\
I ТАРАУ
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖҮЙЕСІ
Дене шынықтыру жүйесінің міндеттері
мен мақсаттары
Дене шынықтыру жүйесі дегеніміз – әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикадағы дене шынықтыру мәселесіне жауапты ұйымдар мен мекемелер жеткілікті. Дене шынықтыру жүйесінің басты мақсаты – күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене шынықтыру дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегі жалпы міндеттерге негізделеді:
1.Білім беру міндеттері – қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене шынықтыру көлемінде арнайы білім беру:
2.Сауықтыру міндеттері – дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты күшейту.
3.Тәрбиелік міндеттері – адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |