Дене шынықтыру жүйесінің негізгі белгілері
Біздің елімізде дене шынықтыру мақсаттары,міндеттері адамның жан-жақты дамуы жөнінідегі ілім өзінің нақты бейнесін тапқан. Жеке адамның жарасымды дамуы жан-жақты қоғам құру шарттарының бірі ретінде қаралды. Біздің елімізде дене тәрбиесінің мақсаты – өмірге,еңбекке және Отанды қорғауға даярлау болып табылады. Бұл мақсат адамдардың дене шынықтыруды жүзеге асыратын барлық мекемелер мен ұйымдар үшінбірдей болады.
Дене шынықтырудың аталған мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылады:
1.Сауықтыру міндеттері: денсаулықты нығайту,денені жан-жақты дамыту,ағзаны шынықтыру,адамдардың ұзақ шығармашылық өмірін қамтамасыз ету.
2. Білім беру міндеттері:қозғалыс дағдылары мен іскерлікті қалыптастыру,дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік,күш-қуат, шыдамдылық,т.б.) қалыптастыру, арнаулы білімді меңгеру,ұйымдастырушылық қабілеттерді бойға сіңіру.
3. Тәрбиелік міндеттері: жан-жақты тәрбие арқылы ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, және еңбек тәрбиесіне ықпал ету.
Бұл міндеттер дене шынықтырумен айналысушы жастарға байланысты олардың жас ерекшеліктеріне,денсаулық жағдайына,дене дамуының деңгейіне,дене әзірлігіне,сондай-ақ кәсіптік ынта-ықыласына қарай нақтыланады.
Жан-жақты мақсаттылық, халықтық-ғылымилық дене шынықтыру, дене тәрбиесі жүйесінің негізгі белгілері болып табылады.
Дене шынықтыру жүйесінің мақсаттылығы – жан-жақты бағытта екендігі. Дене тәрбиесі үрдісінде дене тәрбиесімен айналысушылардың жан-жақты дүниетанымы қалыптасады, адамгершілік қасиеттерге тәрбиеленеді.
Дене шынықтыру жүйесін одан әрі дамыту Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” стратегиясында 1997 жылғы Қазақстан Республикасының халқына Жолдауында, дене шынықтыру және спорт жөніндегі Заңда, нақты қаулыларда көрініс тапқан.
Достарыңызбен бөлісу: |