I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары



бет11/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

Шыдамдылық – қасиетін дамытудың құралы – үдемелі салмақ түсірудегі уақыт сәйкестігі бар әр түрлі жаттығулар (жүру, жүруді жүгірумен алмастыру, жүгіру шаңғымен жылжу,коньки тебу, жүзу, секіртпелермен секіру, қимыл-қозғалыс және спорттық ойындар) болып табылады.

Икемділік – ол адамның қажетті тербеліс шегінде қимыл жасау қабілеті, бұлшық еттер жүйесі мен буындар, тірек қимыл аппаратының қызметімен сипатталады.

Қимыл амплитудасы икемділік қасиетінің көрсеткішінің бірі болып табылады.

Дененің сапалық қасиеттері жылдамдық, шыдамдылық, ептілік, тағы басқа қасиеттерді қалыптастыруда қимыл амплитудасының әсері зор. Икемділік қасиетін қалыптастырудың негізгі жолдары сіңір созғыш жаттығулар мен тербелісі кең аумақты жаттығуларды орындау болып табылады. Бұл жаттығулар қол, аяқ, дене, бас қимылдары, аяқты алшақтап жүгіру, адымдап секіру, бір орында секіру, аяқты кеудеге бүгу, табанмен толық отыру, гимнастикалық қабырғада жаттығулар (еденде тұру), қабырғаға бетімен не арқасымен алға, артқа, жан-жаққа тұру.

Дененің сапалық қасиеттері қозғалыс іскрлігі дағдысымен тығыз байланысты, сондай-ақ, ерік-жігер қасиеттері: жылдамдық, күш-қуат, ептілік, шыдамдылықтың пайда болуы адамның бойындағы табандылық, батылдық, ұстамдылық қасиеттерінің пайда болуын талап етеді.

Дене шынықтырудың негізгі міндеттерінің бірі – адамның бойында дененің сапалық қасиеттерін тәрбиелеу.

Спорт адамға жан-жақты әсер етеді: денсаулығын нығайтады, дене жұмысын дамытады, іс-жүзінде қажетті іскерліктерді меңгереді, сондай-ақ, жоғары көңіл-күй жағдайын туғызумен ерекшеленеді.

Біздің еліміздің спортшылары дене шынықтыру және спорттың дамуын өздерінің жоғары жетістіктері нәтижесімен көрсетіп келеді. Дене тәрбиесі міндеттерінің бірі – жоғары спорт жетістіктері нәтижесін көру, спорттық техниканы оқып-үйрену, меңгеру және іске асыру.

Дене шынықтыру процесінде адамгершілік ақыл-ой, эстетикалық және политехникалық оқу еңбек тәрбиесін жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер бар.

Ақыл-ой және дене шынықтыру өзара тығыз байланыста. Дене жаттығуларымен және дене тәрбиесінің құралдарының басқа түрлерін қолдану денсаулықты нығайтуға, жүйке жүйесінің және ағзаның барлық жүйелерінің қалыпты қызметі үшін қолайлы жағдай туғызады, мұнің өзі қабылдауға және есте сақтауға көмектеседі, сондай-ақ нәтижелі ақыл-ой іс-әрекеті тууына жағдай жасайды. Дене шынықтыру ды ақыл-ой іс әрекетімен алмастыру жұмыс істеу қабілеті мен жақсы қабылдау, білімді тиянақты меңгеру қабілетін қалыптастырады.

Дене шынықтыру мен ақыл-ой тәрбиесінің байланысы спортпен шұғылданушының дене шынықтыру құралдарының (дене жаттығулары,жаратылыстың табиғи күштері,еңбек,тұрмыс гигиенасы)әр түрлілігін,есте сақтау қабілетініңжан-жақты дамуын қалыптастырады.

Дене шынықтыру адамгершілік тәрбиесімен тығыз байланысты.

Жүйелі ұйымдастырылған дене тәрбиесі адамгершілік тәрбиесін қалыптастырады. Топпен ұйымдастырылған сабақтар, секциялар,айналысушылар арасындағы өзара дұрыс қарым-қатынас,ұжымның нәтижелі бір мақсатқа жетуіне,жеке басының қызығушылығын қоғамдық қызығушылыққа айналдыруға көмектеседі. Мұндай әрекеттерге ерікті түрде спорт алаңдарын ұйымдастыру,спорттық құралдарды реттеу,дайындау,қоғамдық мүлікке жауапкершілкпен қарау сияқты жұмыстар жатады.

Дене шынықтыру үрдісінде оқудағы, тұрмыстығы, жұмыс орнындағы тәртіп көрсеткіші бекемдене түседі.

Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеті – берілген қоғамдық тапсырманы оқушылардың жауапкершілікпен орындауы болып табылады.

Оқушылардың ерік-жігер, мінез-құлық, тәртібін тәрбиелеуде спорттық жарыстардың алатын орны бөлек. Спорттық жарыстарда қатысушылардың моральдық, дененің сапалық қасиеті, шыдымдылық, ережені, спорттық этиканы сақтай білу талаптары іске асырылады.

Еліміздегі дене шынықтыру мен спорт жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және дамытуда орындалып жатқан іс-шаралар,Қазақстан Республикасы спортшыларының халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарындағы жоғары жетістіктері Отанға деген патриоттық сезімін тәрбиелейді.

Дене шынықтыру эстетикалық тәрбиемен тығыз байланысты. Дене шынықтыру арқылы қимыл-қозғалыс үйлесімділігі, дене тұлғасының сұлулығы, әсемдігі, мәнерлігі, киімі, дене шынықтыру жабдықтарын, айналада қоршаған бүкіл ортаның әдемділігн қабылдау, сезіну, түсіну, дұрыс бағалау қабілеті дамиды. Дене жаттығулары әсерінен адамның денесі қалыпты дамып, қимылы үйлесімді, жеңіл, сенімді болады.

Мерекелерде дене шынықтыру, көпшілік би жаттығулары мен гимнастикалық қойылымдар эстетикалық сезімге бөлейді. Бұл жаттығулар көркем гимнастика, коньки тебу арқылы әр түрлі фигуралар жасау болып табылады. Аталған жаттығулар эстетикалық тәрбиенің негізгі талаптарының орындалуына сәйкес келеді.

Дене шынықтыру сабақтары көбінесе табиғи жағдайда өткізіледі. Мұндай сабақтар кең-байтақ Отанымыздың табиғат сұлылығын танып-білуге көмектеседі.

Дене шынықтыру политехникалық оқу және еңбек тәрбиесіне әсерін тигізеді.

Дене шынықтыру құралдарын еңбек процесінде пайдалану денсаулықты жақсарту, дененің сапалық қасиеттері күш-қуат, ептілік, жылдамдық, шылдамдылық, т.б. қасиеттерге тәрбиелейді.

Дененің дамуына, политехникалық оқытуға дене тәрбиесіне қажетті құрал-жабдықтар дайындау,жөндеуден өткізу,сабақ өткізетін орынды әзірлеу жатады.

Дұрыс ұымдастырылған еңбек балаларға қажетті еңбек дағдыларын қалыптастырады. Сондай-ақ, ептілік, күш-қуат, төзімділік қасиеттерімен бірге денесінің дамуына әсерін тигізеді. Дене жаттығулары дене еңбегін ауыстыра алмайды. Себебі еңбектің қай түрі болмасын дене жаттығулары сияқты бүкіл ағзаға әсер етуі мүмкін емес. Еңбек ету барысында әр түрлі дене жаттығуларын (дененің үзіліс жаттығулары, сергіту минуттары) орындау қажет, ал дене шынықтыру барысында күш жұмсалатын жаттығуларды орындау қажет(ұжымдық түрде сабаққа құрал-жабдық дайындау,спорттық құралдарды реттеу,жөндеуден өткізу). Осындай үйлесімділік оқушыларды еңбекке даярлау міндеттерін шешеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет