I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Мектептегі дене шынықтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру



бет32/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

Мектептегі дене шынықтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Мектептің барлық педагог қызметкерлерінің міндеті – дене шынықтыру мақсаты, міндеттері, мазмұны, жұмыс түрлері жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру және белсенді дене шынықтыру мен спортты насихаттау болып табылады.



Мектеп директорының жауапкершілік:

- мектептегі дене шынықтыру сабағын оқытуды дұрыс жолға қою, мектептен тыс жұмыс формаларын ұйымдастыру, дәрігерлік топтардың жұмысын қадағалау:

- мектеп оқушыларымен арнайы дәрігерлік топтар жұмысын ұйымдастыру, мектепте дене шынықтыру жөінен сабақ өткізуге қажетті жағдай жасау, спорт алаңын ұйымдастыру, жабдықтау, мектептің ішінен арнайы орын бөлу (арнайы спорт зал жоқ болған жағдайда);

- дене шынықтыруды оқуға және сыныптан тыс жұмыс түрлеріне қажнтті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;

- дене шынықтыруға арналған жұмыстың жүйелі түрде орындалуын қадағалау, мұғалімнің өткізген (сабақ, сыныптан тыс жұмыс) сабақтарына қатысу;

- дене шынықтыруға арналған оқу және сыныптан тыс жұмыс түрлері жоспарының орындалуын тексеру, бекіту;

- мектептегі жалпы педагогикалық қауымның, арнайы мұғалімдердің білімдерін көтеріп отыру;

- дене шынықтыру жөніндегі жұмыстарды мектептің педагогикалық кеңесінің жоспарына кіргізу және талдау.

Дене шынықтыру жөніндегі жұмыс түрлерін жүзеге асыруды бастауыш мектеп мұғалімдері атқарады. Бастауыш мектеп мұғалімдері оқу жоспары бойынша бекіткен оқу кестесінің орындалуына, ұйымдастырылуына толық жауап береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет