Өзін өзі тану және биологиядан кіріктірілген сабақ



Дата10.06.2017
өлшемі29,97 Kb.
#18859
Өзін өзі тану және биологиядан кіріктірілген сабақ:
Өзін өзі тану сабағы оқушыларды білім алумен қатар рухани байлықтарын кеңейтіп, адамгершілік қасиеттерін және ойлау мәдениеттерін қалыптастырады. Кез келген пәнді өзін өзі сабағымен кіріктіріп оқытқанда оқушылардың танып- білуге құштарлықтары артады, эмоцианалды күйі, еркіндігі дамиды. Биология пәнімен кіріктірілген сабақ өтті. Сабақтың басында «Тыныштық сәтін» өткіздік, нәтижесінде оқушылардың көңіл күйі өзгерді, ішкі жан дүниелерімен қатар жүйке- жүйелері және тынысалу жүйелері тынышталып олардың оқуға, білуге ынталары дамыды. Сабақтың тақырыбы «Витаминдер» болатын , тақырыпқа сай білім негізі қаланды, витаминдердің адам организміне пайдасын, денсаулықты нығайтатынын ұғынды, сонымен бірге өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамау керектігін түсінді. «Ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол ізде» дәйек сөзі арқылы танымдылық белсенділіктері артты, оқу материалын эмоцианалдық –бейнелі тұрғыдан қабылдады. Сабақтың соңы «Тыныштық сәті» -мен аяқталды, сабақ үстінде оқушылардың шаршағандығын ұмыттыратын және бойларын сергітетін бұл сәт өте орынды болды. Қорыта айтқанда өзін өзі тану сабағын басқа пәндермен кіріктіргенде оқу процесінде жақсы нәтижелерге жетуге болады.

Сабақтың тақырыбы:

Витаминдер және оның маңызы. Майда және суда еритін витаминдер, авитаминоздар.



Мақсаты:

Зат алмасу процесінде адам ағзасына органикалық заттардың жеке тобы ретінде витаминдердің рөлін білу.



Міндеттері:

-жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстырып салыстыра алу

-материалды түсініп тұжырымдама жасау

-өз денсаулығын бағалауға, салауатты өмір салтын сақтауға дағдылану



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың кезеңдері

Кезеңдердің мақсаты

Әдіс -тәсілдері

нәтиже

І. кіріспе

ұйымдастыру

СТО, тренинг «Тыныштық сәті»

Сабаққа деген белсенділіктері артады

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Білімдерін пысықтау, еске түсіру

СТО: «миға шабуыл» - лездеме сұрақтар/ ойланбай жауап беретін/

Өткен тақырыпты еске түсіреді

ІІІ. Негізгі бөлім.


Білім алу, оны түсініп, өмірде қолдану, салыстыру, талдай білу, тұжырымдау

СТО, Блум таксономиясы.

1.Білу – оқулықпен жұмыс, мәтінді оқу

2.Түсіну мәтіннен

1- топ «Түртіп алу» тәсілімен дәрумендердің шығу тарихын, тағам дайындағанда сақтау әдістерін түрту.

2- топ «Конвертке жинау» тағамдарды конвертке салып, қай тағамда дәрумендер бар екенін анықтау.

3- топ «дәрумен айтысын құрастыру»- ертегі түрінде 3.Қолдану. Шығармашылық жұмыстарын қорғайды..



4. Талдау. АКТ – слайдтарды пайдалану

1. Авитаминоз- аурулар. Слайдтан қарау.Бекіту мақсатында берілген бірнеше жауаптары бар тест сұрақтарына жауап беру.



5. салыстыру. Венн диаграммасы Қоректік заттар мен дәрумендердің ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Олардың тәуліктік мөлшері неде?

6. Тұжырымдау.

5 жол өлең /Дәрумендер дегеніміз не, олар қандай екен, пайдасы, мағынасы,сипаттамасы/



Білім алады, оны қолданады, салыстырады, тұжырымдай алады.

ІҮ. Рефлексия.

Кері байланыс




Сабақты бағалайды.

Тренинг «Тыныштық сәті»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет