ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың, жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, олардын, зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтары мен жеке қасиеттерін жақсы білу керек, Алты жасар баланың зейіні тұрақсыз, оның толқуы сабақ үстінде күшті, ал бөліну қасиеті мүлде жоқ десе де болғандай, көлемі ете шағын болады. Сондықтан оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ балаларды тыңдай білуге, оңай тапсырмаларды дәл орындап жүруге үйрету керек. Бұлардың зейіндері заттарды бақылай білу, олармен жұмыс жасау (әріптерден сөз құрау) арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейіннің тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет түрлерін жиі өзгерту — балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі.
I сынып оқушыларының ес ерекшеліктері: логикалық-сөздік байланыстардан гөрі көрнекі бейнелердің басым болуы. Сөздік материалды олар механикалық түрде, мағынасына түсінбестен жаттап алады. Мұғалім бұл ерскшелікке де көңіл аударуға тиіс.
Алты жасарлардың қабылдауы мен ойлауында да толып жатқан ерекшеліктер бар: олар ажырата қабылдауды білмейді, тұтас қабылдайды. Осыған орай, мұғалім тапсырма бергенде дәлдеп, бөліктерге бөліп беру немесе заттар мен құбылыстардың құрамымен таныстыру т. б. ескергені жөн. Мысалы, олар алғашқы сөз, буын, дыбыс ұғымдарын шатыстырады; мұғалім бірте-бірте бұл сөздердің әрқайсысының мағынасын ажыратып, мәнін аңғаруға үйретеді. Ажырата қабылдауға салыстыру арқылы да үйретуге болады. Мүнда тек әріптерді, дыбыстарды, буындарды, сөздерді ғана салыстырып қоймай, заттарды, құбылыстарды да салыстыруға болады. Мысалы, тауықты құстар қатарына қосуға бола ма? Сұрағы арқылы, егер болса, қандай белгілеріне қарай, құс дейміз? Егер болмаса, неліктен құстар қатарына жатпайды? т. б. салыстыруды іске асыруға болады.
Оқытудың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуға тиіс. Алайда оқылатын материал үнемі оңай, жеңіл-желпі орындалатындай болуы қажет деген ұғым тумаса керек. Оқыту процесінде шамасы жететін қиыншылықтарды өз күштерімен жойып отыруға оқушыларды мәжбүр еткен жөн. Өйткені қиындыққа ксздеспейінше, ойлау белсенді қызмет атқара алмайды. Ал, екінші жағынан, шамасы жетпейтін қиындыққа кездессе, ой тежелуге ұшырайды, ерік күші мұқалады. Ендеше, бұдан шығатын қорытынды — сабақтың түсінікті болуы шарты.
Материалды оқушыға ұғындыру, оларды білім алуға дағдыландыру көп жағдайда оқыту тәсілдеріне байланысты. Тәсілдіреді түрлендіру, сабақтың көрнекілік жағына баса назар аудару сияқты талаптар, міне, осыған орай туады. Мұнда да алты жастағылардың бейнелілік, нақтылық, аса сезімталдық ерекшеліктері мен қабылдау, ойлау ерекшеліктеріне сәйкес келу жағын қадаға-лау керек.
Балалар оқыіі үйренетін «әліппе» кітабында жекелеген суреттср, сюжетті суреттер, түрлі түсті бояумен әдемі салынған сызбалар, жұмбақтар және жаттығулар берілген. Бұл кезде балалар, жоғарыда көрсетілгендей, сөз, дыбыс, буын, сөйлем деген сияқты дерексіз ұғымдармен алғаш рет кездеседі. Бұл ұғымдардың мәнін нақтылап түсіндіру үшін көрнекі құралдардың (сызба, сурет, кеспе әліппе, таблицалар т. б.) пайдасы мол. Көрнекіліктерді ойын ретінде де пайдалануға болады. Оның барлығы сабақтың нақты мақсатына байланыстырылып беріледі. Мұнда тағы да ескерілетін жай — бірден бірнеше көрнекілік ұсынуға немесе керегі болсын-болмасын кез-келген көрнекілікті (олар тіпті ашық түсті бояумен боялған, әдемі әшекейленген болса да) ұсына берудің реті жоқ. Себебі: басы артық, тым көп көрнекілік те балалардың зейінін жинақтау, тұрақтандыру емес, керісінше, алаңдатып, зиянын тигізуі мүмкін.
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас жасау барысында олардың, жауап беру ерекшелігін, белсенділік көрсету қарқынын, жүріп-тұру қалпын, қиналған жерлері мен жіберген қателерін есепке ала жүріп, әрқайсысына сұрақ қойғанда баланы жігерлендіретіндей, өз күшін байқай алатындай, анағұрлым бір пайдалы жұмыс болу жағын мұқият іздестіреді.
Сауат ашу кезіңде сөз бен сөйлемдерді саналы, дұрыс оқуға дағдыландырумен қатар әріп элементтері мен жекелеген әріптерді түзу жазып дағдылану барысында балаларға табиғат, адамдардың өмір сүруі жөнінде мағлұматтар беріліп, олардың айналадағы заттар мен кұбылыстар туралы түсінігі кеңейе түседі.
Кеңес педагогикасының талабы бойынша, сауат ашудың бірінші күнінен бастап-ақ оның тәрбиелік мәніне зор көңіл бөлінеді.
Оқыту мен тәрбие — бір бірінен ажыратуға келмейтін, тұтас бір процесс болғандықтан, оқытудың тәрбиелік мәнінің өзі ақыл-ой тәрбиесіне жатады. Сондай-ақ сауат ашудың бірінші күнінен бастап күнделікті режим, тазалықтың пайдасы, оқушының міндеті жөнінде түсінік беру бағытында жүйелі жүмыс жүргізіледі. Оқу материалдарымен байланыстырылып келтірілген мысалдар, дәлелдер балаларды өз отанын шексіз сүюге, интернационалдық рухта тәрбиелеп, еліміздегі ұлы өзгерістердің нәтижесіне олар қуанатындай дәрежеде жүргізілуі тиіс.
Балалардың эстетикалық талғамын дамыту ертегі, көркем әңгіме, өлең, оқу, сурет, музыка т. б. арқылы іске асырылады.
Баланың бастаған істі аяқтап шығу, кездеген игі мақсатына жету, ұқыптылық, уақытты дұрыс пайдалану т. б. мінез құлық сапалары да сауат ашу кезеңінде тәрбиелене бастайды.
Сөйтіп, адамгершілік, достық кеңестік патриотизм, интернационализм, атеистік, эстетикалық еңбек тәрбиесі т. б. жұмыстардың негізі сауат ашу кезеңінде-ақ қалана бастайды.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Бірінші сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін қалай пайдалануға болады (психологиядан алған білімдеріңмен ұштастырып айтып беріңіздер)?
2. Бірінші сынып оқушыларының қабылдауы мен ойлауын қалай тәрбиелеу керек?
3. Зейін, қабылдау, ойлау процестерін тәрбиелеуді қалай іске асыруға болатынын көрсететін (психологиядан алған білімдеріңді пайдалана отырып) бір сабақтың жоспарын жасаңыздар.
4. Сабақтың түсінікті болуын қамтамасыз ететін негізгі талаптар қандай?
5. Оқыта отырып, тәрбиелеу, дамыту дегенді қалай түсінесіздер, дәлелдеңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |