И. Т. Алдибеков



Pdf көрінісі
бет20/54
Дата04.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#183636
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54
Байланысты:
OIpfmz5UdRAokhv7ETqW2tM9cLGBYN
Садыкова Т.М.Философия пәнінен билет сұрақтары
 Ыстық сумен қамтамасыз етудің (ЫСҚЕ) маусымдық гелиожүйелері 
бір контурлы етіп жасалады және сыртқы ортаның температурасы оң болатын 
жаз мезгілінде және өтпелі айларда жұмыс істейді. Олар қызмет ететін 
обьектінің арналымы мен эксплуатациялау жағдайларына қарай мұндай 
гелиожүйелер қосымша жылу көзін қолдануы да мүмкін немесе қолданбауы 
да мүмкін.
Ғимаратты 
жылытудың гелиожүйелері,
әдетте, екі немесе көп 
контурлы болады, бұл жағдайда әр контурда әртүрлі жылу тасымалдағыш 
қолданылуы мүмкін (гелиоконтурда – қатпайтын сұйық қосылған су қоспасы, 
аралық контурларда – су, тұтынушының контурында - ауа). 
Жыл бойы ғимаратты жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етудің 
қ
ұрамалы гелиожүйелері 
көп контурлы болады және олардың құрамына 
дәстүрлі жылу генераторлары сияқты қосымша жылу көздері кіреді.
Бір контурлы қондырғылар
– гелиоқондырғылардың кең тараған түрі. 
Жылу тасығыштың айналымы (циркуляциясы) табиғи болатын бір контурлы 
гелиоқондырғының конструкциясы 2.12 суретте көрсетілген. Қондырғы 
гелиоколлектормен және бак-аккумулятормен жабдықталған.
Артықшылығы:
құрылысы қарапайым, ПӘК-і жоғары. 
Кемшілігі:
сыртқы ортаның температурасы теріс болғанда жұмыс істей алмауы 
(маусымдық жұмыс режимі), суда оттегі ерітіндісі болуынан коррозияның 
болуы, су сапасына жоғары талаптар қойылады. 
Жылу тасығыштың айналымы (циркуляциясы) табиғи болатын екі 
контурлы гелиоқондырғы 
екі контурдан тұрады. Бірінші контур күндік 
коллектордан, ыстық су жинақталатын бактан, бак ішінде орнатылған жылу 
алмастырғыштан, кеңейту күбісінен, ауа шығарғыштан тұрады. Екінші контур 
ыстық су жинақтайтын бактан (аккумулятордан), ыстық және суық су 
құбырларынан, жабу-реттеу арматураларынан тұрады. 


30 
Қондырғының 
артықшылығы 
– 
бірінші 
контурдағы 
жылу 
тасымалдағыштың табиғи айналымын қолдану мүмкіндігі, антифриз 
арқасында қыс бойы жұмыс жасауы, жұмыс істеу сенімділігі мен қызмет ету 
мерзімінің артуы. 
Кемшілігі:
жылуалмастырғыштың қажеттілігі, қосымша 
шығындар, бірінші контурдағы жылу тасымалдағышты жиі алмастыру.
Жылу тасығыштың айналымы мәжбүрлі жағдайда өтетін екі 
контурлы гелиоқондырғы 
жоғарыда аталған қондырғыға ұқсас, тек мұнда 
бірінші контур қосымша сорғышпен (насос) стансамен, басқару қалқанымен, 
жылу реттегішпен, манометрмен, сақтандырғыш клапанмен және реттеуші 
арматурамен жабдықталған (2.13 сурет). 
2.12 сурет –бір контурлы 
гелиоқондырғы
2.13 сурет –екі контурлы гелиоқондырғы
Бұл қондырғының артықшылығы
:
- мәжбүрлік айналым коллектордың жылу сіңіруі 30 % жақсартады; 
- бак-аккумуляторды ыңғайлы орынға орналастыру мүмкіндігі; 
- оңтайлы режимде жұмыс істей алуы және басқарудың оңайлығы. 
Кемшілігі:
сорғыны үнемі қолдану және сорғы жұмысына жұмсалатын 
қосымша энергия шығыны. 
Құрамалы гелиоқондырғылар 
көп контурлы 
болады. Олар бұлтты және 
суық күндері гелиоколлектор ЫСҚЕ жүйесін толыққанды жылумен 
қамтамасыз ете алмаған жағдайда іске қосылатын, қосымша жылу 
генераторымен жабдықталған (2.14 сурет). 


31 
1-гелиоколлектор; 2- аккумулятор; 3-басқару қалқаны; 4- сорғы стансасы; 
5-кеңейту күбісі; 6-қосымша жылу көзі; 7- ыстық су шығысы; 8-суық су кірісі; 9-сорғыш. 
2.14 сурет – Көп контурлы құрамалы қондырғы 
 
Күндік коллекторларды топтастыру және олардың конструкциясы

Жасалу принципі бойынша гелиоколлектор екі типке бөлінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет