I т а р а у Ќазаќ тілін оќыту методикасыныњ ПЅНІ



бет14/59
Дата11.01.2022
өлшемі1,64 Mb.
#111277
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59
Байланысты:
Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі

3 ОҚУ МЕН ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ

Дағды дегеніміз әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы, артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, жоғарыда көрсеткеніміздей, бала оқу-жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды.

Атақты физик М. Лауэ оқу, білім жөнінде айта келіп: «Білім — бүкіл оқығандарың ұмытылып қалғанда, бойыңда сақталатыны»,—дейді. Бұл сақталып қалатын не? Ол — әдет, сенім, бағыт, дағды және қабілет — міне, нағыз білім — осылар! «Дағды, — деп көрсетеді психолог С. Л. Рубинштейн, — саналы түрде автоматталған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады».

Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен ка­рым-қатынас жасау барысында үйренеді. Бала үлкендердің істеген әрекеттерін көріп бақылап, оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды. Ал оқытуда мұғалім дағдыландыратын әрекеттерін әдейі көрсетеді, түсіндіреді, балалар оның орындалуын бақылайды. Осы про­цесс, сыртқы әрекеттің адамның бойына сіңуі, ішкі психикалыққа айналуы интериоризация деп аталады, яғни сыртқы заттық әрекеттің ақыл-ойға, санаға өтуі. Мұндай процесті оқытуда баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыру саласында психолог П. Я. Гальперин және оның шәкірттері зерттеді. Бұл зерттеулер бойынша баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыруға болатыны дәлелдейді. Мұнда дағды мен шеберліктің қалыптасу ұзақтығы да, оның нәтижесі де (беріктігі, саналылығы, жи-нақтылығы т. б.) ақыл-ой әрекетін қалыптастыру процесін ұйымдастыруға байланысты екені көрсетіледі. Ендеше мұнда да басты жауапкершілік мұғалімге жүктеледі. Ал осы ақыл-ой әрекетін ұйымдастыруға қандай талаптар қойылады? Олардың негізгілерін атап өтелік:

1) ақыл-ой әрекетін бағыттаудың толық болуы: яғни қандай да болмасын дағдыны қалыптастырудың өзі балаларға бағыт беру, түсіндіруден басталады. Оқушы осы бағытпен өздігінен орындауға кіріседі;

2) әрекеттің материалдық түрде қалыптасу кезеңі. Оқушы көргенін орындайды, бірақ бұл әлі сыртқы, материалдық формада (мысалы, оқушының таяқша салуға кірісуі: басын қисайтып, иығын бүкірейтіп, бүкіл кеудесін бір жағына қисайтып, шынтағын көтеріп, саусақтарының барлығын бүгіп, бар күшін жұмсауы);

3) әрекеттің сыртқы сөйлеу ретінде көрінуі (балалар дауыстап сөйлеп отырады). Бұл кезеңде күрделі әрекеттер бөліп-бөліп орындалады (мысалы, сауат ашу барысында бір әріпті жазуға үйрету үшін бірнеше элементтерді бөліп-бөліп жазып жаттығады);

4) әрекетті ішінен сөйлеп отырып орындайды. Яғни дағды мен шеберлікке саналы түрде үйренеді, әрбір қимылды не үшін, не мақсатпен орындайтынын біледі. Бұл сатыда бірқатар артық қимыл-қозғалыстар жойылып, жинақталады;

5) дағды мен шеберліктің толық, қалыптасып бітуі.

Сауат ашу кезеңінде мұғалімдер балаларды оқу-жазу әрекетіне үйретуде осы көрсетілген «сатылы қалып­тастыру» жүйесін сақтауға тиіс.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Дағды дегеніміз не?

2. Дағдының іс-әрекетте атқаратын рөлін дәлелдеңіз.

3. Дағдының қалыптасу процесінің кезеңдерін сипаттаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет