І тарау. Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі 1- нұсқа 1


ІІІ тараy. Химиялық реакциялар және олардың жүру заңдылықтары



бет19/30
Дата10.05.2020
өлшемі362 Kb.
#66860
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
Байланысты:
00050192-43a98ab9

ІІІ тараy. Химиялық реакциялар және олардың жүру заңдылықтары

1- нұсқа
1.СаО + 2НСІ ------ СаСІ2 + Н2О + 110кДж Берілген реакцияның типі:

А) эндотермиялық, қосылу, қайтымсыз Б) экзотермиялық, алмасу, қайтымсыз

С) эндотермиялық, айырылу, қайтымды Д) экзотермиялық, орынбасу, тотығу-тотықсыздану

2.Гомогенді жүйені көрсет:

А) СаСО3 ----- СаО + СО2 Б) СО2 + С ---- 2СО

С) 2СО + О2 ----- 2СО2 Д) С + О2 ----- СО2

3. Қайтымды реакцияларды көрсет:

А) 2NaOH + H2SO4 = Na2SO4 + 2H2O Б) 2KMnO4 = K2MnO4 + MnO2 + O2

С) CuSO4 + 2KOH = Cu(OH)2 + K2SO4 Д) KCI + NaOH = KOH + NaCI

4. Химиялық реакцияның жылдамдығы мына теңдеумен анықталады:

А) v = ∆t/∆c Б) v = C2 – C1 С) v = c – t Д) v = ∆c/∆t

5.Химиялық реакция жылдамдығына әсер етпейтін фактор:

А) әрекеттесуші заттардың табиғаты Б) әрекеттесуші заттардың концентрациясы

С)температура Д) қатты заттар әрекеттескен жағдайда реакциялық ыдыстың көлемі

6.Химиялық реакцияның жылдамдығын өзгерте алатын, бірақ өнімдерінің құрамына кірмейтін зат:

А) промотор Б) тотықтырғыш С) катализатор Д) тотықсыздандырғыш

7.Реакция жылдамдығының температураның әсеріне тәуелділігін көрсететін заң:

А) Вант-Гофф заңы Б)құрам тұрақтылық заңы

С) әрекеттесуші массалар заңы Д) Авогадро заңы

8. «Химиялық тепе-теңдік» түсінігі мына күйді білдіреді:

А) реагенттердің мөлшері реакция өнімдерінің мөлшеріне тең

Б) жүйеге әсер ететін барлық қарама-қарсы әсерлер теңестірілген

С) реакцияға кіріскен заттардың массалары түзілген заттардың массаларына тең

Д) реакция жүрмейді

9. Қарама-қарсы бағытта жүретін реакциялар қалай аталады:

А) термохимиялық Б) катализдік

С) қайтымды Д) қайтымсыз

10.Тұз қышқылында мырыштың еруі мына жағдайларда кемиді:

А) қышқыл концентрациясын көбейткенде Б) мырышты ұсақтағанда

С) температураны арттырғанда Д) қышқылды сұйылтқанда

11. Оттек бар шыны ыдыстағы көмір түйірлері ішінде ауа бар шыны ыдыстағыға қарағанда тезірек жанады, себебі:

А) көмірдің жану жылдамдығы әрекеттесетін заттар табиғатына байланысты

Б) оттек концентрациясының көп болғаны

С) оттек жануды қолдайды Д) оттек ауадан ауыр

12.10с уақыт ішінде А затының концентрациясы 3,10 моль/л-ден 3,05 моль/л-ге өзгерді. А заты бойынша реакция жылдамдығының орташа мәнін тап:

А) 0,003 моль/л*с Б) 0,005 моль/л*с С) 0,30 моль/л*с Д) 8,33*10-5 моль/л*с

13.600С-та реакция жылдамдығы 2 моль/л*с-қа тең болды. Егер температуралық коэффицент 2-ге тең болса, 200С-та бұл реакцияның жылдамдығы қанша болады:

А) 0,125 Б) 0,120 С) 0,040 Д) 1,00

14.С(қ) + О2(г) ------- СО2(г) + 412 кДж, термохимиялық теңдеуін ескере отырып, 206 кДж жылу бөлінсе, көмірдің қандай массасы жағылған:

А) 12г Б) 12кг С) 6г Д) 12000мг

15.СО2 + Н2О ↔ Н2СО3 + Q процесінің тепе-теңдігін қандай фактордың әсерінен оңға ығыстыруға болады:

А) араластырумен Б) температураны кемітумен

С) қысымды көбейтумен Д) СО2 концентрациясын өсірумен



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет