I тарау. Қазақ терминологиясы және оның зерттелуі мен дамуы



бет3/5
Дата15.09.2017
өлшемі1,18 Mb.
#32747
1   2   3   4   5

"Жеті жарғыда" да бұдан бұрынғы орта ғасырлық заң жинақтарындағыдай қылмысты іс правосы нормаларына тиісті орын берілді. Осының арқасында тілімізде осы нормададағы құқықтық ұғымдарды білдіретін атаулар қалыптасты. Олардың көпшілігі кейіннен заң терминдері жүйесін қалыптастыруға негіз болды. «Жеті жарғыда» көрсетілген қылмысты әрекеттер туралы ұғым атаулары мыналар; кісі өлтіру, ашумен кісі өлтіру, абайсызда кісі өлтіру, атқа сүйреп өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, ар-намысты тию, ұрлық істеу, неке бұзарлық, малмен тартатын жаза, т.б. Сонымен бірге түрлі қылмыс жасағандығы үшін жауапкершілік көзделген. Жасаған қылмыстары үшін кінәлілер тартатын жазалардың түрлері де белгіленген. Осыған байланысты да арнайы құқықтық атаулар қалыптасып, сол кезде өз қолданысын тапты. Олар "қанға қан алу", "жанға жан беру", "мертіктірсе мертіктіру арқылы кек алу" заңдары сияқты жаңа терминдер пайда болып, кейінгіге дейін қолданылып келеді. Би сөзі – XIX. II жартысында нақтылы заң термині. Бұл сөздің терминдік мәні ертеректен келе жатса керек. Бірақ ол әр кезеңде әр түрлі мәнге ие болып келген сөздердің бірі. Би сөзінің Абай тұсындағы білдіретін мағынасы – әрбір болыстыққа сайланып қойылған заң жүргізуші адам, яғни Абай сөзімен айтсақ, "әрбір болыс елде старшина басы бір би сайлану"

Биде тақпақ, мақал бар байқап қара

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,

Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап

Ескі бише отырман бос мақалдап

Деген жолдарында ақын өз тұсының билері емес, реформаларға дейінгі қазақ билерін атап тұр. Оны Абайдың өзі де айтып кетеді: Ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көш-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. Сөйтіп, бұрынғы би деп жалғыз заң адамын емес, жалпы ақылгөй адамды да атайтын болған. Бертін келе билер ақылгөйліктен гөрі әкімгершілік роль атқара бастайды. Сөйтіп, Абай тұсына дейінгі кезеңдерде би сөзі әрі заң иесі мағынасында (іс тексеріп, үкім айтушы адам), әрі "ақылғөй, шешен, тапқыр, билеуші топ уәкілі, бай адам" деген мағыналарда жұмсалып келген.

Абай мен оның тұстарында би сөзінің бұл мағыналары да әлі қолданыудан шығып қалмай, қатар жүргенін көреміз



Құн – қазақ әдет-ғұрып заңында көп таралған жаза жүйесінің бірін білдіретін термин ретінде қолданылған, көне түркі дәуірінен бегілі. О бастағы білдірген мағынасы бөлек болған: тонау, талау, ұрлау, ұғымдарын білдіргенге ұқсайды. Көне түркі тілдері сөздігінен Оип – грабить похищать: ouri taoar gundi вор похител имущество; (edig tadariy) guntum altim oyurladim я (их) имущество похитил, взял, уваровал ogimin Konii liimin barea ol gis gunyp eltgi весьмой разум и сердце похитила та девушка. Тонауда да ұрлауда да алу мағынасы бар. Осы соңғы мағына негізінде жаңа ауыспалы мәнге ие болып, істеген қылмысы үшін бірнеше өсіммен би үкімі бойынша төленетін алым ұғымындағы жазаның атын білдіретін термин ретінде қолданылатын болған (штраф мағынасында). Келе-келе сөз де праволық ұғымның атын білдіру қабілетінен айырылып, саяси экономия терминдері қатарынан орын алды. (Құн – стоимость, қосымша құн – прабовочная стоимость, өзіндік құн – себестоимость, айнымалы құн – аборотная стоимость)

Жалпы құн жазасы жоғарыда айтқандай ауыр жазаларды ауыстырған. Шектен тыс ауыр деп табылған мынандай 4 жағдайда «жеті жарғы» бойынша жаза құн төлеумен шектелген: 1) егер әйел көлденең тапқан баласын ұятта қысылып өлтіретін болса; 2) егер әйелі күйеуін өлтірсе және оның туыстары кешірмесе; 3) егер әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанына көзі жетсе; 4) егер құдайға тіл тигізетіні анықталса, онда айыпкер өлім жазасы на кесілген. Осының өзінен бұл заңның әлеуметтік теңсіздіктің құралы болғандығы көрініп тұр. Әйел бостандығы бұл заңда қылмыстық объекті болмағандығы байқалады.

Бұл күндегі заң терминдері ішіндегі күрделі бір күрделі бір құқықтық ұғымды білдіретін сөз қылмыс. Қазақ әдет-ғұрып заңдарында болсын, “Жеті жарғыда" болсын, одан кейінгі әр түрлі ережелерде болсын, "қылмыс" термині кездеспейді. Ол сөздің баламасы ретінде "жаман қылық", "жаман іс" деген сөздер пайдаланылған. "Қылмыс" сөзі термин ретінде кейін пайда болғанға ұқсайды. Ал түрікі тілдерінде "қыл" етістігі бұрыннан бар және әр түркі мағыналарында жұмсала берген. Мысалы: істеу, дайындау, жасау, қалау, іске кірісу, қалауынша істеу т.б. Осы етістікке -ық//-ік жұрнағы жалғану арқылы кісінің мінезін, ойын білдіретін зат есім жасалған. Ол бұрыннанбар: Qiliyi нрав, черта характера; поступок: tikabbur gamuy tilde ierlur giliy высокомерие – черта характера, презираемая на всех языках. Қазіргі кезде "қылық" сөзі "жасанды мінез" ұғымында жағымсыз мәнде айтылыды. "Қылмыс" сөзінің мағынасы да осы аналогия бойынша "қыл" етістігінің адамның мінез-құлқын (оның ішіндегі жағымсыз мінез, әрекет) білдіру мәнәнің негізінде жасалса керек. Мұндағы –мыс (мыш) қосымшасы – есімше етістік жасайтын жұрнақ. Кейін есімше тұлғалы осы сөздің субстанивтенуінен, "қылмыс" зат есімге айналған да (олай бола береді: "тұрмыс", "болыс" т.б сөздері осылай жасалған), заңдық ұғымды білдіретін термин терминге айналған. Бұл пікірді "қыл" етістігінің ауыспалы мәні де дәлелдейді: оның ауыспалы мағынасы көне дәуірден бері "бұзу", "бүлдіру", "арын аттау" тектес ұғымдарды білдіріп келген келген. /20.442/ олай болса "қылмыс" терминінің бүгінгі мәні осы айтылған мағыналардың кеңейген, ұлғайған, әлеуметтік жүкке ие болған түрі болуы керек.

Қазіргі "заң" сөзінің білдіретін ұғымы да, о баста осылай аталмаған. Қазақта "атадан қалған жол" деген тәрізді тіркестер бар. Осында "жол" сөзі қазіргі "заң" сөзінің кейбір мәнін білдіргені байқалады. Болмаса қазақтың таптық жікке бөлінген қоғамдық құрылысының өзінде сол XYIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басына дейін дәл заң ұғымын беретін термині болмаған. Әдет-ғұрып ережелерінде дәстүрге айналған ата-бабадан мирас болып келе жатқан норма деген ұғымды "жол" сөзі атқарған: "жол-жорағат", "аға жолы", "іні жолы", сенің жолың дегендердегі "Заң" сөзі "қазақ тілінде біраздан бері бар. Бірақ ол кейінге дейін әдет. Жол сөздерімен мәндес айтылып, көпке дейін солардың синонимі ретінде қлһолданылып келді; құқықтық мәнде жұмсалғанда, "обычное право" ұғымының дәрежесінен алыстап кетпейді. Бұл сөз "закон" атауының баламасы ретінде қолданылуы Қазақстанның россияға қосылуымен байланысты қалыптаса бастайды. Бұл сөз қытай тілінен келген, бастапқы мағынасы да "әдет", "жол" сөздерімен астарлас: "Қытай тілінде Ян деген екі элементті йероглиф – ереже, үлгі, түр, қалып, сорт, стиль,тәсіл деген мағынасында қалыптасып кейбір тұлғалық өзгешеліктерге ұшыраған" /21.99/ сонымен, "жол", "әдет", "заң" сөздері XYII-XIX ғасырларда қазақ тілінде "обычное право" мәнінде қатар айтылып келіп заң термині ретінде қолданып, осылардың ішінен "заң" сөзі ғана қалыптасқан.



"Айып" сөзі – қазір абстракт ұғым атауы. "Айыбы жоқ", "айыбын мойнына алу", "айып шам", "айыбын бетіне басу", "айыбын жүды" т.б осы тектес тіркестерде келеді. Қазір осы сөзден өрбіген "айпкер" атауы болмаса, өздігінен түбір күйінде заң ғылымына байланысты терминдік мәнді білдіре алмайды. Ал, Тәукенің "Жеті жарғысында", "айып" – қылмыскер адамның тартатын жазасының, яғни айқын ұғымның атауы. Сондықтан "ат-тон айып төлеу" т.б тіркестерде құқықтық ұғымды білдірген. "Айып" қазіргі "штраф" терминінің мәнін білдіргенімен, ол кезде оның мағынасы "штрафтан" кеңдеу болса керек; ал "штрафта" тек "төлеу" мәні бар (жазаның бір түрі ғана). Шығу төркіні араб тілінде жатыр: позор, порок, изъян: если человек знает язык, он знает содержания, (если он говорит, что знает то, чего не знает, - (это) позор. Бұдан байқайтынымыз, бастапқы мәні "сорақылық", "кемшілік" тектес ұғыммен байланысты болған да, кейін әдет-ғұрып нормаларын бұзғандығы үшін "тартатын жаза", оның түрі деген қосымша мәнге ие болған. Соңғы мағынасы хандық дәуірде құқықтық ұғымды білдіретін атау қызметінде жұмсалған. Ол кезде бұл сөздің екі қызметі – жалпыхалықтық лексикада өзінің бастапқы мағынасында жұмсалуы, ал билер кеңесінде арнайы құқықтық атау қызметінде атқаруы қатар көрінген. Ал кейін тілімізде "жаза", "штраф" сөздерінің қолдана бастауына байланысты бұл сөздің терминдік қызметі солғындап, кейін өшіп кеткен де бастапқы мағынасы қалып қойған. Жалпылама лексикада оның мағынасы бүгінгі күнде де қолданылмай келеді: "айыбын мойындау", қазір "қылмысты мойындау" емес, "кемшілігін, қатесін мойындау", "ұялу" сияқты мағыналарды білдіреді.

"Айып" әдет-ғұрып заңының атауы ретінде қолданылған да, жазаны негізгі түрде заттай, малдай өтеуді білдірген. Сондықтан да оның әр түрлі атаулары бар: бас тоғыз, орта тоғыз, аяқ тоғыз, ат-шапан айып, тоқал тоғыз, түйе бастаған бас тоғыз, жылқы бастаған орта тоғыз, бұқа бастаған аяқ тоғыз, жасауыл ақы, жаушыға жіп кесер, билік ақы т.б. толып жатқан түрлері болған. Бұл туралы Т.М.Күлтелеев "Часть айып в пользу хана и султана, кроме того взыскивался "билік", вознаграждение судьям за разбирательство судебных дель", /21.57/-деп көрсетеді.

"Дау" сөзі де халқымыздың әдет-ғұрып құқығы жүйесінде термин ретінде атам заманнан мәлім. "Дау– шар", "дау төрт бұрышты", "қамыты екі ұшты", "дау сабасты" (дауға түсті), "дау-жанжал","дау айтты" т.б тіркестердің болуы осыны дәлелдейді. "Даукес", "даукер" атаулары мәндес терминдер акт ретінде). "Бітім" сөзінен өрбіген "бітімші" термині де болған, бірақ ол бұл күнде көнерген (екі жақты келістіруші адамды (биді) "бітімші" деп те атаған). Бітімнің түрлерін белгілейтін "береке бітімі", "салауат бітім" сияқты терминдік ұғымды білдіретін тіркестер де болған.

Қазіргі әдеби тілімізде жиі ұшырасатын қоғамдық-саяси ұғымдарды білдіретін "бостандық", "азаттық" сөзімен мәндес "теңдік" сөзі де о баста терминдік ұғымда қолданылған (Заңға қатысты), бірақ мүлде басқаша жұмсалса керек. Айып, құн төлейтін (соған ұйғарылған) айыпкер кейде жәбірленушіге төлемей кететін жағдайлары кездесіп отырған. Ондайды "теңдік бермеу" десе, төлегенде "теңдік алу" деп атаған. Бұдан біз "теңдік" сөзінің қазіргі мағынасының кеңейгендігін көреміз.

Айтып отырған кезеңдегі заң термині ретіндегі жиі қолданылған сөздердің тағы бірі – "билік" сөзі. Ол – "би" сөзіне –лік жұрнағы жалғану арқылы жасалған, сондықтан да оның түп төркіні көне түркі тіліне барады: бегілік > билік (бег\ би; г\\й); Бегілік елімте қылынтым. Осы сөздің бұрын екі түрлі мағынада жұмсалғандығын проф. Р.Сыздықова еңбектерінен кездестіреміз. Біріншісі – қазақтың әдет-ғұрып құқығы бойынша жүргізілетін заң ісінің атауы, екіншісі – бидің шығарған үкімі. Билік сөзінің өктемдік, билеп-төстеушілік деген ұғымдарды білдіретін мағынасының болғанын да ескертеді. Бұл мағына – үй ішінің биігі, қара басының билігі тәріздес тар көлемдегі қожалыққа, иелікке байланысты айтылған. "Би" сөзінің қазақ тілінде о бастағы да осы тар көлемдегі үстемдік ету мәнінен шығып, бірте-бірте юристік термин қызметінде қолданылған деп ьтабамыз"-деп жазады автор./22.198/

Үкім бойынша айыпкерден өндірілетінт мал-мүліктің бір бөлігі мен ханңға тиісті болғандығын айтқанбыз. Осыған байланысты да терминдер болған: биге берілгені "билік" деп, ханға тиесісі "хандық" деп аталған.

Абай тілінде билік сөзінің көп пайдаланғандығы мына жолдардан көруге болады.Болыс пен биді құрметтейін десең, құдай берген болыстық пен билік елде жоқ. Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Билік сөзінің осы ұғымына қарай Абай тұсында билікке сайлану, билікке таласу деген жаңа тіркестер пайда болған.

Терминдік мәнде ертеден тұрақталған тіркестің бірі – жан беру.Осы кездерде әдет-ғұрып құқығында терминдік мәнде жиі жұмсалған тіркестердің бірі – "жан беру". Қазақтың ескі әдеті бойынша би шағымшылардың екі жағында тыңдап болғаннан кейін өз бетінше шешім қабылдай алмаған жағдайда, жауапкердің жақын туыстарының бірі оның күнәсіздігіне ант беруіне болады. Бұл процесті "жан беру" деп атайды. Егер туысы күнәсіздігіне ант бере алмаса, онда жауапкер жан қылмысты деп табылып жазаланады. Ақылды, парасатты билер істі көбінесе өздері шешеді – жан беруге сала бермейді. "Жаман би жанға салар" деген мақал осыдан қалғн. "Жан беру" сөзін кейін "ант беру " термині алмастырды, қазір ол актив сөзге айналған. Көбінесе әскери термин ретінде қолданылып жүр.Абай тұсында билік-сот ісінде жан беру тәрізді іс жүргізу әдісі жойылмаған болатын, бірақ бұрынғыдай емес, жакапкердің ақ-қарасына көзі жетпей-ақ жан бере салу бұл кезде әдетке айналып кеткенін Абайдың өзі-ақ айтып береді: Жанын берсе табылмас сөздің шыны, "Ант беру", "жан беру" тіркесі ретінде XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қолданыла бастағаны байқалады. Бұл күнде фразиологизимге айналып кеткен "ант атқан", "ант бұзылды", "ант имандай көрді", "ант мезгілі", (өлімге еріксіз бой ұсынар шақ) , "ант суын ішті", "ант сүйек", (соғымға сойылған мал етінің сақталған соңғы кәделі мүшесі) "ант ұрсын" /22. 18/ тектес тіркестер көне дуірдің көзіндей. Күә, айғақ, ұрлық, жаза, зақым, төлем, жер дауы, жесір дауы, қалың мал, барымта дүре, шарға түсу, әмеңгерлік, өлім жазасы т.б. сөздер де қазақтың осы әдет-ғұрып құқығы жүйесіндегі ұғымдарды білдіріп, терминдік қызметте жұмсалған.

Қазақтың әдет-ғұрып заңы қылмыстың екі түрін көрсеткен: қастық, абайсыздық. Бұл екеуі де Тәуке хан "жарғысында " көрсетілген және осы сөздер ол кезде де бұл күнгі терминдік мәні қалай болса, сол күйінде қолданылған.

"Жесір дауы" термині арқылы әйелге ерінің, түскен елінің меншігіндегі зат ретінде қараушылық, парриархалдық көзқарас байқалады. "Жесір дауы" әйелге деген ерлер меншігін қорғаудың құқықтық көрінісін білдіреді. "Жесір" сөзі ері өлген әйелді немесе қалың малы төленген, бірақ болашақ күйеуі бұл ұзатылмай тұрып қайтыс болып кеткен қыздарды білдіреді. Олар әдет-ғұрып ережесі бойынша күйеуінің туысына не ұзатылып баруға тиісті елінің бір жігітіне қосылуы керек. /22.118/ Ол бұзылған жағдайда дау басталады да әдетте бұзған кісі ( көбінесе әйел) айыпкер ретінде жазаға тартылатын болған. Бұл да – қазір архаизмденген атау.

"Жаза" – Тәуке хан жарғысында көрсетілген құқықтықтермин. Ол кейін де әдет-ғұрып құқығында, хандар билігінде қолданылып келді. Айыпкердің істеген қылмысының салм ағына қарай жаза берілген. Жазаның түрі көп, барымта да – жазаның бір түрі. "Қанды кек" деп аталатын жазаның түрі тым ауыр болған.

Жазаның түрін білдіретін терминдік ұғымда көп қолданылған сөздің бірі "барымта" дедік. Ол да бүл күнде историзмге айналған. Бұл сөздің шығу төркіні туралы әр түрлі пікір бар. Академик Ә.Марғұлан "бар", "мата" деген екі сөздің бірігуінен жасалған қазақтың төл сөзі десе", "қысқаша этимологиялық сөздікте" оны былай түсіндіреді: "Тіліміздегі барымта зат есімнің шығу төркіні "себеп, негіз, дәлел, есеп" мағыналарына келіп ұштасады, өйткені барымта себепсіз, негізсіз, дәлелсіз болмайды. Біздіңше, түркі тілдеріндегі барымта сөзі манғолдың "негіз, факт, себеп, дәлел" мағыналарындағы бармит сөзінен шыққан бролуы керек. Бармит түркі тілдерінің артикуляциялық базасына сай барымта болып өзгерген және оның мағынасында абстрактылану пайда болған тәрізді. Барымта сөзінен барымталау, барымталасу, сияқты туынды етістіктер жасалған. /58.56/ Бұл термин арқылы төленбеген қарызы, құн не қалыңмал үшін, жесір не жер дауының бітіспей, қайтпай жүрген жайлары негізінде біреудің малын (көбінесежылқысын) жасырынып келіп алып кету ұғымы аталады. Тәуке хан әдет-ғұрып құқығын жинақтаған кезде, барымта актісі шешімін күшпен орындаудың бір тәсілі болса керек. Ол кезде барыита сөзінде ұрлық деген мән болмаған. Ал, XIX ғасырдан бастап барымта үстем тап өкілдерінің зорлық көрсету, қиянатшылық құралына айналған.

Ендігі бір терминдік мәнде жұмсалған сөз – ұрлық. Алғашында ұрлық негізінен малға байланысты болған. Бұл атау да қылмыстың түрін білдіреді. Сондықтан да жиіркенішті атау: "ұрының үйі күйіс", "ұрының арты қуыс", "ұрлық түбі - қорлық" сықылды қанатты сөздер осыған айғақ. Тәуке хан тұсындағы ұрлық ұғымына тонау да кірген. Бұл күнде мағынасы тарылып заң терминіне айналған.

Зақым сөзі де әдет-ғұрып заңында құқықтық атау қызметінде жұмсалған (жеңіл зақым, ауыр зақым). Тәуке хан жарлығында зақыммен (жарақат түсірумен) кек қайтару немесе құн төлеу қабылданған.

Қазақстанның Россияға қосылуына дейінгі кезеңнің бір ерекшелігі – сот ісі халықтың әдет-ғұрып заңдарының негізінде жүргізілді дедік. Бұл кезде жүз аралық, ру мен тайпалар аралығындағы даулы мәселелерді шешу үшін әр түрлі азаматтық, қылмыстық істерді қарайтын билер соты жұмыс істейді. Оған хандар мен сұлтандар, білікті билер мен батырлар қатысып отырды. Билер соты әкімшілік ету органының қызметін де атқарған. Бұл туралы Шоқан Уәлиханов былай деп жазды: "Ру тұрмысының заңы бойынша бір рудан шыққан адамдар бір семья сияқты болып саналады. Сондықтан бір рудан шыққан би өз руласы мен басқа бір рудан шыққан адамның таласына билік бере алмайды. Билер соты сөз жүзінде халық алдында ашық түрде және қашан да қорғаушының қатысуымен жүргізіледі./23.134-140/. Бұдан жазылмаса да, билер сотының іс жүргізу жолдары жайында қабылданған ережелердің болғандығы байқалады.

Ал XIX ғасырдан бастап болысаралық, руаралық істерді қарайтын "билер съезі" құрылды. Осыған байланысты "билер съезі", "шербышный съезі" (чрезвычайный) сияқты құқықтық ұғымдарды білдіретін тіркестер пайда болды.

Хан мен сұлтандардың жанында төлеңгіт деп аталатын феодалдық тәуелді әлеуметтік топтың болғаны тарихтан белгілі. Олар сұлтандарды не ханды паналап, соларға қызметші міндетін атқарған. Оларға біразы сұлтан арасында тұрып,зекет пен соғым жинаған, би шешімдерін орындаған (қазіргі сот орындаушысының – судебный исполнительдің – қызметін), жаушы, күтуші болған. Қалған тобы малын бағып, үйін күткен. Ал осылардың бірінші тобын билерден кейінгі құқықтық әкімгершіліктің өкілі демеске болмайды. Олай болса "төлеңгіт" сөзі де бір кезде заң терминінің қызметін атқарған болып шығады. "Төлеңгіт" сөзінің де төркіні көне түркі тілінде жатса керек. Түбірі – төле , төл зат есімнің негізінде жасалған туынды етістік (төл-е). Көне түркі тілдеріндегі "қоздау"(қой), алған заты үшін, не басқа бір өткізгені үшін "төлеу" (заттай, еңбегімен т.б) мағыналарын білдірген. /23.574/ Осы соңғы мағынасының негізінде –гі (-ғы, -қы//-кі) жұрнағының жалғануымен төлеуші, төлегіш ұғымын беретін зат есім жасалған да, ол төрелер қарамағында солардан алған сауын, қалжасы үшін еңбегімен төлем төлеп жүрген басы байлы шаруа ұғымын білдіретін болып қалыптсса керек. Ал сөз соңындағы "т" қосымшасы көптік жалғауының көне түрі екені белгілі (тархан – тархат, тігін –тігіт, оймауыт – торғауыт т.б . Төлеңгіттер табиғатында қанаушы тап өкілі болғанымен, олардың ішінен сұлтандарға жақыны, тұрмыстық жағынан әл-ауқаттылары болған. Осылардың төлеңгіт аристократиясы пайда болған. Бұл топтағы сұлтандар мен хандар әртүрлі әкімшілік шешімдерді орындауға жұмсап отырған. "Төлеңгіт" сөзін заң термині ретінде қарастырғанда, оның осы кейінгі мәнін ескеру керек.

Әдет-ғұрып заңдары күшіндегі кезеңдерде алым-салық түрлері де көп болды, сол ұғымды білдіретін арнайы атаулар да баршылық еді.

Қазақ хандығының мал өсіретін аудандары мен егіншілікпен айналысытын жерлердегі алым-салық бірдей емес еді. Қатардағы көшпелі малшылар хандыққа зекет төлеген (малының жиырмадан бір бөлігі мөлшерде), феодалдардың малын бағып, үй-шаруасын ұстаған, оған қоса соғымнан сыбаға беріп отырған. Әсіресе, соғым-сыбаға жайлауға, күзеугк көшкен кездерде берілген. Көшпелі малшылардың байларға еткен еңбегі үшін алатыны тек сауын ғана болған.

Егіншілікпен айналысатын жерлердегі алым-салықтың жүйесі әрсалалы еді. Отырықшы егіншілер ханға бағыс салығын және жер үшін алым төлеген. Оны "мал –у – жихат " деген терминмен атаған. Әртүрлі тарихи деректемелерде "жалпы салық", "тұтас алғандығы салық", дегенді білдіретін алық уа салық" (қазіргі "алым-салық "сөзі осы атаудың негізінде пайда болуы ғажап емес) деген атау да кездеседі. Қараж деп аталатын салық егін мөлшерінің оннан бірінен бестен біріне дейінгі мөлшерде жиналатын болғаны белгілі.

Әскерлерді азық-түлікпен жабдықтау мақсатымен шаруалар мен қала тұрғындарынан заттай жиналатын салық "тағар" деп атаған. Осы салық бойынша азық-түлік қана емес сарбаздар мінетін ат, оның жемі де жиналатын. Тәукенің "Жеті жарғысынан" В.Левшин мынандай бір үзінді келтіреді: "Сұлтандардан басқа қару асына алатынәрбір адам ханға, халық билеушілеріне жыл сайын өзінің мал-мүлкінің жиырмадан бір бөлігі мөлшерінде салық төлеп отыратын болсын". /24.178/

Тәуке хан жасап қалдырған "Жеті жарғыда" қазақтың бұған дейінгі заң, әдет-ғұрып нормалары қорытындыланды, жинақталды және бұл құжат кейінгі де әдетғұрып ережеклерінің толығып дамуына, жүйеленуіне, соның нәтижесінде қазақтың құқықтық терминдердің қалыптасуына игілікті әсерін тигізді. Бірақ бұдан елімізде жүйелі түрде қалыптсақан, жан-жақты дамыған құқықтық институттар сол хандар билеген дәуірдің өзінде бар едідеген пікір тумаса керек. Қазақ халқында бұл кезеңде құқықтық көзқарастар өте баяу дамыды. Сондықтан да құқықтық ұғымдарды білдіретін азын-аулақ атаулар ол уақытта лексикалық қордан терминдер жүйесіне қойылатын талап деңгейінде көріне алған жоқ.

Қазақстан тарихында 1731 жыл ерекше аталады. Бұл жылы императрица Анна Ионовна қазақтарды орыс патшалығының қарамағына қабылдағаны туралы грамотаға қол қойып, оны елшісі Тевкелов арқылы кіші жүздің ханы !Әбілқайырға табыс еткен болатын. Содан бір ғасыр өтпей алдымен орта жүз, соған ілесе ұлы жүз қазақтары Россия құрамына бодан боп енеді. Мұндай әлеуметтік оқиға елдің шаруашылығына, тұрмысына, қарым-қатынасына т.б жағдайларына бірқатар өзгерістер әкелді. Патша өкіметі қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпы заңдарына да өзгерістер енгізгісі келді. Оған XYIII ғасырдың аяғында жасалған Игельстром реформасы дәлел бола алады. Бірақ, ол реформа іске аспай қалды. Әдет-ғұрып заңдары бұрынғы қалпында әлі де көпке дейін сақталып қалды. Осы туралы Г.Гавердовский: "Олар (жүздер) ешбір сырттың көмегінсіз өздерінің қалыптасқан заңдарымен елді басқарды", - дейді. Сөйтіп, алғашында қанша әрекеттенгенімен қазақ топырағына империялық саясат іске аспай қалды. Сондықтан ол жүйені асықпай, біртіндеп іс жүзіне асыру керектігін түсінген отаршылдық үкімет сот ісін, қылмыстық істерді, әкімгершілік, тұрмыстық, азаматтық дау-жанжалдарды шешуді бұрынғыша елдің бюилер соты кеңесінің қарамағына беріп, өзі сырттан бақылап отырды. Дегенмен, Қазақстанның Ресейге қосылуы бұрын әдет-ғұрып заңы арқылы шешіліп келген жүйеге осы кездің өзінде-ақ өз әсерін, өз ісін қалдыра бастаған еді. Оны мынадан көруге болады: дәл осы кезде "хан зеңбірегі", "хан жарлығы" деген тектес орыс тілінен дәлме-дәл аударылған тіркестер мен "указ" тәріздес кірме сөздер пайда болды. Ресейге бодан болғандық туралы құжаттың аты - "грамота" сөзі, оны іске асыру үшін келген кісінің лауазымы, мемлекеттік істі жүзеге асыратын, ел арасындағы қатынастарды орнататын адамды қалай атайтыны ұғымдар қазақ лексикасын жаңа сөздермен байытып қана қана қойған жоқ, сонымен бірге, ол атаудың әлеуметтік, әкімгершілік, құқықтық мәнге ие болуына да негіз болды. Әңгіме "посол", "елші" т.б. сөздердің осы кезде қазақ тілі лексикасының кіруі туралы болып отыр.

Қазақстаның Россияға қосылып, оған бағыныуының нәтижесі бұрынғы әдет-ғұрып, салт заңының дәуірленуіне кедергі болса, екінші жағынан ғасырлар бойы қалыптасқан оңайлықпен жаңа жүйедегі басшылыққа қол қусыра қоймайтындығын білдірді. Бұл кезде осындай қайшылық та болды. Оның көрінісі әкімгершілік, тұрмыстық құқықтарды білдіретін сөздердің осы кездегі жай-күйінен де көрінетін еді. Империялық отарлау саясатының нәтижесінде қазақ тіліне қайтып кіре бастаған заңдық мазмұндағы атауларға қарсы қазақтың төл сөздерін алып, оны жаңа терминдік мағынада қоданушылық тенденциясының өрінісі айтқанымызға дәлел бола алды. Мәселен, осы кездегі мағынасы жаңғырып қолданылған "торғауыт", "кісен", "зындан" сөздері осындай қажнттілікте туындаса керек.

Осындай жағдайда патшалық Ресей өкілдері бірден аңғарды және оған қарсы жаңа саясат қолданды. 1867-1868 жылдардағы қазақтарды басқарудағы жүргізілген жаңа реформалар осыған дәлел.

Мәселен, "Сібір қазақтарын (қырғыздардың) уставқа сүйеніп басқарудың жаңа бағыты" құрылды. М.М.Сперенскийдің бұл Уставы бойынша сот ісі үлкен үш категорияға бөлінеді:


  1. Қылмысты істер; 2) Даулы істер; 3) Басқару үстінен берілетін шағымдар; Осы тіркестер уақытында (қазір де) терминдік мәнде жұмсалады.

Қылмысты істерге сол кездегі заң ережесі бойынша мемлекетке опасыздық, кісі өлтіру, тонау және "өкіметке көріне бой ұрмау" жатады. Құқық тәртібін бұзудың қалған барлық формалары, оның ішінде мал ұрлау да, даулы істер деп саналады. Қылмысты істер империяның жалпы заңдары негізінде округтік приказдарда қаралады. Одан бөлек даулы істерді ауылдар мен болыстарда жер –жерде қолданылып жүрген әдет-ғұрып заңы бойынша билер талқылады. Билер сотының шешімі окруктік приказдарға дау күшіне енді. Билер соты мен ресми өкімет арасындағы мұндай байланыс (алғашқысының соңғысына шын мәнінде тәуелді болуы) іс жүзінде бұл екеуінің бір-бірінің бірігуіне алып келді. 1822 жылғы Устав

Қыр еліне тұңғыш рет сайлау жүйесін енгізді. (устав, сайлау жүйесі сөздері де осы кезден бастап терминдік мән ала бастады.)

Бұл кезде көшпелі және жартылай көшпелі «Сібір қырғыздары облысының» орасан кең территориясын басқарудың қиындыңғы мен оған жіберген орыс әкімдерінің аздығы патша үкіметіне «Сібір қырғыздарының облысы» орсан кең территориясын басқарудың қиындығы мен оған жіберген орыс әкімдерінің аздығы патша үкіметіне жергілікті халықтардан сайланатын адамдардың көмегіне жүгінуіне алып келді. «Устав» билер сотын жалпы империялық сотпен біртіндеп алмастырып бөлінбеген еді және үш түрлі сот формасы жұмыс істеді:


  • Қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрпына негізделген билер соты;

  • Шариғат жолмен соттау;

  • Ресей империясының соты.

Осыған орай үш түрлі заң атауы қолданылды. Билер соты бұрынғыша «заң» деген терминмен аталып, әдетте оның синонимі ретінде қолданылып жүрген әдет-ғұрып, жол сөздері терминдік мән алған жоқ. Мұсылман (ислам) құқығы шариғат деп аталады да, құқық сөзі қазақтың өз заңына да, империялық сот ісінде де қолданылады.

Мысалы: Жоғарғы сот төрағасының тағы бір атап өткеніндей, соңғы уақытта еліміздегі сот реформасын әлемдік өркениет талаптарына сәйкес жүргізуде оң өзгерістер байқалады.(Заң газеті,бейсенбі, 5 сәуір, 2007 жыл) Орыс үкіметі арқылы келген құқықтық нұсқаулар сол күйінде "закон" деп аталады. (заңдық терминдердің кірме сөздермен толығуы жайында "заң" сөзінің қытай тілінен енгендігі туралы айтылған. Оның мағыналық дифференциясының қажеттілігінен туындауы мүмкін. Өйткені империялық заңды басқа екі заңдық мекемеден ажырату қажет болды. Бұл тұста заң – закон орыс заңы тектес айқын дауысты тіркестер де ұшырасады. Сөйтіп XIX ғасырдың басынан бастап "закон" сөзі еніп, ол дыбыстық өзгерістерге ұшырып, сот болып қолданылатын болды (қазақ тілінде сөз соңында ұяң "б", "в", "г", ғ" дыбыстары ұшыраспайтыны белгілі. Сондықтан да басқа тілден ауысқан сөздерде ол дыбыстардың қатаң дыбыстармен алмасуы заңды: суд – сот , педагог – педагок , штаб – штап т.б. Сонымен, ол қазір де терминдік мән алып актив қолданылатын болды, ал "закон" сөзі жайында басқа бағытты айтар едік: закон, заң сөздері жарыса қолданылып келді де, заң сөзі тұрақталып қалды, закон плеоназм ретінде тілдік қолданыстан шығып қалды.



  1. Бұл әрекет қылмыстық оқиғаларды уақытында тіркемеу, есепке қоймау деректерін анықтау үшін тексеруге байланысты арызға қол қойылды.

Ресей империясының құқықтық нұсқаулары негізінде енген ұғымдарды білдіретін атаулардың тағы бірі – арыз . Ол қазақ тілі лексикалық құрамында бұрыннан бар сөз, орыс тіліндегі ұғымды дәлме-дәл (калька жолымен) аударудан келіп жаңа мағынаға ( терминдік мәнге) ие болған. О баста бұл сөз тілек, өтініш, шағым сөздерімен синонимдес айтылып, солармен қатар жұмсалған. Арыз айтты, арызы жетті, араздасып айтқан сөз (өлім аузындағы қоштасу) тіркестеріндегі мағыналары жалпы халыққтық лексикадағы мағыналары болып табылады. Терминдік мәні шағым ұғымын білдретін мағынасынан өрбісе керек. Өйткені "шағым" біреуден зәбір көрген кісі екінші бір кісіге сол мұңын айту дегенді білдіреді. Осы мағынаның негізінде орыс империясының сот жүйесі келгеннен кейін, дауласудың жаңа тәртібі ретінде жәбірлеушінің үстінен айтайын дегенін жазбаша қағазға түсіріп, құжат етіп беру мағынасы туындады да, ол заңдық терминге айналды. Осы қызметте арыз сөзі осы күннің өзінде жиі қолданылады. Айта кететін бір жай қазіргі тілімізде арызқұмар, арызшы, арызқой деген модальдік мәндегі "бұзақы", "бәлеқор" ұғымын білдіретін сөздердің мазмұны "арыз" сөзінің терминдік мағынасының кейінгі дамуынан пайда болса керек.

"Арыз" терминінің негізінде арыз беруші, арызданушы, арыз иесі, арыздар жинағы, арыз тексеру, арыз қарау т.б көптеген, бұл күнде терминдік мәнгеие болған сөздер туындады.

Тергеу, сұрау сөздері де XVIII, XIX ғасырларда заң термині қызмтінде бірінің орнына екіншісі қолданыла берген. Бұл күнде олар сараланып, термин мәнінде тергеу сөзі қолданылатын болды. Қазір осы сөздің негізінде қалыптасқан басқа да заңдық ұғымды білдіретін сөздер бар: тергеуші, тергеу қағаздары, тергеу ісі, тергеу жүйесі, тергеу қорытындысы, тергеу тәсілдері, тергеу құралдары т.б. Мысалы;



Алқа ортырысында Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстарының прокурорларының назары азаматардың хабар-ошарсыз жоғалу деректері бойынша қылмыстық іс қозғауға және оны мүқият зерделеу қажеттігіне ауғандығын хабарлады. (Заң, бейсенбі, 5 сәуір, 2007 ж)

Іс сөзі бұл күнде терминдік сипат алған. Ол да XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында терминдік мәнге ие болды, дело деген заң терминін тікелей аударудың нәтижесінде қалыптасқан. Осы негізінде жасалған "сот ісі", "қылмыстық істер", "тергеу ісі", "азаматтық іс", "іс қозғау" т.б осы тектес құқықтық атауларды көптеп келтіруге болады. Бұл сөз қазір өзінің бастапқы (жұмыс, әрекет мағынасында) мәнінде де жиі қолданылады. Сондықтан ол терминдік қызметте тек қылмыстық азаматтық істерін жүргізу барысында ғана жұмсалатынын ескерте кеткен жөн.

Қылмыстыларды сақтайтын жерді шығыс тілдерінен ауысқан зындан сөзі білдіріп келді десек, енді Ресейдің империялық сотымен бірге осы ұғымды білдіретін жаңа терминдік атаулар пайда болды түрме, абақты, қараңғы үй, кәтелешке сөздері аталған мәнде жұмсала бастады. Мысалы, Р. Сыздықованың "Абай шығармаларының тілі" деген еңбегінде "Қараңғы үй – темница сөзінен келеке жолымен аударылған. Бұл атау өткен ғасырда Қазақстанның көп жерінде пайдаланылғаны байқалады" Осындағы каталашка (кәтелешке) сөзі орыс тіліндегі текелаж деген сөздің қазақтардың атауында дыбыстық өзгеріске ұшыраған формасы болса керек. Бұл – полиция бөліміндегі тұтқындарға арналған мағынасында қолданылған. Кейін түрме мағынасында терминдік қызмет атқарған. XIX ғасырда осы мәндегі терминдік атау ретінде көп қолданылған сөздің тағы бірі - абақты атауы. Мысалы; Баяндама бойынша, іздеудегі жалпы адвмдардың арасында 156 адам өлтірген, 121 кісі зорлаушы, қарақшылық шабуыл жасаған 193 тұлға және 102 тонаушы бар. 39 адам денсаулығына ауыр зардап келтіргені үшін 44 адам абақтыға жабылды. (Заң. 5 сәуір, 2007 ж)

Бұл сөзді В.В. Радлов неміс тіліндегі гауптвахта сөзінің қазақ тілінде дыбыстық өзгеріске ұшырап қолданылуынан қалыптасқан деп түсіндіреді. Бірақ қазақтар абақты сөзін лабақты деп те атайды. Ал ол ана тілімізде өте ертеден бар. Мысалы, "Қобыланды батыр" жырынан: "Батырды жауып лабаққа, үйіне қайтып келеді", - деген жолдарды кездестіреміз. Олай болса бұл – қазақтың төл болуға тиіс. Мысалы; Полиция қызметкерлері "Тойота" автокөлігін айдап әкеткен қылмыскерлерді ұстап, тұтқындады.Бұл жерде қолданылған сөз – тұтқын. Осы кезде тұтқын сөзі жиі қолданыла бастады. Бұл сөздің түп төркіні көне тұт сөзіне барады. Бастапқы мағынасы – ұста. Кейін жаугершілік заманда қолға түскендердің тұтқын, пенде. Кейін, әсіресе Ресей империясына бодан болғанда, заң мекемелері, түрмелер ашылып, ондағы жаза алып жатқандардың тұтқын деп аталады. Сонымен бұл сөз де заң терминдерінің қатарынан орын алды. Осыдан тараған "тұтқынға алу", "тұтқынды ұстау" т.б көптеген құқықтық ұғымды білдіретін сөздер бар.

Ипмериялық соттың құрылуы әдет-ғұрып құқығында бұрын болмаған жазаның жер аудару, каторгаға жіберу, ату, т.б түрін әкелді. Осымен байланысты ұғымдарды білдіретін айдау, түрмеге жабу, ату, каторга тектес сөздер терминдік мәнге ие болды.

Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының нәтижесінде келген қоғамдық-әлеуметтік құрылыстағы – экономикадағы, саудадағы, мәдени өмірдегі, әкімгершіліктегі, әдеп-салттағы т.б өзгерістер осы ұғымдарды білдіретін жаңа атаулардың пайда болуына бірден-бір себеп болғанын жоғарыдағы мысалдар дәлелдесе керек. Сонымен бірге, жаңа жағдайға байланысты жойылып кеткен хан, төлеңгіт, құл тәрізді категорияларды білдіретін атаулар қолданылстан шығып, архаизмдене бастады. Сұлтан, төре, би сөздерінің семантикасында өзгерістер болды: олардың қолдану өрісі тарылды. Мысалы, сұлтан сөзінен тараған аға сұлтан – әкімшілік термині. О баста Шыңғыс ұрпақтарына шыққан кісіні ғана сұлтан десе, енді бұл сөз қызмет атауы ретінде сол жұмысты атқарған қараларды да білдіретін болды. Төре сөзі де солай. Бұрын төре деп ақсүйектерді, хан тұқымын айтқан. XIX ғасырдан бастап қарадан шығып ел билеген қазақтарды да, сондай лауазымдағы орыс чиновниктерін де төре не ұлық деп атайтын болған. Осы мағынасында бұл сөздерде құқықтық термин қызметін атқарды. Ал төре, ұлық сөздері түркі халықтарының тілінде көне дәуірден бар: Орхон-Енисей түріктердің тілінде де ұшырасып отырады.

Бұл кезде би сөзінің де терминдік мәні өзгерді. Бұрын билер сайланбайтын, қарадан шығып, біргірлігімен, шешендігімен елге танылған адамды би десе, енді әдет-ғұрып заңы бойынша үш жылға сайланатын ұсақ-түйек қылмыстар бойынша үкім шығаруға құқығы бар ресми қызметтегі адамдарды осылай атайтын болған. Осындай империялық басқару жүйесінің еткен әсеріне байланысты терминдік мәні өзгерген сөздердің қатарына атшабар, старшина атаулары да жатады. Бұрыннан атшабар сөзі (кейде оны "шабарман" деп те атайды) ел басқарушы сұлтандар мен төрелерге, солардың "барып кел", "алып кел" қызметін атқаратын кісіні білдірсе (орысша "вестовой"), кейін жаңа әкімшілік орынға, болыстарға, қызмет ететін штаттағы адамды білдіретін терминдік мәнге ие болды: "Атшабар" қазақтың төл атауы болса, "старшина" (старшын) орыс тілірнен ертеректе еніп, алғашында жергілікті елді басқаратын кісілерді білдірген. XVII ғасырдың аяғына дейін бұл сөз қазақ арасында сирек қолданылған. Алғаш таралуына қазақелінде жұмыс жүргізген орыс чиновниктері көшпелі қауым ішіндегі беделді, жасы үлкен адамдарды "старшын" десе, кейін бұл атау қызмет орнын білдіретін термин сөзге айналған. Қазақ арасында бұл сөздің мағынасының таралуына региондық ерекшеліктер бар: Ішкі Ордада әр түтін (отбасы) бір старшындыққа бөлінсе орта жүз қазақтарында сұлтандар мен билерден басқаны (ел билеу ісінде) старшын деп қабылдады.

XIX ғасырдың ортасында Қазақстан Россияның товар өткізетін ең ірі рыноктарының біріне айналды. /24.225/

1867-1869 жылдардағы реформалар арқылы әскери сот комиссиялары мен уездік соттар құрылады, сонымен бірге отарлау саясатына бейімделген билер соты мен қазылар соты сақталады. Дау жанжалды шешкенде, билер соты әдеттегі құқық мен шариғат нормаларына, ал қазылар соты тек шариғат ережелеріне сүйенді.

Мұсылман халқы тығыз орырықшы және көшпелі ауылдарда ғы істі қарайтын халық соттары құрылып, халық өкілдері жасаған қылмыстардың кез-келгенін қарай алатын еді. Сөйтіп, халық соты сол кездегі сот жүйесіндегі төмендегі сатысы болды, жергілікті істерді шешеді. Әрі қылмыстарды обыстық соттар мен мировой судьялар шешті. Сотқа тергеушілері мен мировой судьяларның көмекшілері дайындап беретін. Прокурорлық бақылауды облыстық прокурор мен облыстық танымдағы орынбасары атқарды. Облыстық сот председательдерін әділет министрінің ұсынысы бойынша императорлық өкімет тағайындады. Осы кезеңдегі айтылған өзгерістердің қазақ тілінің лексикалық қоры заңдық ұғымды білдіретін жаңа терминдермен молықты. 1822 жылғы қазақ жерін билеу туралы ережеге байланысты енген кейбір құқықтық мәнді білдіретін сөздер енді ескіріп, историзмге айналды. Сонымен бірге біраз терминдердің қолданнылу аясы кеңіп, терминдік тар шеңберден шығып, жалпы халықтық мәнге ие болды. Қарыз, ақсақал, куә, арыз, шығын, ұры т.б осы тектес сөздер бұл күнде терминдік жүйеден шығып жалпы халықтық лексикалық қордан орын алған.

Осы тұста терминдік мағынаға ие болған мынандай байырғы сөздерді атауға болар еді; дау, бітім, салауат (кешірім), береке бітім, билік, айғақ, куәлі, құн, қалың мал, дүре, жаза, даукер, жауапкер т.б Олар мынандай терминдік дара мағынада қолданыла бастады, айғақ – свидетель, айып – обвинение, жаз – наказание, даукер – потерпевший, жан беру – присягнуть, куәлік – свидетельство, бітім – мир, билік – решение, құн – вид наказания т.б. XIX ғасырда жаңа реформаға сәйкес сот жүйесінде кінәлілерге тағылатын айып пен жазаның түрі мен мазмұны да өзгерді. Мысалы, бұл кезде: билік ат, түйе бастаған бір тоғыз, ат-шапан, ат-шапан айып сияқты жазаның түрлерін білдіретін сөздер заң тенминдері қызметін атқарды. Осы уақыттан бастап сот, судья терминдерінің мағыналық жігі ажарап, даралана бастады. Сот заң ісімен айналасатын мекеме болса, судья заң ісін жүргізетін адам деген ұғымдарды білдіретін болды. Бірқатар етістік сөздер терминдік мән алды: ағарды – был оправдан, күйеді – признается виновным, мойнына түсу – быть виновным т.б

Бұл жылдары, әсіресе, орыс тілінен ауысып келген заң терминдерін көптеп кездестіреміз. Ол сөздер қазақ тілінен фонетикаға сәйкес дыбыстық пішіні өзгертіліп қолданылды; кәтелешке, паспұрт, болыс, майыр, ояз, жандарал, жераба т.б. Бұл кезеңде енді бір топ сөздер қазақ тіліне орыс тілінен дәлме-дәл аудару жолымен енді де, кейін тұрақты заңдық термин болып қалыптасып кетті: іс – дело сөзінің аудармасы, тінту – обыскать, қараңғы үй – темница т.б. Кей кездерде орыс сөздерін қазақ тіліндегі баламасымен жарыстыра қолданушылық та кездесіп қалады: Мысалы, закон – заң , посредник – делдал , уголовный іс – қылмысты іс, назначение – арнау, бекіту т.б

Осы кезде терминдік мән алған "төре" сөзі көбінесе "алу", "беру", "жеу" етістіктерімен тіркесіп жаңа құқықтық ұғымдарды білдіре бастады: пәре алу, пәре беру, пәре жеу. Бұл сөз бұрын бір заттың (нәрсенің) бөлігі деген мағынаны білдірген. Ол бұл мағынада тарихи әдебиеттерде ғана қолданылады. Ал түрік тілінде ақша деген ұғымда айтылады. Қылмыстың бір түрін білдіретін "пәре" термині осы соңғы мағынадан өрбісе керек.

Сонымен,XIX ғасырдың екінші жартысында әкімшілік билеудегі сот ісіндегі өзгерістердің нәтижесінде төре, сұлтан, би сөздері қолданылудан шығып, оның орнына болыс, ояз, старшын, майыр, начальник, жандалар, урядник, сражник мировой судья, т.б терминдер пайда болды. Сондай-ақ сияз (съезд), приговор, протокол, губерния, уйез сөздері де заңдық ұғымдарын білдіре бастады. Тағы да осы кездегі тұрмысқа, шаруашылықта, капиталистік қатынастардың өркен жайып өсуіне байланысты, сауд ісінің кең құлаш сермеуінің нәтижесінде осы бағытта құқықтық жағынан қорғайтын заңдар пайда болып, сол ұғымдарды білдіретін терминдік атаулар қалыптасты: алыпсатар, қарыз, борыш, пұл, көтерме сауда, шығын, саудагершілік, жәрмеңке, өсімтарлық, кіріс, үлкен, сарапшы, сауда басқармасы т.б. Бұл атаулардың барлығы да жалпыхалықтық лексиканың негізінде жасалады, содан барып терминдер тобына өтті. Осы кезеңде "қорытынды”, "түсініктеме”, "тәртіп”, "мәлімет”, "жала”, "айыптау үкімі” т.б. осы тәріздес сөздер жаңа мағынада қолданылып заңдық ұғымды білдіруге қызмет етті. "мөр”, "штамп”, "акт”, "подлог”, "әскери қылмыс, "сайлау документтері”, "тізім”,"шарт”, "статья” тәріздес бір топ сөздер де терминдік мәнде халыққа тез тарап кетті.

Сонымен Қазан (1917 жылғы) төңкерісіне дейінгі заң терминдерінің жайы туралы айтылғандарды қорытындыласақ мынандай тұжырым жасауға болады:

а) Бұл уақытта ана тілімізде қолданылған заңдық ұғымдарды білдіретін сөздердің ерекшелігіне қарай олардың қалыптасуының үш кезеңін көрсетуге болады: Бірінші кезең – қазақ хандарының дәуірі. Бұл кезде құқық қорғау мәселесін, әр түрлі дау-шарларды елден шыққан би мен қазылар шешті, олар қараған мәселесін бұрыннан ел ішінде қалыптасқан әдет-ғұрып заңдары мен хандар шығарған заңдарды басшылыққа ала отырып, өз шешімдерін хабварлайтын еді. Сондықтан да қажетті заңдық ұғымды білдіретін атаулар әдет-ғұрып ұғымының негізінде, хандар құжаттарында (”Есім ханның ескі жолы”, ”Қасым ханның қасқа жолы”, ”Тәуке ханның жеті жарғысы” т.б ) кездесетін лексималар негізінде қалыптасты. Бұл кездегі атаулардың көп дені қазақтың төл сөздері еді. Екінші кезең 1731 жылдан, яғни Қазақстанның Ресейге қосылуынан басталып, XIX ғасырдың 60 жылдарын қамтиды. Сондықтан да бұл аралықтардағы заңдық ұғымда тек қазақтың төл сөздері ғана емес, сонымен бірге орыс тілінен енген атаулар да пайда болды. Үшінші кезең (XIX ғасырдың екінші жартысында 1917 жылдың Қазан төңкерісіне дейін) империялық отарлау саясатын іске асыру бағытында жүгізілген бірқатар әлеуметтік реформалар іске асырылды. Оның ішінде сот ісін жүргізудің тәртібін, жаңа сот құрылысын белгілеген реформалар да болды. Бұл – қазақ тілінде осы кәсіпке байланысты жаңадан терминдік мәнге ие болған сөздер тобының дараланып шығуына үлкен әсер етті.

Бұл кезеңдерде елдегі біраз даулы мәселелерді шариғат заңымен шешуге де жол берілді. Мұның өзі сол уақыттағы заң терминдерінің кейбіреуі араб тілінен енген сөздер болуына жол ашты.

ә) Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тілі лексикасындағы заңдық ұғымды білдіретін сөздер болды, дегенмен, олар ана тіліміздің лексикалық құрамынан белгілі жүйеге негізделеген терминдік топ құра алмады, оған әлеуметтік жағдай да жоқ еді (құқықтық мекемелер, ғылым, құқықтық оқу орындары т.б).
2.2. Заң терминдерінің Кеңес өкіметі кезіндегі жай-күйі

Қазақ терминологиясының басқа саласы сияқты заң терминдерінің де ерекше қарқынмен қалыптасып дамуына Қазан революциясынан кейінгі кездерде болды. Оның себебі осы уақыттағы ел өмірінде болған әр түрлі саяси әлеуметтік оқиғалар мен ірі-ірі тарихи жағдайлардан енді. Бұл жылдары жаңа типтегі бастауыш, орта, жоғарғы оқу орындары ашылды, территориялық және әкімгершілік орталықтар, ылыми мекемелер құрылып, мәдени ошақтар жұмыс істей бастады. Әртүрлі құқық қорғау орындары жаңа саясаттың негізінде іс жүогізуге кірісті. Ол үшін жаңа заңдар қабылданды. Осы заңдар енді ғана құрылған үкіметтің экономикалық қоғамдық, мемлекеттік құрылымдары мен жеке қоғам мүшелерінің құқығы қорғалуға тиісті болғандықтан бұрынғы патшалық Ресей заңдарының көпшілігі іске аспай қалды. Жаңа заңдар жинағында жаңа ұғымдарды білдіретін атаулар қажет болды. Бұл жағдай жаңа терминдермен баюына тікелей ықпал етті.

1925-1935 жылдардың арасында Қазақ АССР Оқу Халық комиссариаты жанынан ашылған әдістемелік бюро, онан кейінгі арнаулы түрде құрылған терминлогия комисссиясы қазақ тілінің терминлогиясын жасау ісімен шұғылданып отырды. Қазақ тілінің дамуы мен өркендеуіне, терминдерді қалыптастыруға көп көңіл бөлді. 1936 жылдан бастап күні бүгінге дейін қазақ тілінің ғылыми терминологиясын жасау, оған басшылық етіп отыру ісімен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы мемлекеттік терминология комиссиясы айналысып келді.

Осы кездерде Қазақ терминологиясының заңдылықтары мен негізгі принциптерін жасауда алғашқы тіл мемандары профессор Қ.Жұбанов пен Н.Сауранбаевтың, академик С.Кеңесбаев пен профессор С.Аманжоловтың т.б. еңбектерінің әсері ерекше болды.

Н.Сауранбаев терминология мәселесіне арнап ”Қазақ әдеби тілі және оның терминологиясын жасау туралы” деген мақаласы жарық көрді. Жаңа терминдер жасап, тіл байлығы арттыра беру жөніндегі, оларды бір ізге түсірудегі және қолдану жайындағы ол ұсынған прициптер іске асырылды.

Қоғамдық дамудың жаңа кезеңдерінде – еліміз егемендік алып, бүкіл халқымызды мәдениетті, білімді ету мәселесі күн тәртібіне қойылған кезде - қазақ тілінің ғылыми терминологиясын бұрынғыдан гөрі түпкілікті ету, әрі халық арасына батыл түрде баянды етіп сіңіру мәселесінің өте зор маңызы алып отыр. Халықтың мәдениеті көтеріліп, санасы өскен сайын тіл қадірі де аса түсетіні белгілі . Ғылым мен мәдениеттің шарықтай өскен заманында басқа терминдер сияқты заң терминдері құрамында да көптеген өзгерістер болды: бұрынғы терминдерн құрамындағы бірқатар атаулар ескіріп, қолданудан шығып қалды, оның есесіне жаңа замандағы жаңа ұғымды білдіретін жаңа атаулар пайда болды (болыс, би, қазы, ұлық т.б. ) осы сияқты көне атаулар архаизмге айналып, кеңес, сот, прокурор, қорғаушы, тергеуші т.б. сөздер осы кездегі әлеуметтік меншік пен мемлекетті қорғаушы субъектілердің мазмұнын білдіретін терминдік мәнге ие болды.

Бұл кезде заңдық ұғымды білдіретін атаулар жалпыхалықтық тіліміздің негізінде, басқа тілдегі терминдік атауларды қазақ тілінде дәлме-дәл аудару нәтижесінде, басқа тілдерден ауысқан сөздерге терминдік мән беру арқылы және шет ел тілдеріндегі терминдерді сол қалпында қабылдау жолдарымен байып, толығып отырды. Мысалы, зиянкестік, әскери міндет, ерік білдіру, уақытша қызметкер, қарсы талап, үлес бөлу, қылмыскерді ұстап беру, мемлекеттік құрылым, елтаңба, азаматтық талапкер, азаматтық, қос азаматтық, айғақты зат, жалған құжат, тергеу, тергеуші, қайта тергеу т.б. осы тектес сөздер кеңес үкіметі тұсында заңдық ұғымды білдіретін терминдік мән алды. Бұлардың барлығы да қазақтың төл лексикалық қорындағы сөздер болып табылады.

Сондай-ақ, прокурор, адвокат, заседатель, банк, бандитизм, абонимент, аванс, автономия, агент, кодекс, коллегия, контрабанда, ордер, факт, пассив, патент, полис, ратификация, реквизация, репатрияция т.б. осындай заңдық ұғымды білдіретін сөздер ана тілімізде баламасы болмағандықтан өзге тілдерден өзгеріссіз алынды.

Бұл күндері қазақ тілінің заң терминдері күрделі сөздермен де толықты. Олардың құрамы әртүрлі болып келеді:

а) шабуыл жасап тонау, сыйға тарту келісімі, жалақы алу құқығы, жас балаларды аздыру, ерікті халық жасақтары, азаматтық хал актілері, тікелей шек қоюшылық т.б.

ә) жолдастық сот, азаматтық құқық, тәртіп сақтау батальоны, тұрмыстық прокаттық қалыпты договоры т.б.

б) авторлық құқық, автономиялы округ, аккредиттетелген чектер, адвокаттар коллегиясы, сот коллегиясы, колхоз құқығы, коммерциялық акт, т.б.

Кеңес үкіметі тұсында қалыптасқан заң терминдерінің одан бұрынғы кездегі заңдық ұғымдағы атаулармен салыстырғандағы негізгі ерекшеліктері деп мыналарды айтуға болады:


  1. Заңдық ұғымды білдіретін сөздер бұл күндері қазақ тілі лексикалық құрамынан салалық терминдердің негізгі бір саласы ретінде жеке дара бөлініп өзінің тиісті орын алды;

  2. Осы кездегі құқықтық мекемелерді, оқу орындарының көбейе, ұлғая түсуіне, соған байланысты жаңа ұғымдардың қалыптасуының арқасында заңдық ұғымдағы сөздер ерекше мән алып, бұл топтағы сөздер мазмұндық жағынан байыды;

  3. Құқықтық терминдер тобы басқа тілден ауысып келген кірме сөздермен толықты. Олар көбінесе орыс тілінен не болмаса орыс тілі арқылы басқа европа тілдерінен ауысып келген интернационалдық атаулармен баий түсті;

  4. Заң терминдерінің құрамы өзіміздің ана тіліміздің төл сөздерінің негізінде, олардың мағыналарының кеңеюі нәтижесінде де дамыды;

  5. Заңдық ұғымды білдіру үшін ана тіліміздегі сөздерді пайдаланғанда, оларды басқа тілдерден дәлме-дәл аудару (калька) жолымен де жүзеге асырылды. Заң терминдері ана тіліміздің лексикалық қорынан өзінің тиісті орнын алуына байланысты лоар ғылыми зерттеу объектісіне айналды, құқықтық мәндегі сөздердің түсіндірме және аударма сөздіктері жарық көрді.

Сонымен бірге, заң терминдерін қалыптастыру бағытында осы кезде жүргізілген жұмыстарда бірқатар кемістіктер мен асыра сілтеушілік те болды. Мысалы, бір ұғымды әр кезде әрқалай атаушылық: ғасырымыздың 40 жылдарына дейін ең басты заң қорғау органдарының бірін ”Қазақ ССР заң халық комиссариаты” десек, соңғы кездерге дейін юстиция министрлігі деп жүрдік, ал қазір ”Әділет министрлігі” деп атайтын болдық. Осындағы заң, юстиция, әділет сөздерінің мәндестігі шамалы, синонимдік қатар құрай алмайды, сонда осы бір үлкен абыройлы мекемені қалай атаған жөн? Кеңес үкіметі тұсында жаңа қолданысқа енген заңдық ұғымдарға қазақ тілінен балама іздеп көп басымызды ауыртпай-ақ орыс тіліндегі орыс тіліндегі атауды сол күйінде ала салдық. Және оған ана тілімізге Ұлы орыс тілінің еткен игі әсері деп смақтанатын болдық. Терминдердің моносемантикалы болу керек екендігін ескермей, бір ғана заңдық ұғымды бірнеше атаумен атаушылық та осы кездегі сөздік құқрамымыздан едәуір орын алды. Мысалы: қылмыскер, айыпкер, істі, жауапты сөздері бір ұғымды білдіріп, қатар қолданылып жүрді. Заң терминін жасайтын грамматикалық формаларды іріктеп алуда да бірізділік болмады. Қылмыскер – қылмысты , айыпкер – айыпты , жауапкер – жауапты т.б. осы тектес сөздердегі –қар//-кер, -ты//-ті жұрнақтарының да жарыса қолданылуы осыны дәлелдейді.

2.3. Заң терминдерінің жасалу (шығу) көздері немесе шығу тегі

Ө.Айтбаев өзінің ”Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы” деген монографиясында ұлттық тіліміздің терминдік лексикасының кезеңдеріне тоқтап, былай дейді: ”Қазақ терминологиясының жасалуына ең басты екі арна , екі көз себеп болды: оның бірі – ұлттық тіліміздің өз сөз байлығы (ішкі мүмкіншілігі) де, екіншісі – әрқилы тілдік амалдар қолдану нәти жесінде қабылданған кірме сөздер. Бұларды іштей жіктеп, бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады”. /25.200/ . Қазақ тіліндегі заң терминдерінің шығу тегін айтқанда да осы екі арнаны негізге алу керектігі байқалады. Ана тіліміздегі заңдық ұғымды білдіретін атаулардың дені өзіміздің төл атауларымыздың терминдік мәнде қолданыла келе біртіндепосы қасиеттке ие болды. Әрине, олардың терминдік мән алып, жаңа лексикалық топ құрауына бірқатар, әр түрлі құқықтық қорғау мекемелерінің пайда болуы, қоғамдық тәртіп, оны бұзушылар мен оған қарсы күресетін күштердің дүниеге келуі, қоғамға жат қылықтар, олармен күрес, жеке адамның басына, мемлекетке зиянын тигізетін әрекеттер мен оның түрлері сияқты ұғымдардың адам санасына ұялауының нәтижесінде осы ұғымдарды білдіретін атаулардың қажеттігі, осыған мұқтаждық негізінде бірқатар сөздер жаңа мәнде қолданыла бастады да, олардың соңғы мағынасы бұған дейінгі мәндерінен бөлініп, жаңа сөздердің қызметін атқара бастайды. Сөтіп, тілімізде жаңа құқықтық атау пайда болады. Мысалы, іс сөзі – көне түркі дәуірінен бері бар атау. О баста бұл әрекет ұғымын білдірген, қазір де осы мағыына жалпыхалықтық лексикада жиі қолданылып келеді: іс бітіру, іске шығу, ұжымшарда жұмыс істейді т.б. Сонымен бірге кейінгі кезде осы атаудың бір мәні қылмыс жасалғанда оны тексеру барысында жиналаған құжат ұғымын не қылмыс бойынша тексеру жүргізуді бастау мәнін білдіретін болды. Сонымен, оның осы соңғы мағынасының негізінде бір терминдік атау пайда болды:



Осы үш бұзақының үстінен іс қозғалды. Көп жылдан бері қоғам мүлкін талан-таражға салған бұл топтың үстінен жүргізген тексеру құжаты он томдық іс болды, - деген сөйлемдердегі "іс" сөзі таза заң термині екеніне шек келтіруге болмайды. Мұның терминдік мәні толық айқындалған. Тағы бір мысал, ”анықтау ” сөзі де жалпыхалықтық лексикада бар; білу, басын ашып алу, естігеніңді басқа бір жолмен тағы да айқындай түсу мәнінде қазір де қолданыста жиі ұшырайды, түбірі – анық . Оның мағынасы "ясный”, "точно” т.б орыс сөздеріне дәл келеді. Осы сөздер де мағыналық жағынан дамып, бір мағыналы заң терминін жасаған. Дознание – анықтау . ”Қылмысты алдын ала тергеуге байланысты әрекеттердің бір түрі” /25.55/. Кешірім сөзі де жалпыхалықтық лексикада бар, күнбе-күн қолданылып жүр. Оның да заңдық ұғымды білдіретін мәні кейін пайда болған. Бастапқы негізгі мағынасы күнәсін кешіру, кінәсін кешіру, айыбын кешіру, кемшілігін кешіру, айыбын кешіру, кемшілігін кешіру, кешірім сұрау т.б. осы тәріздес бірқатар ұғымды білдіру болса, осы мағыналардан өрбіген помилование, амнистия ұғымдарын білдіретін жаңа мағынасынан заңдық ұғымдары білдіретін жаңа мағынасынан заңдық ұғымды термин пайда болды: помилование – кешірім. "Сотталған адамға тағайындалған жазаны жеңілдету немесе оладың сотталады деген атағын жою туралы акті. Кешірім беруді СССР Жоғарғы Советі Президиумы мен Қазақ ССр Жоғарғы Советі Президиумы жүзеге асырады”. /25.166/

Неке сөзінің мағынасындағы өзгерістерден де заңдық атаудың біртіндеп қалыптасқандығын көруге болады. Бұл сөздің бастапқы мағынасы екі жастың (ер мен әйелдің) жеке отбасы болып бірлесуі дегенді білдірген және оның салттық (әдеттік) тәртіп бойынша дін басы молдалар орындаған ("некесін қию”, ”некеге отыру” тіркестері осыны білдіреді). Ал қазір бұл процесс мемлекеттік мекеме орындайтын ерекшк азаматтық акті болып саналады, оған, оның орындалуына заң жүзінде қорғалуына өзгеше мән беріледі. Сондықтан да бұл ұғымның атауы ”азаматтық құқық” саласындағы негізгі ұғымдардың бірін білдіретін терминге айналған. Бұл атау туралы ” Заң терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігінде” (1986 жыл) мынадай анықтама берілген: "Брак –неке. Еркек пен әйелдің материялдық есепқойлықтан аулақ, өзара сүйіспеншілік, сыйластық сезімдеріне негізделген ерікті ынтымағы. Неке семьяның арқауы, мемлекеттік некелесу мен ажырасуды өз бақылауына алып отырады. Некені қию азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органдарында жүргізіледі. Некені қию үшін некеге отыратын адамдардың өзара келісімі және олардың неке жасына толуы укерек. ” /26.15-16/. Жалпыхалықтық лексикада әлі күнге дейін жиі қолданылып жүрген қаңғыбас ” сөзінің де бір мағынасы бұл күнде заңдық ұғымды білдіретін терминге айналған: "Бродяга – қаңғыбас ” Қаңғыбастыққа салынған адамдарға заңда көрсетілген шаралар қолданылады” , - деп көрсетіледі. Болжам сөзі де бұрыннан бар атау. Оның жалпы лексикалық мәні бір нарсе жайында толық дәлелі болмасада, ол туралы шамамен тұспалдап айтуды білдіреді. Мысалы, ”Есепші ақсақалдың болжамы бойынша биыл қыс қатты болатын сияқты” , - деген сөйлемдегі "болжам” сөзі "шама” сөзінің синонимі болса, ”тергеуші бірнеше кісінің жауабын тыңдай келіп бұл қылмыс қызғаншақтықтың негізінде жасалған деген болжамға келіді”,- деген пікір айтты сөйлемінде ”версия” ұғымын білдіретін заң терминінің қызметін атқарады: ”Версия” – болжам. Алдын ала тергеуде, анықтама жүргізуде және сот тергеуінде қылмысты ашу үшін керекті дәлелдемелер іздеуге қолданылады” .

Сонымен, ұлттық тіліміздің құрамындағы заң терминдерінің дені төл тіліміздің негізінде, соның лексикалық құрамында бар сөздерінің жаңа мән алып заңдық ұғымдарды білдіру мүмкіншілігіне ие болуының нәтижесінде пайда болған. Осындай сөздердің көпшілігінің бастапқы мағынасы ұмытылмаған, бұрынғы күйінде жалпыхалықтық лексикада әлі күнге дейін қолданылып келеді. Мысалы, кінә сөзі ана тіліміздің жалпыхалықтық лексикасында жиі қолданылады да , әлде бір қолайсыз жайға (оқиғаға) біреудің айыпты екенін білдіреді: ”Менің одан әрі оқи алмауыма тек өзім кінәлімін” – деген де солай. Ал бұл күнде белгілі бір қылмысты іске жауапты адамды білдіру үшін де, осы сөз қолданылып , қылмыстың жалпы атауы ретінде қолданылатын болды. Осы мағынасы заң термині мәнінде қолданылып қалыптасты. Бұл жөнінде сөздікте былай делінген: "вина – кінә. 1. Қылмыстық жауаптылыққа тек қана қылмыс істеген яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әректті немесе әрекетсіздікті, қасақана немесе абайсыздықпен жасаған кінәлі адам ғана тартылады. Кінәнің түрлері: қасақаналық, абайсыздық. 2. Азаматтық құқықтың нормаларын реттейтін мідеттемені орындамаған немесе оны мардымсыз орындаған жан әдетте кінәсі болғанда ғана мүліксіз жауапқа тартылады. Кінәнің болмағандығы міндеттемені бұзған жақтың дәлелдеуі керек. Басқа біреуге зиян келтірген жақ, егер зиянын келтірілуіне өзінің кінәлі емес екендігін дәлелдесе, зиянды өтеуден босатылады. Кейбір заңдарда мүліктік жауаптылыққа біреуге кінәсіз (қасақана да емес абайсыздықта да емес) зиян келтірген жақты тарту кезделуі мүмкін”. /26. 24-25/.

Төл тіліміздегі сөздердің мағыналық жағынан дамып, жаңа заңдық терминдердің жасалуы жайында айтқанда, жаңа терминдердің жасалуы жайында айтқанда, жаңа терминдер тек лексикалық процестің нәтижесі деп ұқпау керек. Бұл жолда грамматикалық тәсілдердің де атқаратын қызметін естен шығармау керек. Бұл жайында жұмыстың кейінгі тараулар арнайы айтылады. Сондықтан төл тіліміздің заң терминдердің қалыптасуында шешуі роль атқарғандығын осы айтқандарымызбен тоқтата тұрып, ана тіліміздің негізінде жасалған термин сөздердің құрылысында қысқаша зер салағанда , мыналарды байқаймыз: олар құрылысы жағынан дара және күрделі болып келді. Дара құрылымды терминдерде мысал- дар:


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет