I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары



бет14/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

Дене шынықтыру құралдары

Дене шынықтырудың негізгі құралдары: дене жаттығулары, гимнастика, спорт, ойын, саяхат. Жаратылыстың табиғи күштері (ауа, күн, су) және еңбектегі гигиеналық жағдай.

Дене жаттығулары. Дене жаттығулары – дене шынықтырудың негізгі өзіндік құралы. Дене жаттығулары адамға жан-жақты әсер етеді: олар адамның дене жағдайын өзгертеді, арнайы іріктеп өткізілетін дене жаттығулары дене шынықтыру міндеттерін шешеді. Дене жаттығуларының ағзаға әсері толық жағдайға байланысты. Мұндай жағдайлар:

-жаттығулар түрлерінің ағзаға әр түрлі әсер етуі;

-дене жаттығуларын орындау барысындағы өткізілетін орын мен жағдайға байланыстылығы;

-жаттығулар өлшемі, ұзақтығы, саны жас ерекшелігіне қарай жаттығудың орындалуы, жынысы, дене дайындығы деңгейі және айналысушының денсаулық жағдайы;

-сабақ барысындағы әдіс-тәсілдері қолдануымен анықталады.

Жасөспірімдер мен балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеуде әр түрлі жаттығулары түрлері қолданылады. Дене шынықтыру міндеттері іске асыруда жаттығулар тиімділігіне, орындалу барысындағы жағдайға, дене жаттығуларын іріктеп алуға ғылыми тұрғыда қарау мен дене жаттығуларының денеге әсерін қадағалау қатаң есеп беруді талап етеді.



Гимнастика. Гимнастика – дене шынықтырудың негізгі құралының бірі – адамның денсаулығын нығайту мақсатындағы арныайы іріктелген дене жаттығуларының ағзаға әсері, қозғалыс іскерлік дағдыларын дамыту, ерік-жігер қасиеттерін қалыптастыру, сондай-ақ дене дамуындағы кейбір қайшылықтырды жою болып табылады.

Гимнастика жаттығулардың әр түрлілігі, ең қарапайым жаттығудан, күрделі жаттығуға ауысуы, аралас жаттығулардан, снарясыз жасанды жаттығуларға көшуі, снарядтар қолданылатын жаттығулардың ағзаға жан-жақты әсері, сонымен қатар спортшының денесіне түсетін салмақтың нақты реттелуы арқылы ерекшеленеді.

Гимнастикалық жаттығулар әдемі, көркем, мәнерлі, нақты орындалуымен ерекшеленеді. Ағзаға әсер ететін салмақта реттеудің дене қызметімен қатар, емдік маңызы бар.

Әр түрлі жастағы спортшылардың гимнастикалық жаттығуларды кең көлемде пайдалануы жоғарыда аталған ерекшелікті дәлелдейді.

Дене шынықтыру жүйесінің даму кезеңінде гимнастиканың міндеттері анықталып және олардың түрлері белгіленеді.

а) негізгі гимнастика;

ә) гигиеналық гимнастика;

б) спорттық гимнастика;

в) акробатика;

г) көркем гимнастика;

д) қолданбалы гимнастика, оның құрамына спорттық қолданбалы гимнастика, өндірістік және емдік гимнастика жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет