Өрмелеу және кедіргілерден өрмелеп өту жатттығулары
Оқу бағдарламасында гимнастикалық қабырғада өрмелеу, кедіргілерден, арқаннан өрмелеу жатттығулары қарастырылған. Бұл жатттығулар шыдамдылықты, күш- қуатты, икемділікті дамытады, жатттығуды гимнастикалық қабырғада, гимнастикалық отырғышта орындау, дене қозғалысы үйлесімділігін, тұлғаның дұрыс қалыптасуын мақсат етеді. Бұл жатттығуларды биік емес снарядтарда орндалатынын ескерілуі қажет. Снарядтарда дененің дұрыс тұлғасын қалыптастыруға арналған жатттығулардың орындалуын нақты түсіндіру, көрсетуі қажет. Бұл жерде мұғалімге қарапайым жатттығулардан күрделі жатттығуға ауысу міндеті жүктеледі. Өрмелеу жатттығуларын гимнастикалық қабырғада орындау: қабырға қатарына байланысты оқушыларды топқа бөліп өткізіледі. Әр топ өзіне тән қатарға тұрады.
Алғашқыда жатттығу топпен орындалады. Бірінші топ орындайды, қалған топтар бақылайды. Оқушылар қажеттті дағдыны орындауды меңгергеннен кейін мұғалім анықталғын ара қашықтықты сақтай отырып, жаппай әдісін пайдаланады.
Гимнастикаға қабырғада өрмелеу жаттығулары
29- сурет
30-сурет
1. Төменнен белгіленген биіктікке дейін өз еркімен өрмелеу.
2. Екі аяғымен, төмен қарамай, бір аяғымен, екінші аяғымен алмастыра отырып, жоғары өрмелеу.
3. Төмен қарамай, екі аяғын жақын қойып төменнен жоғарыға, жоғарыда төменге өрмелеу.
4. Оңға, солға еркін өрмелеу.
5. Оңға, солға, бір аяқты, бір қолды бірге-бір уақыттап қойып өрмелеу (29- сурет).
6. Көлбеу және тік баспалдақтармен аяқты кезекпен басып аттасу.
7. Көлбеу және тік баспалдақтармен аяқтарын әрбір баспалдаққа қойып немесе бір, екі баспалдықты баспай өрмелеу.
8. диоганаль бойынша еркін әдісті қолданып өрмелеу (30- сурет)
9. Алдын ала берілген тапсырма бойынша тіркелме адым, қайшылау өдісін пайдаланып өрмелеу.
10. Гимнастикалық қабырғадан өрмелеп бұрышы 250 тық гимнастикалық отырғышқа ауысу.
11.Бір жағымен гимнастикалық қабырғада өрмелеу.
12.Арқасымен гимнастикалық қабырғада толық айналып өрмелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |