І тарау. Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі 1- нұсқа 1


V тарау. Маңызды s – элементтер және олардың қосылыстары



бет23/30
Дата10.05.2020
өлшемі362 Kb.
#66860
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Байланысты:
00050192-43a98ab9

V тарау. Маңызды s – элементтер және олардың қосылыстары

1-нұсқа
1.Барлық сілтілік металдарға тән сипаттамаларды көрсетіңдер:

а) сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрондар саны;

б) оксидтердің негіздік сипаты;

в) атомдағы энергетикалық деңгейлер саны;

г) қосылыстардағы тотығу дәрежесі;

2.Сілтілік металдарға тән: 1) жоғары тығыздық; 2) созылғыштық; 3) металдық жылтыр; 4) электрөткізгіштік; 5) сарғыш қызыл түс; 6) олардың барлығы пышақпен оңай кесіледі. Осы қасиеттердің қайсысы шындыққа сай келеді:

а) 2,4,5; б) 3,4,5,6; в) 1,3,4,5; г) 2,3,4,6;

3.Сілтілік және сілтілікжер металдар:

а) CI2,Ar,CuSO4,NaOH; б) H2SO4, CuCI2, CCI4, Br2;

в) галогендермен, сумен, сутекпен, қышқылдармен, оттекпен;

г) сілтілермен, тұздармен, оксидтермен және металдармен әрекеттеседі;

4.Сілтілік және сілтілікжер металдардың гидридтері сумен мына заттарды түзе әрекеттеседі: а) тұз бен су; б) сілті мен сутек; в) сілті мен оттек; г) тұз;

5.Литийдің сумен әрекеттесу реакциясы қалай жүреді:

а) қалыпты, тұтанбай; б) қопарыла, тұтана; в) қопарыла; г) қалыпты жағдайда жүрмейді;

6.Тотықсыздандырғыш ретінде мына заттарды қолдана отырып таза натрий алуға болады: а) сутек; б) кокс; в) алюминий;

г) натрий хлориді балқымасының электролизі кезіндегі катодтағы электр тоғы;

7.Натрий және калий тұздары жалынды мына түстерге бояйды:

а) ал қызыл және қызыл күрең; б) күлгін және көгілдір;

в) сары және күлгін; г) сары және көк;

8.Натрий ауада жанғанда қандай заттар түзіледі:

а) Э2О; б) Э3N; в) Э2О2; г) ЭО2;

9.Натрий гидроксидін алу үшін өндірісте қолданылатын реакция:

а) Na2CO3 + Ca(OH)2 → б) NaCI ерітіндісінің электролизі;

в) Na + H2O → г) Na2O2 + H2O→

10.Сілті ерітіндісі арқылы өткізгенде сіңірілетін газдар:

а) Н2; б) NH3; в) СО2; г) О2;

11.Лабораторияда концентрлі сілті ерітінділерін:

а) полиэтилен ыдыста; б) шыны ыдыста;

в) темір ыдыста; г) алюминий банкада сақтайды;

12.Массасы 8,5г сілтілік металл мен судың артық мөлшері әрекеттескенде, 1,12 л (қ.ж.) сутек бөлінеді. Қандай металл алынған: а) К; б) Na; в) Cs; г) Rb?

13.Калий оксиді ..... әрекеттеседі:

а) сумен; б) калий гидроксидімен; в) тұз қышқылымен; г) натрий хлоридімен;

14.Әк суы дегеніміз:

а) сөндірілген әктің сулы жүзгіндері; б) кальций карбонатының сулы жүзгіндері;

в) сөндірілген әктің сулы ерітіндісі; г) ағартқыш (хлорлы) әктің сулы ерітіндісі;

15.Әк суы әрекеттесетін заттың формуласы:а) CO2; б) Ca(HCO3)2; в) CI2; г) H2O;

16.Судың кермектігі:

а) табиғи суда кальций, темір және магнийдің еритін тұздарының болуымен;

б) суға сабын немесе кір жуатын ұнтақты салғанда көпірудің болмауымен;

в) суды қайнатқанда қазандардың қабырғаларында қақтың пайда болуымен;

г) онда еріген магний және кальций тұздарының болуымен анықталады;

17.Судың карбонатты кермектігін қайнатумен жоюға болады, себебі мұнда:

а) су 1000С – тан жоғары қызады;

б) судың табиғи құрамынан барлық еріген газдар аласталынады;

в) кальций мен магний катиондары ерімейтін қосылыстар түрінде тұнады;

г) ыдыс қабырғаларына қақ тұрады;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет