|
ҮІ тараy. Маңызды d – элементтер және олардың қосылыстары
|
бет | 21/24 | Дата | 08.02.2022 | өлшемі | 99,93 Kb. | | #121211 |
| Байланысты: тест химияҮІ тараy. Маңызды d – элементтер және олардың қосылыстары
Хром және темір.
1-нұсқа.
1.Хром қосылыстарындағы неғұрлым тұрақтырақ тотығу дәрежесі:
а) +2; б) +3; в) +4; г) +6;
2.Хром қандай қышқылдарда ериді:
а) HCI(сұйылт.); б) HNO3(сұйылт.); в) H2SO4 (конц.); г) HNO3 (конц.)?
3.Cr2O3 -тен хром алу үшін қандай тотықсыздандырғыш қолдануға болады:
а) AI; б) SO2; в) C; г) H2S;
4.Хром оксидтерінің қайсысында қышқылдық қасиет басым:
а) CrO; б) Cr2O3; в) CrO3; г) ешқайсысы да?
5.Хромның қандай оксидтері тұз қышқылымен әрекеттеседі:
а) CrO; б) Cr2O3; в) CrO3; г) ешқайсысы да?
6. Cr2O3-ті КОН–пен балқытқанда қандай қосылыс түзіледі:
а) KCrO2; б) K2CrO4; в) K2Cr2O7; г) Cr(NO3)3;
7.Хромның қай тұздары сулы ерітіндіде толық гидролизге ұшырайды:
а) CrCI3; б) Cr2S3; в) Cr2(SO4)3; г) Cr(NO3)3;
8.Темір атомының сыртқы энергетикалық деңгейінің электрондық формуласы:
а) ... 3d64s2; б) ... 3d74s2; в) ... 3d84s2; г) ... 3d6;
9.Темір атомының қалыпты жағдайдағы жұптаспаған электрондарының саны:
а) 2; б) 4; в) 3; г) 6;
10.Қосылыстарда темірге мына тотығу дәрежелері тән:
а) +8; б) +3; в) +1; г) +2;
11.Құрамында темір мөлшері аз кен:
а) гематит Fe2O3; б) магнетит Fe3O4; в) сидерит FeCO3; г) пирит FeS2;
12.Темір қандай тұздардың сулы ерітінділерімен әрекеттеседі:
а) ZnCI2; б) CuSO4; в) AgNO3; г) K2SO4?
13.Әдеттегі жағдайда темір ... әрекеттеспейді:
а) тұз қышқылымен;
б) мыс (ІІ) сульфатымен (ерітінді);
в) концентрлі күкірт қышқылымен;
г) концентрлі азот қышқылымен;
14.Бөлме температурасында темір қандай қышқылдармен әрекеттеседі:
а) HCI; б) H2SO4 (сұйылт.); в) H2SO4 (конц.); г) HNO3 (конц.);
15.Темірді:
а) оксидтерін тотықсыздандырып;
б) алюминoтермиямен;
в) амальгамадан тотықсыздандыру арқылы;
г) электролизбен алуға болады;
16.Темірді мына реакциямен алуға болмайды:
а) Fe3O4 + C → б) Fe(OH)3 → в) FeSO4 (ерт.) + Zn → г) Fe2O3 + H2 →
17.Темір (ІІ) оксидінің сипаты: а) қышқылдық; б) негіздік; в) екідайлы;
18.Темір оксидтерінің негіздік қасиеттері оның тотығу дәрежесі +2-ден +3-ке өскен сайын: а) артады; б) өзгермейді; в) кемиді;
19.Нәтижесінде темір (ІІІ) қосылысы түзілуі мүмкін реакцияны көрсетіңдер:
а) Fe +CI2(арт.)→ б) FeO + HNO3(конц.) →
в) FeS2 + O2 (сұйылт.) → г) Fe + H2SO4(сұйылт.) →
20.Темір (ІІІ) гидроксидінің темір (ІІ) гидроксидінен айырмашылығы:
а) тұз қышқылымен;
б) концентрлі сілті ерітінділерімен;
в) ылғал ауада оттекпен;
г) сұйылтылған күкірт қышқылымен әрекеттеседі;
21.FeCI2 және FeCI3 сулы ерітінділері бар сынауықтарды бір-бірінен мына заттардың көмегімен ажыратуға болады:
а) лакмус; б) күміс (І) нитраты;
в) күкірт қышқылы; г) натрий гидроксиді;
22.Массасы 100 г 20%-тік натрий гидроксиді ерітіндісін массасы 200 г 7,6%-тік темір (ІІ) сульфатына құйғанда алынған тұнбаның зат мөлшері:
а) 0,5; б) 0,4; в) 0,3; г) 0,2;
23.Темір құймаларына: а) жез; б) қола; в) шойын; г) мельхиор жатады;
24.Болат бұранда құрамы мен массасы бірдей темір шегеге қарағанда тезірек таттанады, себебі:
а) шеге магниттеледі;
б) шегенің беті жарықты жақсы бейнелейді;
в) бұранданың ауамен жанасу көлемі үлкен;
г) бұранда тез қызады
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|