөйлеу тілінің жетілуін , еркін пікір алысу , диалог, монолог , түрінде өзара сөйлесу машықтарын қалыптастырады , Дұрыс ұйымдастырылған ойын негізінде баланың қоғамдық , әлеуметтік сезімі оянады , Ұжымдық еңбек ету процесіне үйреніп , бірлесе қызмет атқару нәтижесінде олардың жолдастық , достық , ынтымақтары нығаяды .
Оқытуда қолданылатын ойын әдістері - ойынның нақ өзі емес , ойын түріндегі әдіс . Ол логикалық , дербес орындалатын жаттығу жұмыстарына балалардың зейінін аударып қызықтыру , сабаққа белсенділігін арттыру , алған білімін тиянақтау , кеңейту , кейде сабақты түсіндіру мақсатында қолданылады .
Ойын әдістерін қолдана өткізілген сабақтар , жаттығу жұмыстары баланың сөзге белсенділігін арттырып , олардың ойлау , қабылдау әрекеттерін кеңейту , білім сапасын терңдете тиянақтай түсуге жәрдемдеседі . Ойынның танымдық сипаты жөнінде М.Горький «Бала ойынды сүйеді . Ойнағанда не болса ,соның бәрімен де ойнайды , ол өзінің айналасындағы дүниені ойын және ойынның үстінде тез таниды . Бала сөзбенде ойнайды , осы өзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін үйренеді , тілдің музыкасын ұғады » , дегені мәлім .
Ана тілі сабағында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту ісінде сабақта , сабақтан тыс уақытта қолданылатын дидактикалық , сөздік , творчестволық , сюжеттік , рөлді ойындардың маңызын ерекше атап көрсетуге болады .
Оқушының матиматикалық тілде дұрыс сөйлеп үйренуге бағыт беретін ойындардың бір түрі - сөздік ойындар . Сөздік ойындар әр сабақта жүйелі жүргізілуі тиіс . Сол арқылы балалар тапқырлыққа , шапшаңдылыққа , ауызша және есептеуге дағдыланады . Математика сабағында есептеуге үйрету , математикалық диктантпен жұмыс , сұрақ-жауап әдістерін қолдану қажет . Өтілетін тақырып бойынша әр түрлі ойын түрлерін жүргізуден басқа анаграмма , ребустар , сөзжұмбақтар , өлең есептер қолдану , түрлі дидактикалық материалдарды пайдалану оқушылардың сабаққа қызығушылығын артырады . Сол сияқты қимылды ойындардың да тиімділігі бар . Қимылды ойындар да бала ағзасын жетілдіріп ақыл-ойының дамуына үлкен әсер етеді . Көңіл-күйі артып , жүйелері жақсарады .
Басты мәселе , мұғалім сабақта ойын жүргізбес бұрын , оның міндеті мен мақсатын , жүргізу тәртібін балаларға айтып , дайындауы тиіс . Ойын,ға қажетті құралдарды , күні бұрын дайындау қажет . Сондықтанда бірінші сыныпта оқитын сабақ көбінесе ойын ретінде өтіледі . ойын да , оқу мен еңбек сияқты , қалыптасады бұл жастағы балалар айналадан көрген түйгенін бағдарлап байқағанын , естігенін – білгенін ойынмен бейнелейтін ін байқау қиын емес . ойын арқылы қоршаған дүниені бейнелей отырып , олардың өмірге көзқарасы қалыптасады , іскерлік іс әрекеті дамиды , өзіне ойын кезінде сенімі артып , күш-жігерін білдіруге жол табады . Үлкендердің іс әрекетіне еркін араласып , қарым-қарым қатнасқа түседі ,
Бұл жөнінде көрнекті психолог , профессор А.В. Запорожец: «біз дидактикалық ойын жекелеген білімдермен бейімділіктерді игерудің формасы болып қана қоймай , сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін , оның қабілетін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет » - десе , Н.К. Крупская «балалар үшін ойын - оқу , олар үшін ойын - еңбек , олар үшін ойын - тәрбиенің елеулі формасы » - дейді , ата-аналарына арналған лекцияларында А.С:Макаренко ойын мен бала еңбегінің арасында заңды байланыс болатынын ал айналадағы дүниеден алған әсерін ойында бейнелеу арқылы нақты еңбек әрекетіне үйренетінін айтады . Сондықтан А.С. Макаренко: «Бала ойында 0андай болса , ол өскен кезде де, жұмыста көп жағынан сондай болады » - деп тұжрымдайды .
Дидактикалық ойындардың түрлерінде шек жоқ . Қазіргі кездегі сабақ материалдарының мазмұнына сәйкес мұғалім белгілі бір ойын бойынша әрқилы ойын ойлап табуына болады .
Тікелей дидактикалық міндетті шеше алмайтынын , бірақ балалардың бойында ықылас , есте сақтау , байқағыштық , назар аударғыштық сияқты басқа да белгілі бір психикалық процесті дамытуға бағытталған ойынның түрлерін педагог ұмыт қалдырмауға тиіс . Балалар үшін творчестволық және қимылды ойындармен қатар дидиактикалық ойындардың әсері мол . Дидактикалық математикалық ойындарды қолдану сабақтың әсерлігін арттырып , оқушылардың осы пәнге деген ынтасын дамытады ,. Бұл ойындар жаңа сабақ процесінде өткенді қайталау , білімді тиянақтау кезінде қажетті сабақ мазмұнына орай пайдаланылады .
Бірінші сыныпқа арналған дидактикалық ойындар мен ойыншықтар тапшылығынын орнын қалай толтыруға болады ? Шамасы , бізге бірінші кезекте балабақшалардың тәжірбиесін пайдалану керек болар . Бала – бақшаларда мектепке дейінгі тәрбие жағдайларына арналып көп мөлшерде алуан түрлі дидактикалық ойындар мен ойыншықтар жасап , олаларды балалармен жүргізген жұмыстарында ойдағыдай қолдануда . Ондай практика , әрине мақтауға тұрады және жинақтауды талап етеді . Алайда мұның бәрі кіші жастағы мектеп оқушыларына арналған дидактикалық ойындардың жүйесін жай алмайды .
Дидактикалық ойындар мен ойыншықтар психологиялық педагогикалық негізде талдау жасалуы тиіс , олар біртұтас педагогикалық концепцияның бір бөлігін құрайтын болуға тиіс .
Дидактикалық ойын оқыту процесінде қандай орын алуға тиіс ? Дидактикалық ойындар мен ойыншықтар қандай оқу міндеттерін шешуге байланысты пайдалануға тиіс ? қазіргі оқыту процесіне қандай дидактикалық ойыншықтар керек ? Оларды қандай психологиялық –педагогикалық концепцияға сүйеніп жасаған жөн . Оқыту процесінде ойын балалар үшін өзінің тамаша тартымдылығынан айырылып қалмау үшін , ойыншық әдеттегі әдістемелік құрал-сайманға айналып кетпеу үшін , мұғалім дидактикалық ойындар мен ойыншықтарды пайдаланып , материалды балаларға қалай жеткізуі керек ? осы және басқа толып жатқан мәселелер бастауыш сыныптардағы дидактикалық ойындардың аса маңызды мәнін құрайды , Өндірістің мүмкіндіктері мен мүдделерін ғана емес , сонымен бірге бірнеше кезекте балаларды дамытудың , олардың жеке басын қалыптастырудың мүдделері ескерілген , ғылыми жағынан негізделген дидактикалық ойыншықтардың жиынтықтарын шығаруды жолға қою керек .
Сонымен бірге оқу - тәрбие процесінде ойынды дұрыс кірістіріп , оның барлық тиімді мүмкіндіктерін балалапдың жас ерекшеліктеріне , сабақ мазмұнына жақсы үйлестіре қолдану мұғалім ізденісі мен шеберлігіне байланысты . Мұғалім ойынды пайдалану әдістемесінде ойын түрлерін таңдап-талдауға да қойылатын талаптарды жете білуі тиіс .
1.3 Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері .
Еліміз егеменді ел болғалы бері келеліде ауқымды өзгерістер жүруде . Саяси экономикалық , қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласыда мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ . Себебі мемлекетті нығайту , көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы , білімді , жан-жақты ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады . Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса , онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл , саналы , тәрбиелі етіп шығару –оның басты бағдарларының бірі . Қазіргі жас ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат . Осыдан білім беру мекемелерінің алдында күрделі міндет тұр . Ол – оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару .
Қазіргі кезеңде математиканы оқыту әдістемесі ғылымында ізденістер , Жаңалықтар болып жатыр . Түрлі әдістемелік жүйе , әдістер мен тәсілдер мектепте математика пәнін оқыту үрдісіне енуде . Мысалы : Ж.Қараевтың « деңгейлеп оқыту технологиясы » , В,В Давыдовтың « Дамыта о0ыту технологияларының элементтері » , » Блум таксономиясы » т.б Қазіргі білім саласының алдында қойылғн талаптар – оқушыларға білімді тереңдетіп беру . Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтардан да көруімізге болады . Мұндай жағдайда оқушының алдында үлкен мәселе : оқушыны қалайша шаршатпай , енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады ? Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану - бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы . Сыныптардағы математика сабақтарын ойын әдісімен оқыту жұмыстары мынадай бірнеше маңызды мәселелерді шешеді : біріншіден , оқушылар ойын кезінде бір-бірімен тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай , бір-бірімен қарым - қатнастары артып , ұнамдық қасиеттері дамиды, бұл оқушылардың логикалық ойлары дамитыны сөзсіз : екіншіден оқулықта берілген материалдарды қызығып , ынта жігермен оқиды , бұл оқушылардың білімді сапалы меңгеруін қамтамасыз етеді , үшіншіден, оқушылардың арасында жарыс пайда болады , оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады , төртіншіден , оқушылар шығармашыл ойлануға дағдыланады . Ойын түрінде оқыту барысында әртүрнлі түрткінің тәсілдерін қолданады .
Қарым - қатнас түрткісі .
Моральдік түрткілер .
Танымдық түрткілер .
Қарым-қатынас түрткісі .
Оқушылар ойынға қатыса отырып , бір мақсатты шешу арқылы қарым-қатнас жасауды , жолдастарының пікірімен санасуды үйренеді .
Ұжымдық тапсырмаларды шешу барысында оқушылардың әртүрлі мүмкіндіктері пайдаланылады . Тәжірбиелік іс-әрекет кезінде тез ойлай білетін , жылдам , әрі мұхият жұмыс істейтін байқампаз , сын тұрғысынан қарай білетін балалармен бір топта болудың тиімді екенін байқайды . Ойын кезіндегі біріккен эмоцияналды қобалжулар өзара қарым-қатнастың нығаюына ықпалын тигізеді .
2. Моралдық түрткілер . Ойын кезінде әр оқушы өзінің білімін ,
дағдысын , мінез-құлқын, ерік-жігерін, адамдарға және іс-әрекетке деген қарым қатнасын көрсетеді .
3. Танымдық түрткілер . Әрбір ойынның аяқталуы оқушылардың мақсатқа , жеңіске жетуі жолында басқалардан білімнің , дағдыларының , спорттық қабілетінің жоғары болуына итермелейді . топтық ойын әрбір оқушы бас кезінде тең жағдайда болады . Бірақ ойынның қорытындысы әр оқушының дайындығына , қабілетіне , біліміне, шыдамдылығына , мінез-құлқына тәуелді . Кейбір ойындарда оқушылар әлеуметтік бет перде киіп , өздерін тарихтың белгілі бір тұлғасы ретінде сезінеді . Ойында табысқа жету танымдық қызығушылықтың дамуы үшін жағымды эмоция тудырса , ал жеңілген жағдайда танымдық іс-әрекетін жоғарлату қажеттілігін тудырады . Ойын балалар үшін бәсекелестігімен тартымды . Ойыннан алынған рахаттану сезімі сабақтарда жағымды жағдай тудырып , пәнді оқуға қызығушылығын артырады . Ойындағы алынбаған жауап балалардың ойлау әрекетін белсендіріп , жауабын табуға тырыстырады. Ойын барысында ортақ мақсатқа жету үрдісіндегі ойлау іс-әрекеті белсендіріледі . Ойлау танымдық мақсаттарды шешуге бағытталады .
Баланың өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін белсендіру үшін көптеген ойындар арқылы басқару қажеттігі туындайды .
Ойынды таңдау баланың белгілі бір тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асыру қажеттілігігнен туындайды . Ойын ұжымдық болған жағдайда ойнаушылар құрамын , олардың интелектуалдық дамуын , дене бітімінің дамуын , жас ерекшелігін , қызығушылықтарын, қарым-қатнас жасау деңгейін білу қажет . Ойынды жасау оның өту кезеңіне , табиғи климаттық жағдайға, уақыт ұзақтығына , жыл мезгіліне , ойынға қажетті заттардың болуына байланысты . Ойын барысында ойын түрткісі өзгере береді . Балалар ойын кезінде рахат алу үшін әрекет жасайды . Кей жағдайда бала бір нәрсені заттай алу үшін , кейде шығармашлық жағдайда , бәсекелестік жағдайда өтеді . Бала ойын барысында өзара байлаеыстағы бірнеше деңгейдегі мақсатты жүзеге асырады .
Бірінші деңгейдегі мақсат- ойын үрдісінен рахаттану . Егер ойын балаға қуаныш әкелетін болса онда бала кез-келген белсенділікке дайын болады .
Екінші деңгейдегі мақсаты –функционалдық . Ол ойын ережесінің сақталуы , көріністер ойнау, рөлдермен орындаумен бйланысты .
Үшіншіден деңгей ойынның шығармашлық мақсатын айқындайды . Шешу, табу , қорытындыға жете білу жолындағы т іс-әрекетті көрсетеді .
Ойын-күрделі математикалық , психологиялық, педагогикалық ұғым .
Психологичлық тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубнштейн Д.Б. Элконин , Б.Г.Ананьев , А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты . С.Л.Рубинштейннің пікірінше « ойын негізінде адамның барлық психикалық қбілеттері қалыптасады , баланы ересек өмірге дайындайды . Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым қатнас жасайды .
К.Г.Исулов ойынды адам санасының қоршаған ортамен араласуындағы эвристикалық іс-әрекеті деп қарастырады . Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген :
Қажеттілік – мотив –мақсат-ойын іс-әрекеті – нәтиже :
Демек , психологиялық тұрғыдан ойын :
а) «леуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастырады :
ә) Танымдық мотивтің дамуына әкеледі :
б) Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқумен және еңбекпен қатар тұрады :
в) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді .
Педагог ғалымдар ойынның оқыту процесінде оң әсерін тигізетіне келісе отырып , мынандай пікір айтады .
Белгілі педагог Ю.К.Бабанский ойынды »как мощное средство стимулирования познавательного интереса учащихся » - деп көрсетсе , педагогтардың арасында ойын іс-әрекетін редагогикалық құбылыстардың қай түріне жатқызу жөнінде бір пікір жоқ . А.С.Гуревич, А.В.Клинюктер ойынды оқытудың активті түрі деп қарастырса , Н.Н.Скатова , Р.И.Половникова, В.К.Роман оқытудың ойын әдісі дейді .
Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп қарастырады . Біз ойынды әдіс деп қарастырамыз . Себебі әдіс секілді ойын кезінде оқушымен оқушы арасындағы байланыс туындап оқыту процесінде тактиканы емес , стратегияны анықтайды . Біз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай элементтерін өзара тығыз байланыста болатынын атап көрсеткіміз келеді .
Ойын элементтері ойынның біртұтас құрылысын береді . Ойын құрылысында алдымен оқытудың мақсаты тұрады .
Ойын – өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірбиені меңгеруге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі . Адам әрекетіндегі ойын құрылымның кезеңдері :
1)Мақсат қою:
2) Жоспарлау :
3) Мақсатты жүзеге асыру :
4) Адамның өзін субьект деп табуын қорытындылау болып бөлінеді .
С.А.Шмаковтың пікірінше , ойын -бұл тәртібіне өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірбиені меңгеруге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекет түрі . Көптеген ойындар келесі түрлермен ерекшеленеді :
1) еркін дамитын әрекет :
2) Шығармашлық әрекет :
3) Тікелей немесе жанама ережелер .
1.4 Ойын технологиясы
Ойын - қоғам тәжірбиесін қайта құруға және қабылдауға бағытталған , бір шартты жағдайдағы қызметтің түрі . Сол бойынша өзін-өзі басқарады , бір шартты жағдайдағы қызметтің түрі . Сол бойынша өзін-өзі басқарады , тәрбиелеу жетіліп қалыптасады .
Ойын түрінде оқытудың мақсаты :
Жеке қызмет түрінде білімді ,білікті , дағдыны меңгеруді қамтамасыз етеді .
Мағынасы : Оқу материалын ізденуге , өңдеуге , меңгеруге бағытталған танымдық жеке қызметтер .
Іске асыру құралы : Оқушыларды шығармашлық қызметіне ойын әдістері арқылы қызықтыру .
Мектепке дейінгі және мектертен тыс оқу мекемелерінде ойын- оқыту әдісі ретінде халық педагогикасында кеңінен қолданады .
Қазіргі мектептерде ойын - қызмет ретінде төмендегі жағдайларда қолданылады .
Жеке технология ретінде :
Оқу пәнінінің бөлімін , тақырыбын ұғып меңгеру үшін :
Кең көлемді технология бөлімі ретінде :
Сабақ ретінде , не болмаса оның кезеңдері ( кіріспе , түсіндіру , бекіту , жаттығу орындау , бақылау ):
Сыныптан тыс жұмыстар технологиясы .
Ойын түрлері оқу кезінде сабақтарда ойын тәсілдері мен жағдайлар туғызу арқылы құрылып , оқушылардың оқуға деген қызметін ынталандырып талаптануына тәсіл ретінде қолданылады .
Ойын тәсілдері мен жағдайларын сабақ кезінде өткізу мына негізгі бағыттарда жүргізіледі :
-Дидактикалық мақсат оқушыларға ойын түрінде беріледі :
- Оқу қызметі ойын ережелеріне бағынады :
- Оқу материалы оның құралдары ретінде қолданылады , оқыту қызметіне жарыс ретінде кіргізіп , дидактикалық міндеттерді ойынға айналдырады .
- Дидактикалық тапсырмаларды орындау ойын қорытындысымен байланыстырылады .
Ойындарды дене ( қозғалыс ) , ой-өрісі ( ақыл-ой ) , еңбек, әлеуметтік және психологиялық қызметтер түрлеріне бөлу керек .
Ойындар ерекшеліктеріне қарай мына топтарға бөлінеді :
а) оқыту,жаттығу ,бақылау және қорытындылау :
б) таным, тәрбие даму :
в) еске алу , өнімділік ,шығармашлық :
г) комуникативтік , таным әдісі , кәсіпке бағдарлау және т.б.
Ойын әдістемесі пән бойынша сюжеттік , рөлдік , іскерлік, еліктеушілік және драмалық ойындар .
Пәндер бойынша ойындар барлық оқу пәндері саласына бөлінеді . Ойын ортасы ойындар технологиясының ерекшелігін анықтайды : затпен және затсыз ойындар үстел үстінде , көшеде , бөлмеде , компьютерде , оқу техникалық құралдармен және түрлі жүру техникасымен .
Дамыту ойындар технологиясы ( Б.П. Никитин ) .
Ойындар қызметінің бағдарламасы түрлі дамыту ойындарынан тұрады . Олар ортақ ойлардан шығады және сипаттамалық ерекшеліктерін игереді .
Әр ойын көптеген мақсаттардан тұрады оларды балалар кубтар квадраттар, ою-өрнектер , бұйым бөлшектер арқылы шешеді .
Пәндер бойынша дамйту ойындарына құрылыс , еңбек және техникалық ойындар жатада .
Тапсырмалар әр түрлі түрлерде беріледі : үлгілер түрінде , изометриядағы жайпақ сурет , сызба, жазбаша немесе ауызша нұсқаулар және т.б., сонымен оларды түрлі мәлімет беру әдістерімен таныстырады .
Тапсырмалардың қиындығы өте көлемді олар төменгі сынып оқушыларына лайықтыдан жоғары сынып оқушыларының шамасынан жоғары болып келеді . Сондықтан ойындар оқушының тұрақты қызығушылығын туғызады ойындардағы тапсырмалардың бір-бірте өсу қиындығы балалардың алға ұмтылуына көмектеседі , сол арқылы шығармашлық қабілетін дамытады .
Оқушыларға тапсырмаларды шешу дерексіз түрдегі жауап сияқты емес , олар сурет , геометриялық денелер бұйым бөлшектері көрінетін және сезінетін заттар түрінде беріледі .
Дамыту ойындарының негізгі ерекшелігі мынада : жеңілден ауырға деген ең бір негізгі көзқараспен қабілетіне қарай өз бетінше шығармашлықпен қызмет жасау көзқарасы біріктірілген , сонда ғана бала өз мүмкіндігін пайдалана алады .
Бұл ойын кезінде бірнеше мәселелерді , шығармашлық қабілеттерін дамытуға байланысты шешуді қамтамасыз етеді :
-жас кезден бастап дамыту ойындары шығармашлық қабілеттерін дамытуға байланысты шешуді қамтамасыз етеді :
-Жас кезден бастап дамыту ойындары шығармашлық қабілеттерін дамытуға маңызы зор :
-Ойынның барлық кезеңдерінде баланың қабілеттерін дамытудың алдын алуға жағдай жасайды :
-Өз деңгейіне өзінше көтеріле отырып , бала одан ары нәтижелі дамиды :
-Мазмұнына қарай дамыту ойындары әртүрлі , олар мәжбүрлікті көтермейді , бостандықтық және қуаныштықтық шығармашлыққа жағдай туғызады .
Іскерлік ойыны . Жаңа материалда меңгеру , қорытындылау кешенді мәселелерін шешу , шығармашлық қабілеттерін дамыту , жалпы оқу іскерлігін қалыптастыру үшін іскерлік ойыны пайдаланылады . Оқу материалдарын әртүрлі жағдайда түсінуге мүмкіндік береді .
Оұыту барысында түрлі ойындардың үлгілері қолданылады : еліктеу , әрекеттік жылдамдық , рөлдік ойындар , іскер театр , психологиялық және әлеуметтік драма .
Іскерлік ойынның әдісі-тәсілдері төмендегі кезеңдерден тұрады .
Дайындық кезеңі . Дайындық кезеңі ойынды жоспарлаудан басталады : сценарий дайындау : іскерлік ойынның жоспары : ойынды жүйелеп баяндау : нұсқау мазмұны : Мәліметтермен қамтамасыз етуді дайындау .
Ойынға кіру : мақсат , міндеттерін қою : жағдайы , нұсқауы , уақыт тәртібі , ережесі : рөлдерді бөлу : Топтарды қалыптастыру : кеңес беру .
Өткізу кезеңі : топтардың тапсырмамен жұмысы : дерекнамамен жұмыс , ренинг, миға шабуыл : ойын құрал жабдықтарымен жұмыс .
Топтар арасындағы пікірталас : топтардың көрсетулері , нәтижелерді қорғау : пікірталас ережесі , сарапшылар жұмысы .
Талдау және қорыту кезеңі . Ойыннан шығу : Талдау : баға беру және талдап қорыту нұсқаулар .
Жан-жақты қалыптасқан тұлғаны қалыптастыру мен білім берудің басты міндеттері базалық мәдениетті қалыптастыру , оқушылардың жеке бас әлеуметін барынша дамыту болып саналады . Оның құрамдарының бірі шығармашлық әлеуетті дамытқан кезде , пәнге танымдық қызығушылық , зияткерлік даму деңгейі , дербес ойлау дәрежесі артады , ізденушілік сипаттағы тапсырмаларды орындауға қызығушылық пайда болады , әуесқойлық, өзіне деген сенімділік , нанымдылық қалыптасады .
Шығармашлық әрекетті оқыту технологиясының мақсаты әрбір оқушының шығармашлық қабілеттерін ойлаған деңгейге көтеру емес , табиғи қасиеттерінің анықталуына көмектесу болып табылады .
Мен ойынның көмегімен оқушылардың жеке басының и шығармашлық әлеуетін анықтауға , дамытуға және күшейте түсуге тырысамын , өйткені ойын дамытуға , өмірлік тәжірбиесін байытуға жәрдемседі , шынайы өмірдегі әрекеті табысты болу үшін негізін даярлайды . Ойын үстінде адам адам өмірімен әрекеті , оқушылардың зияткерлік , адамгершілік және эмоциялық даму нормасы қайталанады. Ойын сабақтың кез –келген кезеңі үшін зарамды .
Сөйтіп , жеке тұлғаның шығармашлық улеуетін ойын түрлері арқылы дамытудың негізгі мақсаттары төмендегідей :
-Оқытушылық – оқытудың белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету , өтілген материалды қорыту және бекіту :
-тәрбиелік – ойын барысында дүниеге эмоциялық - құндылық қарым - қатнасын қалыптастыру:
-дамытушылық – бітірушінің барабар әлеуметтік өзін-өзі бағалауын қалыптастыру үшін жалпы адамзаттық қабілеттерін қалыптастыру :
Ойын түрінде құрылған сабақ оқу процесінің басымдықтарын -жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мен қалыптастыруға қарай өзгертеді . Бұл жағдайда білім мен біліктерді бүкіл сабақ пайдалану талап етіледі .
Ойын арқылы оқыту процесінде қарым-қатынас стилі мен сипаты , сондай-ақ педагог қызметі өзгереді ол сабақты ұйымдастырушы , Кеңесші қызметін атқарады . Ойында бірде-бір оқушы елеусіз қалмайды , әрқайсысынан жаңа шығармашлық талап етіледі .
Ойын барысында жеке тұлғаның шығармашлық әлеуеті ашылып , жетілуі үшін , мен әртүрлі зияткерлік эвристикалықты байланыстырушы шығармашлықты шығармашлық тапсырмаларды пайдаланамын . осы тәсілдерді пайдаланамын. Осы тәсілдерді пайдалану арқасында шығармашлықты жеке тұлға сапалары : әуесқойлық , бақылағыштық , елес қиялдары дамытылады . Бұл кезде жеке тұлғаның мүмкін қабілеттеріне әсерін тигізетін ойлауы ешкімге ұқсамайтын , дербес болады .
Жеке тұлғаның шығармашлық әлеуетін дамыту үшін , мен сабақ барысында ойын түрлнрін қолданамын . Оқытуды мен әртүрлі : сюжеттік –рөлдік , іскерлік, блиц-ойындары т.б. ойындармен түрлендіруге тырысамын . Сабақты нәтижелеу кезінде викторина ретінде өткізу тиімді .
1.5 Ойын технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері - мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап , жемісті сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады . Өйткені , кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді . Балалар тез серігіп, тапсырмаларды тез , әрі қызығып орындайтын болады .
Ойын балалардың оқуға , еңбекке деген белсенділігін , қызығушылығын артырудағы басты құрал . Ойын барысынды балалардың белсенділігі , шығрмашлығы дамиды .
Ал мұғалімнің міндеті – балаларды ойынға өз қызығушылымен , ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету .
Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталады . Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды , оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда . Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады .
Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді , оның жалпы ойындар ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған , негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады . Сабақ барысында ойын әдістері мен жағдайларын өткізу мынадай негізгі бағыттарда жүргізіледі :
Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады .
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ . Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі , іскерлігі , дағдысы , дүниетанымы дамиды . Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру , ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу , яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қастыру қажет . Бес саусақ бірдей емес , яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы , дүниетанымы , даму ерекшеліктері әртүрлі . Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейдегі талап қоюға тура келеді . Ал ойын элементтері оқушының кез-елген қызығушылығын туғызады . Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен , белсенділікпен орындайды .
Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі – дидактикалық ойындар .
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын , зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады .
Атап айтқанда , мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып , әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып , затты көрсетіп , түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады .
Бастауыш сыныптардың тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында , қайталау , пысықтау , жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады . Бастауыш сынып оқушылары әліде ойын баласы , сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысу қажет .
Ойындар оқушылардың ой – өрісін дамытып , ойлау қаблетін арттырумен қатар, үйретілген , өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашлық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар , сөздік қорларын молайтып , сауатты жазуғада баулиды . Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай , оны қандай мағынада қолданылатынын да біледі . Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді .
Ойын арқылы оқушы нені меңгереді ?
Оқушылар нақты қызмет тәжірбиесін меңгереді .
Оқушылар тек бақылаушы ғана емес өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді .
Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік беред
Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады .
Уақытты үнемдеуге үйретеді .
Оқушылар үшін психологиялық жағымды .
Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілік талап етеді .
Оқушылар үшін қауіпсіз .
Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады .
Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек .
Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі .
Ойын нәтижесі , өз жетістіктері , әсерлері , алған білімі , дағдысы жөнінде
оқушылар ата – аналарымен , өзге балалармен , мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі , кітапханада өз бетімен іздене білуге , қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.
Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызы зор халық жасаған мұралар сан алуан . Солардың бірі ұлт ойындары . Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы , бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарауы керек . Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап , мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін , баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады .
Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны . Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау , жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде , қайтлау сабақтарында пайдалануға болады . Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса , оның танымдылық мазмұны да арта түседі .
Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін , тартымдылығын күшейтеді , оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады .
Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді , жеңіл келеді .
Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты , мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеоуге ерекше назар аударған жөн . « Ойыннан басталады » ,
-десек , баланың ойын жетілдіріп , сабаққа қызығушылығын , белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын тәсілі – ойын ,
Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады . Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ . Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі , іскерлігі , дағдысы , дүние танымы қалыптасады . Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру , ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу , яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру . Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет . Бес саусақ бірдей емес , яғни әр оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру . Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет . Бес саусақ бірдей емес , яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы , дүниетанымы , даму ерекшеліктері әртүрлі . Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді . Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады . Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен , белсенділікпен орындайды . Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі - дидактикалық ойындар .
Дидактикалық ойындар - көп салалы , күрделі редагогикалық құбылыс . Оны балаларды оқытудың бір әдісі , оларды жан-жақты құралдардың бірі деп айтуға болады .
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын , зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады . Атап айтқанда , мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып , әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып , затты көрсетіп , түсіндіріп сюжетін құрастырады .
Дидактикалық ойын оқу процесінде екі түрлі мақсатпен қолданылады : оқу ( Танымдық ) мақсатта , екіншісі ойын ойнау мақсатында . Мұғалім өзіде ойынға қатысады , балаға үйретеді . Бала ойын ойнай отырып үйренеді .
Мектеп оқушыларның мектепке келгенге дейінгі әрекеті ойын десек , оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу ( таным ) әрекетіне бейімделуі тиіс . Ол сабақ барысында қолданылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады .
Дидактикалық ойындарды сабақтың әр алуан буындарына енгізу :
Түрткі ретіндегі дидактикалық ойындар .
Материалды игеруге даярлық кезінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар .
Материалды пысықтау кезінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар .
Игерілген материалды қайталау кезінде қолданылатын дидактикалық ойындар .
Есептік дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға , көңіл қойғызуға , қабылдауын жеңілдетуге , білімді толық игеруге көмектеседі , сабаққа эмоциялық бояу береді :
Ойынның мақсаты : Баланы пәнге қызықтыру логикалық ойлауын дамыту .
Таным әрекетін қалыптастыру , тиянақтау пысықтау , алған білімді тексеру , қызығушылығын ояту , белсенділігін арттыру .
Міндеті :
1) Танымдық : баланың тану , іздену әрекетін дамыту .
2) Тәрбиелік : айналасымен қарым-қатынас жасауға , қажетті дағдыны , адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру . Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді :
1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру , біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу .
2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі .
3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі. 4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі .
Дидактикалық ойын мектеп оқушыларының белсенділігін арттырып , қиын оқу материалын меңгеруді жеңілдетуі және көлемі бойынша үлкен оқу
Материалдарды есте сақтауға мүмкіндік беруі тиіс .
Оқушылардың шығармашлық белсенділігін арттыру үшін мыналарды жүзеге
асыру қажет :
Жағдайға қарай шығармашлық белсенділікті іске қосу :
Төмендегідей шығармашлық белсенділіктің жүйелі циклдарын іске
Қосудың алғышарттары ретінде шығармашлық жағдайларын жүзеге асыру:
а) шығармашлықтың Мен –субектісінің рольдік обрзын игеру :
б) Шығармашлықтың жетекші ішкі орындаушы механизмдерін игеру :
в) шығармашлықтың әралуан түрлерін игеру :
г) ойын ұжымның шығармашлық бағыттаушылығын дамыту :
д) ойын арқылы шығармашлық ))нәтижені елеулі түрде сезінетін жағдайларды қарастыру .
Белсенділікті дамыту үрдісіне ықпал етуі тұрғысынан келесі ойын типтері мен ойындық формаларды айқындауға болады : оқушылардың шығармашлық белсенділігін дамытатын ойын формалары ( шығармашлық белсенділікті дамытудың жалпы немесе спецификалы емес шығармашлық ойындық құралдары).
Дидактикалық ойындардың сапалылығы :
Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін , мақсатын дәл анықтауға , оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне , шеберлік танытуына , ойынға қажетті материалдарды алдын-ала дайындап алуына , ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады .
Дидактикалық ойын түрлері :
1 ) Заттық дидактикалық ойындар . Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады .
2) Үстел үсті ойындар. Лонго, домино, қарлы кесек т.б.
3) Сөздік дидактикалық ойындар , яғни ауызша ойналатын ойындар .
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес мынадай түрлерге бөлінеді :
1).Ойын-саяхаттар . Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді , қарапайым жұмбақ арқылы беріледі :
2. Ойын –тапсырмалар . Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет , сөздік тапсырмалар құрайды .
3. Ойын-болжамдар . Бұл ойындар « не болар еді ? ...» , « Мен не істер едім , егер ...» деген сұрақтарға негізделеді .
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюымен ерекшеленеді .
4. Ойын – жұмбақтар . Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында . Олар баланың ой әрекетін белсендіреді . Жұмбақтар салыстыру , теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді , оқушы қиялының дамуына әсер етеді .
5. Ойын әңгімелер . Ол мұғалімнің балалармен , балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді . Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа негіз болады . Ойынның құндылығы балаларды эмоцияналдық түрде белсендіруге , өзара әрекет жасауға , бірлесіп ойнауға сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге , білімді толық игеруіне көмектеседі . Ойынның түрлері өте көп : ойын-сабақ , ойын-жаттығулар , сергіту ойындары .
Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін , танымдылық белсенділігін арттырады . Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады . Алайда ойынды үнемі оқу үдерісінде пайдалануға , ұзақ уақыт созуға болмайды . Ойын белгілі бір уақытта жүзеге асырылып , сабақ кездеріне нұқсан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс .
Бастауыш сыныптардың тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында қайталау , пысықтау , жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады . Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы , сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткзуге тырысуы қажет .
Дидактикалық ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып , ойлау қабілетін артырумен қатар , үйретілген, өтілген тақырыптарды саналыда берік меңгеруге үлкен әсер етеді . Ойындар оқушылардың шығармашлық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар , сөздік қорларын молайтып , сауатты жазуға да баулиды . Оқушылардың ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай , оның қандай мағынада қолданылатынында біледі . Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді .
Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды орын алады . Ойын бастауыш сынып мұғалімдерінің бірден-бір көмекшісі болуы керек .
Оқу жұмысында ұлттық ойындарды қолдану .
Халық жасаған мұралар сан алуан . Солардың бірі ұлт ойындары . Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы , бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарауы керек . Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін , баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады . Ұлттық ойындар халқымыздың өз ұрпағын ойын-сауықтарда бәсекеге түсіп , жеңімпаз атанып , жүлде алу үшін ғана емес , ата жолын қуып , өзінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып , өз жұртында бар өнерді игеріп , меңгеруге , шаруашлық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет , шапшаң ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген . Ұлттық ойындарды оқу мен тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі , өнегелі тәрбие беру – қазіргі міндеттердің бірі . Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен тұлғалық қатынасын ( этикалық , эстетикалық , адамгершілік тұрғысынан ) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының ,
салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына сіңіру арқылы жүзеге асыруға болады.Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдіптілік қонақжайлық ,мейрімділік , т.б сияқты қасиеттер , табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер . Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен , асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді . Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған . Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой - өрісін жетілдірумен бірге , өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп , кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы . Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы . Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылады . Монның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр . Халық педагогикасының адам, отбасы , өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман мақсаттарын , орныққан пікірлерін , ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеалар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетед і. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта ( білім,білік ) т.б. жиналып , ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады . Ең алдымен , халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып , оларды келешектегі қызметіне дайындайды . Біздің халықтық педагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады . Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс – тәсілдер құралы сөз жоқ, еңбек болып табылады . Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде ұрпақтан-ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады . Еңбек ету кезінде адамның дене , ақыл-ой , эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді . Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады . Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді . Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс – әрекетіне еліктейді . Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады . Мәселен , қазақтың ұлттық :« Бәйге» , «Көкпар» , » Хан талапай » , » Қыз қуу» , » Теңге алу » , » Аударыспақ » , » Орамал тастау » , » Көкпар» , » Асық » , » Сиқырлы қоржын » т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін артырады .
Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп , өзінің үрдіс дәстүрін сақтаған қазақ балалар фольклорының айрықша бір саласы балалар ойындары . Ұрпағын ойламайтын халық болмайды . Қазақ ойындарының өміршең қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында .
Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы , өмірді білуге деген құмарлығы , шынығуы , шындалуы , оның ақыл-ойы , дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып , алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды , алға қарай ұмтылсын , құштарлығын оятады . Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен ізденуі , білімді қажетсінуі өсіп . Нақтылы мақсаткерлікке ұласады . Ойынға қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады .
Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді , жұмбақтардыжатқызуға болады . Олар әр тілді , әрі ақыл-ойды дамытуға , демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді . Оқушы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға , қысылып-қымтырылмауға , басқалармен тіл табысуға , жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды .
Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны . Ойын элементтерін оқу процесін пысықтау , жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде , қайталау сабақтарында пайдалануға болады . Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса , оның танымдылық маңызыда арта түседі . Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін , тартымдылығын күшейтеді , оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады . Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді , жеңіл келеді . Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты , мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн . Баланың ойын жетілдіріп , сабаққа қызығушылығын , белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын тәсілі -ойын .
Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды , әрі түсінікті болады . Ойын сабақтарды оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге , ойлау қабілетін дамуға үйретеді . Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып , бір-біріне қамқорлығы , ұжымдық бірлігі нығаяды . Балаларды жақсылыққа , қайырымдылыққа , ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады . Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап , білімді меңгеруіне көмектеседі .
1.6 Ағылшын тілі сабағында ойын түрлерін қолдану тәсілдері .
Ағылшын тілі сабағында оқушыларға қызықты етіп өткізу үшін ойын сабағын қолданамыз ағылшын тіліндегі сабақта мынадай жалпы ойындар қолданылады .
фонетикалық ойындар
әріптерге байланысты ойындар
оқу ережесіне байланысты ойындар
сөйлеу қабілетін дамытуға арналған ойындар
граматикалық ойындар
сан есімге байланысты ойындар
Сонда қарап отырсақ ойынның түрлері өте көп және әрбір ұстаз , әдіскерлер өз ойын түрлерін ұсынады . Бірақ осының барлығын жас , болашақ ұстаз барлығын қарастырып ең тиімдісін таңдап , өз тәжірібиесінде қолданса жақсы жетістіктерге жетеді .
Алғаш әріптері үйреткеннен бастап әрбір әріптен келетін затты көрсетіп өтсек , онда ол әріп оқушының есінде қалады .
Мысалы : Aa – apple Dd - doll
Bb – book Ee - ear
Cc – cake Ff – face
Сонымен бірге әріпті дұрыс қатесіз түзу жазуда бастауыш сыныптан басталады . Ол үшін арнайы дәптер немесе әр әріпті мұқият тақтаға жазған дұрыс. Дыбыстарды толық меңгерген оқушы сөздерді дұрыс оқи алады . Оны дұрыс оқыту , оның қатесін дұрыстау әр мұғалімнің міндеті .
Оқушылардың фонетикалық және граматиканы толық түсініп әрі қарай жалғастырып оқып қызығу үшін оларға өткен жөн . Мұғалім мен оқушыларды қызықтырудың қосымша шараларын іздестіруді қажет етеді .Мұндай қызықтыру шаралары қатарына : еңбек еңбек процестерін суреттеу , еңбек , білім , ғылыми озаттары , табиғат , туған ауыл туралы әңгімелеу . Осылайша мұғалім оқу материалын өмірмен тығыз байланыстырады .
Ойын оқу материалын толық түсінуге көмектеседі .
Ең маңыздысы оқушылардың дыбыстарды дұрыс айтуы керек .
Оқушылардың ағылшын дыбыстарын дұрыс айтуға арналған бір ойын түрі « Шие » атты ойыны . Бұл ойынды барлық сынып оқушылар арсында өткізуге болады . Плакатқа түрлі шиелер салынған және оның ішкі жағына өтілген әріптердің транскрипциялары жазылған . Оқушылар оларды дауыстап оқып , өздері білетін ( сол дыбысқа байланысты ) сөздерді айтады .
« Алма ағашы » атты фонетикалық ойыны . Осы ойында мұғалім үлкен плакатқа үлкен алма ағашын салып , алмалар ішінде транскрипциялар жазылған . Алма ағашының жанына өтілген әріптер жазылып , оның қасында транскрипциялары жоқ . Сондықтан оқушылар алма ағашынан алманы үзіп алып , әріптердің жанына сәйкес транскрипцияны қоюы қажет .
« Voice Training Games » өлеңдерді қатты , түсінікті айтуға бағытталған ойын, бұл « The frog is green » деп аталатын тақпақ арқылы іске асырылады.
« The frog is green , green ,
And so is the tree.
One , two , three ,
Red , red , red is the rose
Blue , blue , blue is the dress
Grey , grey, grey is the rat
And so is the cat »
Сонымен қатар бұл тақпақтар түстерді есте сақтауға , дұрыс айтуға үйретеді . Мысалы тағы да мынадай қысқа тақпақ сияқты . « Blue sea »
Blue sea – green tree
Brown hand - yellow sand
Rose red – grey head
Snow while - black night
3 « Relaxion » кезеңінде жоғарыда атап өткен « Lapping Milk » ойынын өткізуге болады , осымен қатар « Lion » тақпағын айтқызып , аңыздарын кең ашып айтуға және оны айта отырып балалар демалып , серігіп алуы абзал .
« I see a big yellow lion ,
A big yellow lion !
What a big yellow lion ?
What a lion ! What lion ! »
Барлық аталып өткен фонетикалық ойындар қызықты , оқушыларды өзіне тартып тұруы қажет .
Қорытынды
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы . Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді .
Ойын арқылы балалар қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді . Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды , отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады . Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатнасы мен қабіллеттерін қалыптастырады . Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы , бір-біріне деген сыйластық , қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды . Ойынның басты шарты жеңіске жету болса , әр ойыншы өз қарсыласының мүмкінді ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгеру болса , мұғалімнің міндеті сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге , ой белсенділігі мен тіл байлығын артыра түсуге түрлі дағдымен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу . Оқу тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды :
-ойлау,ес,сөйлеу,жігер, назар үрдістеріне дидактиалық ойындардың әсер ету сипаты :
-жеке оқыту маңызының артуы :
-оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашлық ізденіске ұмтылуы , т.б.
А.С.Макаренконың айтуы бойынша , ойынға бір жақты көзқарас педагогикалық процесте ойынды дұрыс пайдаланбауға әкеп соғады , көп ретте мұғалімдер ойынның негізгі мәні балаларға қуаныш сыйлау екенін ұмытады . Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек үйренуіне мүмкіндік береді . Ал Ю.К. Бабанский - ойында бастауыш сынып оқушыларының барлық әрекеттерін ынталандырудың түрлері мен әдістері ретінде ұсынады Н.К.Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның барла өміріндегі маңызына үлкен мән берген . Қандай ойын болмасын , әйтеуір бір нәрсеге үйретеді , ең бастысы – баланы мұқияттылыққа , еңбекке , жолдастарымен ынтымақтастықта болуға үйренеді .
Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап , берік меңгеруіне көмектеседі . Әлем педагогикасында ойын – белгіленген ережелері бар, бір мақсатқа жету үшін ойыншылар арасындағы сайыс пен жарыс ретінде қарастырылады . Ойын ең алдымен қарым-қатынас жасау, үйрету , өмірлік тәжірбиені жинақтау жолындағы әлеуметтік мәдени феномен болып табылады .
Ойынның қиыншылығы оның түрлерінің көптігінен , қатысушылар санынан , ойын өткізу алгоритімінен туындап отыр . Ойын әрекет сәби кездегі қарапайым сылдырмақтардан басталып , бірте-бірте күрделену арқасында фантастикалық шындық деңгейіндегі видео-компьютерлік ойындарға айналады. Ойынның Табиғилығы сонша , ол оқу элементінің таптырмас бөлігі . Ойын үрдісі кезінде сыныптағы топтардың әлеуметтік рөлі және ойын тәртібі игеріледі . Ойын мақсаттарына жету жолында ұжымның бірлескен іс-әрекетінің дағдысы , оқушылардың жеке мінез – құлқы қалыптасады . Ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап бизнеске , мәдениетке , қоғамтануға және басқарудың барлық салаларына сәйкес мамандар даярлауға қатысты бағдарламаларды меңгеруге көмектеседі .
Сондықтан бастауыш сыныпта ойындарды қолдану арқылы оқушылардың ой –өрісін дамыту көкейкесті мәселе екендігін қорытындылай келе :
1.Ойын арқылы қоршаған дүние , бейнелей отырып , олардың өмірге көзқарасы қалыптасады . Шығармалық іс-әрекет дамиды , өзіне ойын кезінде сенім артып , күш жігерін молайтуға жол табады.
2.Ойындардың оқу-тәрбиелік сипаты да терең . Ойындар арқылы оқушылар индукцич мен дедукция салыстыру және ұқсастық талдау түрлерін меңгереді .
3.Ойын оқушылардың алған теориялық білімдерін практика жүзінде ұштастыруға тереңдете түсуге , оларды байқағыштыққа , танымдылыққа тәрбиелейді .
4.Ойын бала дамуының негізгі құралы . Ойынды балалардың жас ерекшелігіне пәннің мазмұнына сәйкес сұрыптап пайдалану орынды .
5.Сабақтарды дидактикалық ойындарды қолдану сабақтың әсерлігін арттырып оқушылардың осы пәнге деген ынтасын дамытады . Бұл ойындар жаңа сабақ процесінде де өткенді қайталау , білімді тиянақтау кезінде де қажетті сабақ мазмұнынана орай пайдаланады .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .
1.Адамтаева Г. « Білімді тиянақтау » . Бастауыш мектеп 10-2004ж. 23 бет .
2.Асқарова Ж. » Интелектуалды ойын » . Бастауыш мектеп 2-2002ж.36 бет .
3.Ақбаев » Дидактикалық ойындар . Бастауыш мектеп 3-2000ж. 40бет.
4.Әбішева А . » Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері». Бастауыш мектеп 4-2003 ж .17 бет.
5.Байтова М.А. » Бастауыш кластарда матиматиканы оқыту методикасы» Алматы » Мектеп » 1978 ж .
6.Баймұратова Б . » Алты жастағы балаларды оқыту мәселелері » .
7.Балқуатова » Ойын мен оқытуды сабақтастыра жүргізу » . Бастауыш мектеп 5-2005ж. 7-8 бет.
8.Бекжүрсінова . Ғ. » Ойын – тиімді тәсіл » . Бастауыш Мектеп 2-2000ж. 25 бет.
9.Жапсарбаева » Бастаыш – білімнің іргетасы » . Бастауыш мектеп 10-2004ж.23бет .
10.Иманбекова.Т. » Балалықтың қанына ойын азық » . Бастауыш мектеп 2-1999ж. 14 бет.
11.Қазенова .Г. « Ойын арқылы оқыту » . 4-2001ж .12 бет.
12. Қожағұлова.П. » Бала және бос уақыт » . 6-2003ж. 55 бет .
13.Қоянбаева » Педагогика » .Алматы 2000 ж.
14.Кішібаева Д. » Ұлттық ойындарды пайдалану » . Бастауыш мектеп 2-2004ж.22бет.
15.Крупская Н.К. » Мұғалім туралы . Таңдамалы мақалалар мен сөздер » 2-басылым , Толықтырылғ 2-басылым , Толықтырылған. Москва 1960ж.
16.Макапенко.А.С. » Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар » .
17. Мұхамеджан.Ү. » Қимыл-қозғалыс ойыны » . 2-2002ж. 42 бет .
18.Мамырбаева » Жаңа технологиялар сабақта » . Бастауыш мектеп 7-2004ж.45бет.
19.Мендалиева » Ұлттық ойындар » . Қазақ мектебі 12-2003ж.25-27бет.
20.Мендалиева.Б. » Балалардың қозғалмалы ойындарды қажет етуі ». 12-2004ж.60бет.
21.Нұрғаева.Г. » Ойын сабақ » Бастауыш мектеп 3-2002ж.35 бет.
22.Оразбекова « Дидактикалық ойындардың маңызы » Бастауыш мектеп 2-2000ж.40бет.
23.Сағымбекова » Ойыннан оқуға » . Бастауыш мектеп 3-2002ж. 33 бет .
Достарыңызбен бөлісу: |