И. Т. Алдибеков



Pdf көрінісі
бет23/54
Дата04.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#183636
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54
Байланысты:
OIpfmz5UdRAokhv7ETqW2tM9cLGBYN
Садыкова Т.М.Философия пәнінен билет сұрақтары
Жылуұстағыш (жылулық изолятор) ретінде вакуумды қолданатын 
коллекторлар
әдетте 
цилиндр 
тұтікшелерден 
жасалады. 
Олар 
жылутасымалдағышты 80 
0
С...100 
0
С қыздырады, жазық коллекторлармен 
салыстырғанда күн энергиясын түрлендіру тиімділігінің және қыздыру 
температурасының жоғары болуымен ерекшеленеді.
Құбыр (колба) тәріздес пішін вакуум жасауға және ұстап тұруға өте 
ыңғайлы. Сол себепті де тұрмыста құбыр тәріздес вакуумделген 
гелиоколлекторлар кең қолданыс тапты.
Өте кең тараған вакуумдық гелиоколлекторларды мынадай топтарға 
бөлуге болады: 

әйнек құбырдың типі бойынша 
(
коаксиалды, қанатты);

жылулық каналы бойынша 
(
«Heat pipe» жылулық түтікшелі канал, 
тікелей ағынды канал
). 
Әйнек құбырдың екі түрлі конструкциясы бар: 
коаксиалды құбыр және 
қанатты құбыр.
2.20,а суретте 
коаксиалды құбыр 
көрсетілген, ол термос тәріздес,
 
екі 
әйнек құбырының арасындағы ауасы сорылған (вакуум жасалған) құбыр. Ішкі 
құбыр сіңіргіш жабынмен қапталған, сондықтан жылу беру әйнек құбырдың 
өзі арқылы орындалады.
2.20,б суретте
қанатты құбыр
көрсетілген, ол бір ғана әйнек құбырдан
тұратын құбыр. Вакуум осы құбырдың ішінде, жылулық канал 
айналасындағы кеңістікте жасалады. Бұл кеңістікте жылулық каналдың 
(түтікшенің) бір бөлігі мен абсорбер біріктірілген.
Жылулық каналдың типі бойынша 
құбыр тәріздес вакуумделген 
гелиоколлекторлар екіге бөліп қарастырамыз:
«Heat pipe» типті жылулық 
каналы бар коллекторлар
және тікелей ағынды жылулық каналы бар 
коллекторлар. 
Heat pipe» типті жылулық каналы 
(«жылулық түтікше» деп те 
аталады)
 
вакуумделген коллекторлар нарықта кең тараған (2.21 сурет). 
Жылулық түтікшенің әрекет ету принципі жылуды жақсы өткізетін 
металдардан (мыс немесе алюминий) жасалған тұйық түтікшеде жеңіл 
буланатын (булану температурасы төмен) сұйық болады. Жылу алмасу осы 
сұйықтың күн сәулесінің әсерінен қызуы нәтижесінде орындалады.
Түтікшенің төменгі жағындағы сұйық жылуды сіңіре отырып, қызады 
және буланады. Бұл бу түтікше бойымен жоғарғы көтеріліп, оның жоғарғы 
бөлігіне (жылу жинағышқа) келгенде конденсацияланады, яғни бу өзінің 
бойындағы жылуды жылу жинағышқа беруі нәтижесінде қайтадан сұйыққа 
айналады. Содан кейін бұл сұйық қайтадан төменге түседі де, күн сәулесі 
әсерінен 
буланып, 
қайтадан 
жоғары 
көтеріледі, 
онан 
кейін
конденсацияланады. Осылайша мұндай үрдіс қайталанып отырады. Жылу


36 
а
) б)
2.20 сурет – Вакуумделген коаксиалды құбыр (а) және қанатты құбыр (б) 
жинағыштағы жылу оны жанамалап жүретін жылутасымалдағышқа беріледі.
 
Тікелей ағынды каналдық коллекторларда
жылу тасымалдағыш әйнек 
құбырдың ішіне орналасқан түтікшелер арқылы үздіксіз ағады және қызады
(2.22 сурет).
2.21 сурет– Вакуумды коллектордағы 
«Heat pipe» жылулық түтікшенің сұлбасы 
2.22 сурет – Тікелей ағынды 
каналы бар коллектор


37 
2.21 суретте вакуумды коаксиалды құбырда «Heat pipe» типті жылулық 
каналдың орналасуы көрсетілген. Өзінің арзандығы және зақымданған әйнек 
құбырларды 
оңай 
алмастыруға 
болатындығы 
мұндай 
вакуумдық 
гелиоколлекторлардың кең тарауына себеп болды. Бұл коллекторлардағы
жылу алмасу үрдісі - айтарлықтай күрделі үрдіс. Жылу әйнек құбырдан
алюминийден жасалған жылуқабылдағышқа, одан жылулық түтікшеге, содан 
кейін гелиожүйенің жылутасығышына беріледі. Осылайша жылу алмасу 
үрдісі бірнеше рет қайталанады. Бұл жағдай және күн сәулесін сіңіретін 
қабаттың шеңбер тәріздес пішінде болуы осы типті гелиоколлекторларының 
тиімділігінің жоғары болмауына себеп болды. Олардың максималды ПӘК 
мәні (оптикалық ПӘК «η
₀»
) 65 % дейін ғана жетеді. 
Коаксиалды вакуумдық құбырда тікелей ағынды жылулық каналды да
қолданылуға болады (2.22 сурет). Гелиоколлектордың бұл түрі «U»-тәріздес 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет