І тарау. Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық


ҮІІ тарау. Маңызды р-элементтер және олардың қосылыстары



бет4/24
Дата08.02.2022
өлшемі99,93 Kb.
#121211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
тест химия

ҮІІ тарау. Маңызды р-элементтер және олардың қосылыстары
VI A топ
1-нұсқа.
1.Күкірт және оттек атомдары бір-бірімен ұқсас:
а) ядро заряды бойынша; б) энергетикалық деңгей саны бойынша;
в) сыртқы деңгейдегі е саны бойынша; г) нейтрондар саны бойынша.
2.Озон мен оттектің айырмашылығы:
а) агрегаттық күйінде; б) молекулаларының тұрақтылығында;
в) молекулалардың құрамында; г) химиялық белсенділігінде.
3. Күкірт мынадай тотығу дәрежелерін көрсетеді:
а) -2,-4,+6,+8; б) -1,0,+2,+4; в) -2,+6,+4,0; г) -2,-4,-6,0.
4. Күкірт тотықсыздандырғыш болатын реакция сызбанұсқасын көрсетіңдер:
а) Cl2+S→ б) S+P→ в) Сu+S→ г) S+Fe→
5. Күкірт (ΙV) оксиді мына заттармен әрекеттесе отырып қышқылдық қасиет көрсетеді:
а) К2О; б) NaOH; в) H2S г) O2
6. Қай катионның көмегімен сулы ерітіндіде сульфид ионның бар екендігін анықтауға болады: а)K+ б)Cu2+ в)Pb2 + г)Na+
7. Концентрлі күкірт қышқылына мына заттармен әрекеттесу тән: 1) мыспен; 2) тұздармен; 3) негіздер мен; 4) көмірсулармен; 5) күміспен; 6) барий сульфатымен; 7) екідайлы оксидтермен; 8) хлорсутекпен; 9) тотияйынмен.
Осы заттардың қайсысы дұрыс көрсетілген:
а) 2, 3, 7; б) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7; в) 6, 8, 9; г) барлық заттар
8. Қандай металдар белгілі жағдайда концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттеседі, бірақ сұйылтыл ған күкірт қышқылымен әрекеттеспейді:
а) мыс; б) темір; в) алюминий; г) күміс?
9. Тұз қышқылын және оның тұздарын мыналардың көмегімен ажыратуға болады:
а) индикаторлармен; б) барий тұздарының ерітінділерімен;
в) бейтараптау реакциясымен; г) мыс сымымен.
10. Сұйылтылған күкірт қышқылы әрекеттеседі:
а) мыспен; б) калий карбонатымен; в) натрий гидросульфитімен
г) калий хлоридінің сұйылтылған сулы ерітіндісімен; .
11. Концентрлі күкірт қышқылы әрекеттесетін реакция сызбанұсқасын көрсетіңдер:
а) Ag + H2SO→ SO2 +… б) Fe + H2SO→ FeSO+…
в) Zn + H2SO→ H2 +… г) KNO3(k) + H2SO→ HNO+…
12. Күкірт қышқылы түзілуі мүмкін:
а) оттек қатысынсыз күкірт ( ΙV) оксидін суда еріткенде;
б) күкіртті қышқылды оттекпен тотықтыру нәтижесінде;
в) күкірт (VΙ) оксидін суда еріткенде;
г) калий сульфаты мен хлорсутек ерітінділері арасындағы реакция нәтижесінде.
13. Егер өндірісте шығын 5% құрайтын болса, 2 моль тазартылған пириттен күкірт қышқылының қандай масса сын (г) алуға болады:
а) 370,4; б) 372,4; в) 376,0; г) 392,0
14.Оттегі атомына сыртқы электрондық қабатын толықтыру үшін қажет электрондар саны: А) 5 Б) 2 С) 1 Д) 4 Е) 3
15.О, оттегі – 15 атомының ядросының құрамында:
А) 8 протон, 15 нейтрон Б) 8 протон, 8 нейтрон С)15 протон, 8 нейтрон
Д) 7 протон, 8 нейтрон Е) 8 протон, 7нейтрон бар
16.Алтыншы топ элементтері оксидтерінің жалпы формуласы:
А) RO2 Б)R2O3 С) R2O5 Д) R2O Е) RO3
17.S2-ионының сыртқы электрон қабатындағы электрон саны:
А)3 Б) 5 С) 6 Д) 8 Е) 10
18.Оттек үшін төмендегі тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес:
А)оттек озон түзеді Б) оттек жану процесі үшін қажет
С)оттек металлургияда қолданылады
Д)оттек балқытуда қолданылады Е) оттек жануды қолдайтын газ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет