Дене шынықтырудың денсаулықты нығайту қағидасы. Барлық дене шынықтыру жаттығулары, сабақтары адам денсаулығын нығайтуға арналуы тиіс. Бұл сабақтардың нәтижесі олардың көлемі мен жаттығуды орындау қарқынына байланысты. Оқытушы ағзаның биологиялық заңдылықтарын, адамның жас ерекшеліктері мен барлық мүмкіндіктерін білуі керек, педагогикалық тәсілдерді және дәрігерлік бақылауды жақсы меңгеруі қажет. Сонда ғана ол денсаулықты нығайту жолында жемісті еңбек ете алады.
Дене шынықтырудың міндеттері
Дене шынықтыру жүйесінің барлық буындарындағы бір мақсат – өмірге, еңбекке, Отанды қорғауға даярлау.
Дене шынықтыру ұзақ уақытты қажет ететін, үлкен талаптарға негізделген педагогикалық үрдіс.
а) денсаулықты нығайту, денені шынықтыру, дененің даму деңгейін көрсету, дамыту, еңбек ету қабілеттерін күшейту;
ә) өмірге қажетті қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру, оның ішінде қолданбалы сипаттағы қозғалыстар;
б) адамның моральдық, ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу;
в) дененің сапалық қасиеттерін (жылдамдық, күш, икемділік, төзімділік) дамыту;
д) арнайы спорттық жаттығулардың орындалу техникасын меңгеру.
Адамдарының денсаулығын нығайту, өмір сүру қабілеттерін күшейту дене шынықтырудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Әр түрлі дене шынықтыру құралдарын қолдану, қажетті дене шынықтыру дайындығымен қамтамасыз ете отырып, адам ағзасын жан-жақты әсерін тигізеді, денсаулығын нығайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |