I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары



бет83/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

Сергіту минуттары. Сергіту минуттары ( қысқы мерзіміде дене жаттығулары) сабақ барысында өткізіледі. Сергіту минуттарының маңызы шаршағанды ұмыттыратын, психиканың жағымды жай – күйінің қалпына келтіретін қимыл белсенділігі жолымен оқушының іс – әрекеті сипаты мен дене қадпының өзгеруінде болып табылады.

1 – 2 – сыныптарда сергіту минуттары күніне үш, төрт рет, ал 3- сыныпта екі, үш рет өткізіледі. Жаттығуды өткізу ұзақтығы 1,5 – 2 минут.

Жаттығулардың мазмұнына иық белдеу еттерінің, кеуде мен аяқтың негізгі топтарын белсенді іске тартатын, тұлғаны түзейтін, жүйке жүйесінің қызметін жандандыратын оқушыларға таныс жаттығулар қолданылады. Мысалы, қолды жоғары көтеру, оны қозғалту, жан – жаққа созу және төмен түсіру, тартылу, жартылай отыру, аяқты тізеден бүгу, кеудені жан – жаққа бұру, алға төмен иіліп, ізінше бойды тіктеп түзету, т.б.

Үйрету дене шынықтыру сабағында жүргізіледі.


Қимылды үзіліс

Оқушылардың тиімді еібек етуіне, өсіп – өркендеуіне шымыр болып өсуінде қимылды үзіліс үлкен орын алады. Бұл үзіліс бастауыш мектептің барлық сыныптары үшін жасалатын болғандықтан, өте жоғары ұйымдастыру мәселесімен қатар, мұғалім әдіскер, дене шынықтыру жетекшесінің дайындығын талап етеді ( мысалы, спорттық құралдары, спорт алаңы).

Қимылды үзілісті ұйымдастыруға мектеп директоры, орынбасарлары, дәрігір, мұғалімдер қатысады. Үзілісті жүргізу жауапкер мұғалімдер мен дене шынықтыру жетекшесі алдын ала үзіліс болатын жерді анықтап, ауа райына байланысты залды дайындайды.

Сонымен қатар үзіліссіз өткізу жоспарын жасау барысында қауыпсіздік шаралары ескеріледі. Қимылды үзіліс 3 – ші сабақтан кейін 20 – 30 минуттық үзілісте ұйымдастырылады. Қимылды үзілістің жоспары дене шынықтыру бағдарламасына сәйкес келуі керек. Ол бір жұмаға жоспарлынады. Негізгі міндет жаттығуға барлық оқушыларды қатыстыру, қызығушылықтарын арттыру, денсаулығын нығайту.

Арнаулы дәрігерлік топтағы оқушылар үшін арнайы жоспар құрылады, жаттығулар бөлек орналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет