І тарау. Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық


ҮІІ тарау. Маңызды р-элементтер және олардың қосылыстары



бет6/24
Дата08.02.2022
өлшемі99,93 Kb.
#121211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
тест химия

ҮІІ тарау. Маңызды р-элементтер және олардың қосылыстары
IV A топ
1-нұсқа.
1.C----- Si -----Ge ----- Sn ----- Pb қатарында элементтердің бейметалдық қасиеттері:
А) артады Б) кемиді С) өзгермейді Д) артады, онан соң кемиді
2. CО2----- SiО2 -----GeО2 ----- SnО2 ----- PbО2 қатарында қышқылдық қасиеттері:
А) артады Б) кемиді С) өзгермейді Д) артады, онан соң кемиді
3.Аллотропиялық түрөзгерістер (алмаз, графит, карбин):
А) әртүрлі физикалық және ұқсас химиялық қасиеттерде
Б) әртүрлі физикалық және химиялық қасиеттерде
С) ұқсас физикалық және химиялық қасиеттерде
Д) әртүрлі химиялық және ұқсас физикалық қасиеттерде
4.Түрпілі материалдар өндірісінде қолдануға мүмкіндік беретін алмаздың маңызды қасиеті:
А) қиын балқитындығы Б) электрөткізгіштігі
С) тым қаттылығы Д) жылу өткізгіштгі
5.Адсорбция дегеніміз –
А) бояуларды түссіздендіру
Б) көмір мен газдардың әрекеттесуі
С) қатты заттың бетімен газды заттардың жұтылуы
Д) заттарды тазалаудың бір тәсілі
6.СО оксидінде көміртектің тотығу дәрежесі мен валенттігі:
А) +2 және 2 Б)+4 және 4 С) +2 және 3 Д) +4 және 2-ге тең
7.Көміртек мына заттармен әрекеттесіп, тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді:
А) сутекпен Б) оттекпен С) алюминиймен Д) мыс (ІІ) оксидімен
8.Белгілі бір жағдайда көмірқышқыл газы әрекеттесетін заттар:
А) кокспен Б) оттекпен С) магниймен Д) әк суымен
9.Көмірқышқыл газына реактив болып табылатын зат:
А) магний Б) калий гидроксиді С) кальций гидроксиді Д) су
10.Карбонаттарға тән химиялық қасиеттері олардың: 1) тұздармен 2) сілтілермен
3) қышқылдармен 4) негіздік оксидтермен әрекеттесуі 5) қыздырғанда ыдырауы
6) қышқыл орта түзе жүретін сулы ерітіндідегі гидролиз реакциясы. Осы аталған қасиеттердің қайсысы шындыққа сай келеді:
А) 2,2,3,4 Б) 1,3,5 С) 2,3,5,6 Д) 3,4,5,6
11.Көміртек қосылыстарының химиялық және техникалық атауларының арасындағы сәйкестікті тап:
1) бор а) натрий гидрокарбонаты
2) сақар б) кальций карбонаты
3) кальцийленген сода с) калий карбонаты
4) ас содасы д) натрий карбонаты
12.Гидрокарбонаттарды карбонаттарға толық ауыстыратын заттар:
А) күшті қышқылдар Б) сілтілер С) су Д) көмірқышқыл газының сулы ерітіндісі
13.Кремний атомы мен көміртек атомы бір-бірінен ерекшеленеді:
А) ядро зарядымен
Б) валенттік электрондар санымен
С) энергетикалық деңгейлер санымен
Д) сыртқы энергетикалық деңгейдегі бос орбитальдар санымен
14.Белгілі бір жағдайда кремний (ІҮ) оксиді әрекеттесетін заттар:
А) магниймен Б) сумен С) көміртекпен Д) калий гидроксидімен
15.Кремнезем сияқты көміртек (ІҮ) оксиді де әрекеттеседі:
А) барий оксидімен Б) сумен С) магниймен Д) көміртекпен
16.Кремний қышқылы реакция нәтижесінде түзілуі мүмкін емес химиялық реакция теңдеуі:
А) SiO2 + H2O = Б) K2SiO3 + H2O + CO2 =
С) Na2SiO3 + H2O + SO2 = Д) Si + H2SO4 =
17. Кремний (ІҮ) оксиді мен көміртек (ІҮ) оксидтерінің арасындағы ұқсастық:
А) қатты оксидтер үшін кристалдық торларының түрлері
Б) кремний және көміртек атомдарының тотығу дәрежелері
С) кремний және көміртек атомдарының валенттігі
Д) екі оксид те тұз түзуші
18. Массалары 30г кремний (ІҮ) оксиді мен 40г натрий гидроксиді әрекеттескенде алынған натрий силикатының массасы (г):
А) 61 Б) 45,71 С) 91,5 Д) 244



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет