Құқықтық негіз. Дене шынықтыру жүйесі өз жұмысын реттеуде құқықтық күші бар, көптеген нормативтік актілерге сүйенеді. Ол Қазақсатан Республикасының Конституциясының 23-бабында нақтылы көрсетілген.
Жалпы дене шынықтыру жүйесі ғылыми-әдістемелік негізде құрылады. Оның барлық теориялық және тәжірибелік ұсыныстары ғылыми түрде баяндалады.
Дене шынықтыру жүйесін қоғамдық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік-биологиялық ілімдер, гигиена, физиология, спорттық медицина, т. б. зерттейді. Осылардың ішінде дене тірбиесі ілімі мен әдістеме пәні алады.
Оқушыларды дене шынықтыруға тәрбиелеуде президенттік сынамалардың маңызы өте зор.
“Қазақстан Республикасындағы халықтардың дене шынықтыру даярлығының президенттік сынамалары туралы” ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы № 774 қаулысымен қабылданды.
Президенттік сынамалар – халықтың оқуға, еңбекке, әскери қызметке дайындығының жалпы деңгейін анықтайтын әр түрлі сынақ-жаттығулар жиынтығы.
12-ден 23-ке дейінгі жас шамасындағы жастарға арналған сынамалар президенттік және ұлттық деңгейден тұрады.
1.Президенттік деңгей жан-жақты дене қуаты даярлығы бар, дені сау амалдарға арналған.
2.Ұлттық даярлық деңгейі оқу немесе жұмыс орны, тұрғылықты жері бойынша спорттық секцияларда, топтарда дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдар үшін арналған.
23 жастан асқан адамның денсаулығын айқындайтын президенттік сынамаға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған адам ағзасы қызметін бағалаудың неғұрлым сенімді тәсіліндегі 1,5милге (2400м) жүгіру нәтижелері енгізіледі.
Президенттік сынамалар түрлері бойынша жарыстар жалпы білім беретін мектептердің 5,9,11-сыныптарында ,кәсіби-техникалық мектептердің,колледждер мен жоғары оқу соңғы курстарында өткізіледі.
Жастар үшін дене шынықтыру –сауықтыру бағытындағы жарыстар өткізіледі.
Президенттік сынамалар түрлері бойынша жарыстарді қалалық, аудандық жастар ісі мен саяхат және спорт басқармалары бекіткен ережелерге сәйкес, әр оқу орнының,кәсіпорынның дене шынықтыру мұғалімдерінен,жаттықтырушыларынан,спорт нұсқаушыларынан құрылған төрешілер алқасы өткізеді.
Президенттік сынамалардың республикадағы, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы орындалуы жөніндегі жұмысқа басшылық және бақылау жасау ісін Қазақстан Республикасының жастар ісі мен саяхат және спорт басқармалары (комитеттері), Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің дене тәрбиесі басқармалары жүзеге асырады.
Президенттік сынамалар бойынша жарысты ұйымдастырудың жауапкершілігі жалпы білім беретін мектептердің, кәсіби-техникалық, колледждердің, жоғары оқу орындары мен кәсіпорындардың әкімшіліктеріне жүктелген.
Президенттік сынамалар бойынша негізгі тәжірибелік жұмыстарды жүргізу оқу орындарында – дене шынықтыру мұғалімдеріне, медициналық қызметкерлерге, ал кәсіпорындар мен ұйымдарында спорт мамандарына, спорт жөніндегі нұсқаушыларға, жаттықтырушылар мен медициналық қызметкерлерге жүктелген.
Президенттік сынамаларға енгізілген сынықтардың түрлері: 60,100,1000,2000,3000 метрге және 1,5 милге (2400м) жүгіру, тұрған орыннан ұзындыққа секіру, биік кермеге тартылу, шалқалап жатқан қалыптан кеудені көтеру, мылтық ату, шыңғымен жүгіру, қол добын лақтыру жаттығулары.
Тағы да бір маңызды сынамалық негіз – спорттық топтастыру. Республикалық спорттық топтастыру дегеніміз – жасөспірімдер дәрежесінен бастап халықаралық дәрежедегі спорт шебері атаған беру, соның ережесін бекітіп, тәртібі мен сынамаларын белгілеу. Ол спортта жоғары жетістіктерге жетуге, жаттықтырушы жұмысын жетілдіруге, мектептердің, спорт қоғамдарының жұмысын жақсартуға ықпал етіп, Қазақстан спротының дамуына негіз болады.Спорттық топтастыру КСРО-да 1935жылы қабылданды. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып,тәуелсіздік алуына байланысты қазір елімізде топтастыру мазмұны мен құрылымы көп өзгерді,әлі де жетілдіріліп келеді. Дене шынықтыру жүйесі мемлекеттік және қоғамдық негізде мектепке дейінгі балалар мекемелерерінде,мектептерде,орта және жоғары оқу орындарында,әскери бөлімдерде,емханаларда және басқа да мемлекеттік,қоғамдық мекемелерде ұйымдастырылады. Сабақ мемлекеттік бағдарламада көрсетілген ресми кесте бойынша жүргізіледі. Ол үшін арнайы уақыт белгіленіп,қаржыландыру мәселесі шешіліп, материалдық негіз жасалады. Республикамызда дене шынықтыру жұмысын басқарып,бағыт беріп отыратын арнаулы мемлекеттік ұйымдар бар.
Дене шынықтыру сабақтарын белгілі спорт саласының арнайы мамандандырылған мұғалімдері, оқытушылары, сондай-ақ,кәсіби жаттықтырушылары,нұсқаушылары жүргізеді. Қоғамдық ұйымдастыру әр жастағы адамдарды дене шынықтыруына неғұрлым көбірек тартуға бағытталған. Қоғамдық ұйымдастыру түрінің ең бастапқы ұйымы-спорт клубы.Дене шынықтыру және спорт қозғалыстарын кәсіподақтық және ведомстволық ерікті спорт қоғамдары басқарады. Ерікті спорт қоғамдарын басқару демократиялық,орталықтан басқару қағидасы бойынша,сайлау арқылы өтеді. Кейінгі жылдары жеке жаттығу түрінің маңызы артты. Денсаулық сақтауға бағытталған көптеген қозғалыстар,клубтар пайда болды. Жеке жаттығу ұйымдары әрбір адамның қалауындағы спорт түрімен айналысуына мүмкіндік береді. Мемлекеттік және жеке меншік спорттық ұйымдар бірін-бірі толықтырып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |