Тепе – теңдік сақтау жаттығулары
Тепе- теңдік сақтау жаттығулар кез келген қозғалыстың және кез келеген дененің тұру қалпын сақтаудың қажетті тұрақтылығы. Тепе- теңдік сезімнің дамуы адамның ми қыртысының қызметін жақсартады, қоздыру мен тежеу процестерін теңестіреді, адамның тұрған қалпындағы кез келген өзгерістері мен өз дене бөліктері жағдайының ауысуларын бағалауға көмектеседі, сезім мүшелері аппараттарының, бұлшық ет сезімнің дамуын жетілдірумен байланысты біртіндеп жүзеге асырады.
Құрал – жабдықсыз орындалатын қарапайым тепе – теңдік жатттығуларының түрлеріне: аяқтың ұшымен көтерілу, аяқтың ұшында тұру, бір аяқпен тұру, белгіленген сызық бойынша жүру, ыңғайсыз бастапқы қалыптарға келу, т.с.с. жатады.
Тепе – теңдік жатттығуларын орындау үшін гимнастикалық отырғыш, гимнастикалық бөренелер қолданылады.
Егер де жатттығулар биік заттарда (бөрене) орындалатын болса, бұл жерде қауіпсіздіктен сақтандыру ескеріледі(төсеніш, кілемшілер жаю, жердің топырағын жұмсарту).
Төсеніштер , кілемшелер жетттығу орындалатын заттың астында жатуы қажет.
Жаттығуға бірте-бірте үйрету әдіс
1. Аяқты бірге қойып тұру, аяқтың ұшымен тұру, бір аяқты екінші аяқтың алдына қою, қолды әр түрлі қалыпта ұстап тұру.
2. Бір аяқпен қолдың әр түрлі қалпын сақтап тұру, әр түрлі қимылдар жасау.
3.Белгіленген сызық бойынша жүру.
4. Гимнастикалық отырғышта қолдың әр түрлі қалпын сақтап жүру, доппен жүру, гимнастикалық отырғышта қарамай қолды шапалақтап жүру.
5.Жерде жатқан бөрененің үстімен жүру ( үлкен доппен, қолды шапалақтау)
6. Биіктігі 50 см бөрененің үстінен доппен, қолды шапалақтап жүру.
7.Бөрененің үстінен бір аяқпен үзіліс жасап отырып, екінші аяқты алға, артқы жаққа созу арқылы жүру.
8. Гимнастикалық бөрененің үстінен оңға, солға, артқа қолдың әр түрлі қалпын ұстап жүру.
9. Гимнастикалық бөрененің үстінен допты лақтырып, қағып алып жүру.
10. Гимнастикалық бөрененің үстінен 25-30 см биіктікке тартылған жіптің үстінен аттап өту.
11.Гимнастикалық бөрененің үстінен 25-30 см биіктікке тартылғанн жіптің үстінен допты лақтырып, қағып алып өту.
12.Гимнастикалық бөрененің үстіне қойылған затттың үстінен өту.
13.Гимнастикалық бөрененің үстіне бір аяқты алға созып, тізенің астынан қолды шапалақтап өту.
14.Гимнастикалық бөрененің үстінен толық айналып өту.
15.Гимнастикалық бөрененің үстінде жүріп келе жатып, бір тізеге тұру.
16. Гимнастикалық бөрененің үстінде алға, артқа, жан-жақққа тіркеле адымдар жасап жүру.
17. Гимнастикалық бөренеде жүріп бара жатып отыру, қолдың көмегінсіз тұру.
18. Гимнастикалық бөрененде аяқтың ұшымен жылдам жүру.
19. Гимнастикалық отырғышта, екі аяқпен бір орында секіру.
Акробатикалық жаттығулар
Акробатикалық жаттығулар барлық бастауыш сыныптың бағдарламасына кіреді. Бұл жаттығулар дененің сапалық қасиеттері күш-қуат , икемділік, жылдамдылық, төзімділік қасиеттерінің дамыуына ықпалын тигізеді. Сонымен кеңестікті бағдарлай білу, тепе- теңдік сақтау жүйесінің қызметін жақсартады.
Акробатикалық жатттығулардың жан –жақтылығы спортттың жеке түрлерін тез меңгертуге : суға секіру, конькимен сырғану, спорт гимнастикасында шаңғымен сырғану,т.б. спорттық ойындардың дамуына ықпалын тигізеді.
Бастауыш сыныпта акробатикалық жатттығуларды орындау кезінде қойылатын талаптар:
а) санитарлық- гигиеналық жағдайды сақтау;
ә) кілемшелер, гимнастикалық төсеніштердің таза болуы;
б) гимнастикалық төсеніштерді үнемі жуып отыру;
в) жылы кездерінде жатттығуларды көгалда өткізу( оқушылардың барлығы қатысады).
Акробатикалық жатттығулар екі топқа бөлінеді:
1) Динамикалық;
2) Статикалық;
32-сурет
Бастауыш сыныптар бағдарламасында динамикалықжатттығулар тобына : отыру, арқамен жату, жартылай отыру,(32-сурет); аунап түсу (артқа, жанға); алға айналып түсу (32-сурет) жаттығулары қарастырылған:
33- сурет
Статикалық жатттығулар тобына жауырынға тұрып, аяқты тік көтеру.
Динамикалық жаттығуларды үйрету дайындық жаттығуларынан басталады; дайындық жаттығулары:
1.Алға – артқа толық еңкею;
2. Екі қолмен балтырды ұстап толық отыру;
3. Арқамен жату, аяқты кеудеге қою;
4.Тік отыру, аяқты созып тік ұстау, денемен алға қарай аяққа қарай еңкею.
5.Тік тұру, аяқты тік ұстау, аяқты, кеудені бір уақытта бүгу.
Дайындық жаттығуларын меңгергеннен кейін жатттығулар топтары үйретіледі.
1. Отыру тобы. Бастапқы қалып арқамен тік жату, аяқты кеудеге бүгу, аяқ сәл алшақ, аяқтың балтырынан ұстап, басты екі тізенің ортасына қою, еңкею.
2.Арқамен жату тобы: бастапқы қалып арқамен тік жату, аяқты кеудеге бүгу, аяқьтың балтырынан ұстап, тізені иыққа, иықты тізеге тигізу, тізені ашу, басты екі тізенің ортасына қою.
3.Жартылай отыру тобы: бастапқы қалып: тік отыру, аяқ алшақ, бір- біріне қарама-қарсы қойылған (алғашқыда аяқтың ұшымен, бірте- бірте толық отыру), бір уақытта денесін тізеге тигізу, аяқтың балтырын қолдарымен ұстау, денеге тізені толық тигізу, басты екі тізенің ортасына қояды.
Жоғарыда аталған жаттығуларды меңгергеннен кейін аунап түсу жатттығулары үйретіледі.
Аунап түсу дегегеніміз- акробатикалық жатттығулардың дененің жеке мүшелерін еденге тигізе отырып, бұрылмай аунап түсу (бас тимеу керек). Жартылай отырып артқа қарай арқамен аунау. Жоғарыда аталған жаттығуларды үйрету барысында арқамен жатып, артқа, алға аунау әдісі қолданылады.
Тізені бүгіп, жан- жаққа аунау. Бұл жатттығуларды үйрету барысында тізені бүгіп, басты, аяқты толық алға қарай бүгіп арқаға, оң жаққа уанап түсу, бастапқы қалыпқа қайта оралу.
Жауырынға тұрып, аяқты тік көтеру.
Бұл жаттығу арқамен жату қалпынан басталады. Аяқпен денені көтеріп, желке және жауырынға тірелу, шынтақты еденге қою, қолмен белді ұстау, аяқты тік көтеріп (аяқтың ұшын тік ұстау), бөксені көтеру. Бастапқы үйрету кезінде балаларға аяғынан ұстап көмек көрсету қарастырылған (34- сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |