2 – сынып оқушыларына арналған сабаққа дейінгі гимнастика
жаттығуларының үлгісі
Оқушыларды анықталған орынға, қатарға тұрғызу.
Бір орында жүру 20 – 30 секунд.
Созылу жаттығуларыү
Б.қ. Тік тұру, аяқ алшақ, қол бүгілген иықта, саусақтар жартылай бүгілген . аяқтың ұшына көтерілуі, қолды жоғарыда, жанда, алға ұстау, саусақтарды жазу, жоғары қарау, дем алу, дем шығару.
О: екпіні баяу қайталануы 5 – 6 рет.
Жоғары – төмен жаттығулары.
Б.қ..инегізгі тұрыс.
О: Аяқтың ұщына көтерілуі, қолды алға, жоғарға созу ( дем алу); толық отыру қолымен тізені ұстау (дем шығару). Орындалу екпін орташа. Қайталануы 7-8 рет.
̋ Оңға - солға ̏ бұрылу жаттығулары.
Б.қ. Аяқ алшақ , қол төменде, саусақтарды құлыптап ұстау.
О: Құлыптан ұстаған қолды алға, жоғары, артқа көтеру, аяқтың ұшына тұру, артқа қарай шалқаю ( дем алу); күшпен қолды алға – төмен түсіру, алға еңкею, аяқты тік ұстау ( дем шығару ). Бастапқы қалып. Екпін орташа. Қайталануы 5-6 рет.
̋ аяқтың өкшесінен ұшына тұру ̏ жаттығуы.
Б.қ. Тік тұру, аяқ иық деңгейінде, қолдың шындағы бүгілуі. Саусақтарды жұдырықтап ұстау.
О: 1-2 өкшеден аяқтың ұшына, аяқтың ұшынан өкшеге ауысу. Бұл кезде ырғақты түрде бүгілгениқолды айналдырады. Екпін орташа. Қайталануы 10-12 рет.
Жан – жаққа еңкею жаттығуы.
Б.қ. Тік тұру, аяқ иық деңгейінде (табан параллель), қол төменде.
О:денені сол жаққа еңкейту, сол қолды сол аяқтың тізесіне тигізу, оң қолмен мойынын ұстау; Б.қ. (оң жақпен). Б.қ. демалуды кешіктірмеу. Екпін орташа. Жаттығуды 5-6 рет қайталау.
Бір орында жүру 20-30 секунд. Ұйымдасқан түрде сыныпқа барады.
VI ТАРАУ
Достарыңызбен бөлісу: |