34
Параболалы концентратор
екі координат бойынша басқарылады. Ол
күн сәулесін
шағын ауданға шоғырландырады, концентрациялау дәрежесі
жоғары, жұмыстық температурасы - 250
0
С...650
0
С, ПӘК - 60 %...70 % (2.17,
Б
сурет).
Френель линзасы тұтас әйнектен жасалады және оның көлденең
қимасына арнайы пішін беріледі (2.17,
В
сурет).
2.18 суретте «Corning» фермасының жылулық түтігі және астау
тәріздес айнасы бар гелиоколлекторының қимасы көрсетілген. Астау тәріздес
айнаның негізгі ерекшеліктері мынада:
сәуле қабылдағыштың цилиндр
қабырғасына жүргізілген жанамалар айна бетіне перпендикуляр болады;
концентрациялау дәрежесі С=1.
Әр
пішіндегі
диффузиялық
шағылыстырғыштары
бар
концентраторлардың оптикалық ПӘК айтарлықтай төмен. Оларды металл
парақша қаңылтырларды түске бояу арқылы жасайды,
оның жұмыс жасау
мерзімі ұзақ және айналы шағылыстырғышқа қарағанда материал мен оны
жасауға жұмсалатын шығындар айтарлықтай аз.
2.19 суретте спираль профильді гелиоколлектор көрсетілген. Радиация
тікелей спиральға түсіп, шағылысады, спиральдың ішіне түскен
сәуле
дөңгелек құбырда жұтылады.
Фокустаушы концентраторлы гелиоколлекторлардың
артықшылығы
–
температурасы жоғары жылу (бу) алу мүмкіндігі.
Кемшілігі:
бағасы қымбат,
шаңнан үнемі тазарту керектігі, күндізгі уақытта ғана жұмыс жасайтындығы,
күннің жүрісін бақылау жүйесі мен үлкен көлемді аккумулятор қажеттілігі,
бақылау жүйесінің жұмысына жұмсалатын энергия шығынының болуы.
1-бу; 2-селективті жабыны бар
сәуле қабылдағыш; 3- фитиль; 4-астау
тәріздес айна; 5-шыны қаптама;
6 - түсу бұрышы; 7- күн сәулесі.
2.18 сурет – Астау тәріздес айналы
гелиоколлектор
1- коллектор құбыры;
2- шағылыстырғыш қабат.
2.19 сурет – Спираль
профильді
шағылыстырғышы бар гелиоколлектор
35
2.4.4 Құбыр тәріздес вакуумделген
гелиоколлекторлар.
Вакуум идеал жылуұстағыш (изолятор) болғандықтан, мұндай
гелиоколлекторлардан қоршаған ортаға кететін
жылу шығыны аз мөлшерде
болады. Бірақта вакуум жасап, оны коллекторда ұзақ ұстап тұру өте қиын.
Достарыңызбен бөлісу: