Сабақтың мақсаттары



Дата27.12.2016
өлшемі6,39 Kb.
#5968
  • Кім болсам екен?
  • Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебі
  • 2-сынып
  • Мұғалім: Олжабекова С.Т.
  • 2015-2016оқу жылы

Сабақтың мақсаттары:

  • 1. Оқушыларға әртүрлі мамандықтар жайлы айту және “Кім болам?” сұрағына жауап алу.
  • 2. Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуге, іскерлік дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  • 3. Тазалыққа, патриоттыққа, батыл, батыр болуға, тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері:

  • Мамандық иелерінің суреттері, нақыл сөздер, қасиетті сөздер.
  • Сабақтың әдісі: Ривин-Баженов әдістемесі, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау, түсіндіру, баяндау.

Сабақтың барысы:

  • і. Ұйымдастыру кезеңі:
  • Оқушылармен амандасу, оқушылардың оқу-құралдарын түгелдеу, оқушылардың денсаулығына назар аудару.
  • Оқушылардың келген қонақтармен амандасуы, бір-біріне жылулық сезімін таратуы.
  • Шаттық шеңбері
  • Жүректен жүрекке
  • ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
  • -Балалар, үйге оқуға берілген “Ертең мен бүгін” атты ертегіні оқып шығайықшы. (1-2 оқушыға оқыту).
  • -Ертегідегі кейіпкерлердің аттары кім?
  • -Кра мен Раонг күркені не үшін тұрғызбақ болды?

ІІІ. Меңгеру сабағы:

  • - Балалар, сендер өскенде кім болғыларың келеді?
  • (оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, сабақтың тақырыбын ашу).
  • Ойын
  • Құралдардың иесі кім?
  • Шаштараз
  • Дәрігер
  • Аспазшы
  • Құрылысшы
  • -Ал, ендеше, бүгін біз балалар “Кім болсам екен?” атты Н.Серәлиев атты жазушы ағамыздың әңгімесімен танысамыз.
  • “Н.Серәлиев” туралы қысқаша мағлұмат беру.
  • Сергіту сәті.
  • -Балалар, енді оқулығымыздың 109 бетін ашып, “Кім болсам екен?” әңгімесін тізбектей оқиық.
  • Оқулықпен жұмыс.
  • (Оқушылар әңгімені тізбектей оқиды).
  • Сөздік жұмыс.
  • (Оқушылардан түсініксіз сөздерді сұрау)
  • Зейін-көңілі, ықласы, назары.
  • Жетелеп-қолынан ұстап, жетектеп.
  • Қымтап-жауып.
  • Сол заматта-сол кезде, сол уақытта.
  • Ой толғаныс.
  • -Ал, балалар, осы мәтінді оқи отырып, өздеріңе қандай ой түйдіңдер? Осы мәтін бойынша қысқаша әңгіме жазыңдар.
  • Дәптермен жұмыс.
  • “Кім болам?” тақырыбына эссе жазу.
  • Бекіту:
  • -Мәтінде қандай мамандықтар жайында айтылған?
  • -Қай мамандық иесі қадірлі деп ойлайсыңдар? Неге?
  • Бағалау.
  • Үйге тапсырма беру.
  • Әңгімені мәнерлеп оқу, “Кім болам?” тақырыбында шағын шығарма жазып келу.
  • Даналық сөз
  • Сенде бір кірпіш дүниеге,
  • Кетігін тап та бар қалан!
  • Болайықшы
  • осындай!
  • Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет