VІІ. Бағалау.
2.2. Атом құрылымы. Элементар бөлшектер бөлімі бойынша есептердің шығарылуы
Физикалық есептердің алгоритмі мына элементтерден құралады:
1. есептің шартын оқу;
2. шартты қысқаша жазу және оны қайталау;
3. суретін, схемасын немесе чертежін салу;
4. есептің физикалық мазмұнын анализдеу және оны шығару жолдарын
(тәсілдерін) айқындау;
5. шешу жоспарын құру және жалпы түрдегі шешуін орындау;
6. шамалау және есептеулер;
7. нәтиже анализі және шешуін тексеру.
Есеп шығару үлгiлерi
1) Толқын ұзындығы 0,48 мкм фотон шығарған кезде, сутегi атомындағы электронның энергиясы қалай өзгередi.
Шешуi: Бiр стационар күйден екiншi стационар күйге шығарылатын фотонның энергиясы:
.
Сәуле шығару толқын ұзындығы:
бұдан, толқын жиiлiгi
.
Онда, фотон шығарған кездегi атомның энергиясының өзгерiсi келесi түрде анықталаы:
.
Жауабы: 4,1·10-19 Дж.
2) 8О17 ядросының массалар ақауын және байланыс энергиясын табыңыз.
Шешуi: Ядроның массалар ақауы:
мұндағы mp – протон, mn – нейтрон, Мя – ядро массасы. Олардың сандық мәндерi төмендегiдей:
.
8О17 элементiндегi массалық сан А=17, реттiк саны Z=8, яғни оттегi ядросының құрамында 8 протон және N-Z=9 нейтрон бар.
Онда
.
Ал, 8О17 ядросының байланыс энергиясы:
.
Жауабы: .
3) Двигателiнiң қуаты 3,2·107 Вт, пайдалы әсер коэффициентi 17% атомдық мұзжарғыш күнiне уран-235 атомының қанша мөлшерiн тұтынады. Уран-235 атомының бiр ядросы бөлiнген кезде 200 МэВ энергия бөлiнiп шығады.
Шешуi: Пайдалы әсер коэффициентi:
,
мұндағы Ап – пайдалы жұмыс (немесе Еп- пайдалы жұмыс), А – толық жұмыс (немесе Е – реакторда бөлiнетiн толық энергия).
Онда
.
Пайдалы энергия
,
мұндағы P – мұзжарғыш қуаты, t – реактордың жұмыс iстеу уақыты.
Толық энергия, яғни массасы m уран ыдырау кезiнде t уақытта бөлiп шығаратын энергиясы:
,
мұндағы
уран мөлшерiндегi атомдар саны. - Авогадро тұрақтысы, - уранның мольдiк массасы.
Онда
.
Бұдан ПӘЕ-i:
.
Сонымен, бiр күнде тұтынылатын уран массасы:
.
Сандық мәндерiн қоятын болсақ:
.
Жауабы: 0,2 кг.
Қорытынды
«Негізгі мектеп физика курсында атомдық физика тарауын модульдік технология негізінде оқытудың теориясы мен әдістемесі» тақырыбын зерттеу барысындағы зерттеу нысаны «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауы болатын. Алдымызға қойған мақсатымыз осы аталған тараудың мазмұнын анықтау мен тиімді әдістемесін жасау. Курстық жұмысы барысында алдымызға қойылған болжамдарды айқындап, нәтижесін педагогикалық эксперимент арқылы дәлелдедік. Курстық жұмысымды қорытындылай келе, төмендегі тұжырымдарды алдық:
Ресей Федерациясында және елімізде қолданылып жүрген «Физика және Астрономия» курсының «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауының оқытылу жағдайына салыстырмалы талдау жасалды;
Аталған тараудың бағдарлама бойынша тарауға бөлінген сағат саны Ресей Федерациясында қолданылып жүрген оқулықтағы тақырып санынан артық, ал еліміздегі оқулықтағы тақырып санынан аз екені анықталды;
Салыстырмалы талдау барысында зерттеу нысанының мазмұнын жетілдіру қажеттілігі анықталды.
Педагогикалық эксперимент нәтижесінде тарауды оқытудың тиімді әдісі блок-модульдік технология негізінде оқыту екендігін дәлелеп, тараудың мазмұны айқындалды. Тарау «Атом ядросы. Ядролық энергетика» деп аталып, тиімді әдістемесі жасалды. Курстық жұмыстың өзектілігі Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңдағы радиациялық ахуал мен өскелең ұрпақтың осы салада алып жатқан білімдерінің жеткіліксіздігі арасында пайда болған қарама-қайшылықтан туындаған болатын. Зерттеу барысында ұсынылып отырған «Атом ядросы. Ядролық энергетика» тарауында бұл мәселелер толықтай ашылды. Оқушылар:
«Атом ядросы. Ядролық энергетика» тарауында Қазақстан Республикасындағы радиациялық ахуал жайлы;
Радиацияның қандай дозасы қауіпті-қауіпсіздігі;
Қазақстан Республикасындағы АЭС-ң тиімділігі мен тиімсіздігі;
Қазақстан Республикасындағы уран өндірісі жайында;
Радиациядан қалай қорғану керектігі жайында толықтай білім алып шығады.
Курстық жұмыстың қорытындысы бойынша «Атом ядросы. Ядролық энергетика» тарауының мазмұны анықталып, блок-модульдік технология негізінде тиімді әдістемесі жасалды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Б.Кронгарт В.Кем Н.Қойшыбаев Физика 10-сынып, жаратылыстану –математика бағыты, Алматы «Мектеп»2006ж
2.Г.Я. Мякишев, Б.Б. Буховцев, Физика 10 класс, Алматы, «Рауан» 1996
3.Шахмаев Н.А., Каменцкий С.Е. Демонстрационные опыты по электродинамике. М. 1973
4.В.П.Орехов А.В.Усова Физиканы оқыту методикасы,Алматы «Мектеп»1987
5.Б.Е.Акитай Физиканы оқыту теориясы және әдістемелік негіздері,Алматы 2006
6.М.Құдайқұлов Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі,Алматы «Рауан» 1988
7. Методика преподавание физики в средней школе: Молекулярная физика. Электродинамика, М. «Просвещение», 1985
8. www.testent.ru
9.«Математика және физика»ғылыми-әдістемелік журналы ,№4,2008
10.«Физика» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы ,№6,2011
11.Шамаш С.Я. Физический практикум в восмилетней школе. М., «Просвещение», 1964
12.Т.Д.Бердалиева Г.Қ.Қоңырбаева Б.Қ.Бекмұрзаева Физиканы оқыту әдістемесі пәнінен лабораториялық жұмыстар жинағы,Шымкент 2010
13. В.А.Буров Ю.И.Дик Практикум по физике с средней школе,Москва «Просвещение»1982г
14.Н.Ілиясов, Е.Көшеков - Оқушыларды физика есептерін шығаруға үйрету әдістемесі. «Математика және физика» ғылыми-әдістемелік журнал, Алматы, «Әдіскер-мұғалім» редакциясы, №2, 2004
15. Р.Башарұлы, Т. Нұрбатырова «Физикадағы есептер мен оқу
экспериментінің жүйесі». «Математика және физика» ғылыми-әдістемелік журнал, №4,2003.
16.С. Даулетқұлов «Есептер мен демонстрациялық тәжірибенің мәні».«Математика және физика», ғылыми-әдістемелік журнал, №6, 2003
17.WWW.Physe.kz.
Достарыңызбен бөлісу: |