ҮІ тараy. Маңызды d – элементтер және олардың қосылыстары
Хром және темір.
2-нұсқа.
1.Хром гидроксиді қандай тотығу дәрежесінде: а) негіздік; б) қышқылдық қасиет көрсетеді:
а) +2; б) +3; в) +6; г) 0?
2.Хром әрекеттесетін заттар;
а) H2O; б) HCI (сұйылт), H2SO4 (сұйылт);
в) H2SO4 (конц), HNO3 (конц); г) NaOH (конц);
3. Cr2O3-тен хром алу үшін қолданылатын тотықсыздандырғыш:
а) AI; б) CO2; в) C; г) H2;
4.Хромның қай оксиді көбірек негіздік қасиет көрсетеді:
а) CrO; б) Cr2O3; в) CrO3; г) ешқайсысы?
5.Қай иондар а) қышқылдық ортада, б) сілтілік ортада болады:
а) [Cr(H2O)6]3+; б) [Cr(OH)6]3- ; в) CrO42- ; г) Cr2O72-?
6. Cr(OH)3 қайсысында ериді:
а) H2O; б) HCI; в) NaOH (конц.); г) NH3 (еріт.);
7.Хромның қай тұздары сулы ерітіндіде сілтілік орта көрсетеді:
а) CrCI3; б) Cr2S3; в) Cr2(SO4)3; г) KCrO2?
8.Ғе2+ионының сыртқы энергетикалық деңгейінің формуласы:
а) ...3d64s2; б) ... 3d74s2; в) ... 3d84s2; г) ... 3d44s2;
9.Темір өзінің қосылыстарында төмендегідей тотығу дәрежелерін көрсетеді:
а) +2; б) +3; в) +6; г) +8;
10.Мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісінде қызыл түсті болатын тақташа:
а) темір; б) күміс; в) алтын; г) платина;
11.Белгілі жағдайда темір ... әрекеттеседі:
1) сумен; 2) сутекпен; 3) оттекпен; 4) галогендермен; 5) мырышпен; 6) қышқылдармен;
7) тұздармен. Осы реакциялардың қайсысы жүруі мүмкін:
а) 2,3,4,5,6,7; б) 2,3,4,6,7; в) 3,4,5,6,7; г) 1,3,4,6,7;
12.Қай затпен темір әрекеттеспейді:
а) S; б) O2; в) Hg(NO3)2; г) KCI
13.Әдеттегі жағдайда концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттеспейтін металл:
а) күміс; б) мыс; в) темір; г) сынап;
14.Қосылыстан темірді тотықсыздандырмайтын зат:
а) H2, AI; б) Ni, Sn; в) AI, Mg; г) CO, C;
15.Темірдің таттану процесі: Fe + O2 + H2O → Fe(OH)3 теңдеуімен берілуі мүмкін. Осы процеске қатысты қандай тұжырым дәлірек:
а) оттек тотықсызданады;
б) темір тотығады;
в) темірдің тотығу дәрежесі өседі;
г) оттектің тотығу дәрежесі төмендейді;
16.Темір (ІІІ) оксидінің сипаты:
а) қышқылдық; б) негіздік; в) екідайлы;
17.Ғе0 → Ғе2+ айналуына мына химиялық теңдеу сәйкес келеді:
а) 2Fe + 3CI2 = 2FeCI3;
б) Fe + 2HCI = FeCI2 + H2;
в) 2FeO + H2SO4 = FeSO4 + H2O;
г) FeCI2 + 2KOH = Fe(OH)2 + 2KCI;
18.Темір (ІІ) гидроксидін мына әрекеттесу арқылы алуға болады.
а) темір (ІІ) оксиді мен су;
б) темір (ІІ) хлориді мен сілті;
в) темір (ІІ) сульфаты мен натрий гидроксиді;
г) темір (ІІІ) гидроксиді мен ылғал ауа;
19.Темір (ІІ) гидроксиді:
а) тұз қышқылымен;
б) натрий гидроксидінің сұйылтылған ерітіндісімен;
в) натрий сульфатымен;
г) ылғал ауада оттекпен әрекеттеседі;
20.Өнімі Ғе(ОН)3 болуы мүмкін реакцияны көрсетіңдер;
а) Fe(OH)2 + O2 + H2O → б) Fe2O3 + H2O→
в) FeCI3 (ерт.) + KOH (ерт.)→ г) Fe(OH)2 + H2O2 →
21.Қай заттардың көмегімен ерітіндіден Ғе (ІІ) тұздарын табуға болады:
а) K4[Fe(CN)6]; б) K3[Fe(CN)6]; в) H2S; г) NH4CNS?
22.Темір құймасының жемірілуі тез жүретін орта:
а) дистилденген су;
б) оттекпен және көміртек (ІҮ) оксидімен қаныққан су;
в) оттекпен қаныққан су;
г) оттекпен және азотпен қаныққан су;
23.11,2г темір мен тұз қышқылы әрекеттескенде, 4,45 л (қ.ж.) сутек бөлінді. Реакция өнімінің шығымы (%) құрайды:
а) 99,5; б) 99,0; в) 99,3; г) 99,2;
24.Темір құймасының жемірілуі ... өте тез жүреді:
а) дистилденген суда;
б) оттекпен қаныққан суда;
в) алдын ала газтектес сутек жіберілген суда;
г) оттек және көміртек (IV) оксиді газдарының қоспасымен қаныққан суда;
Достарыңызбен бөлісу: |