I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары



бет54/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

Теңге ілу

Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді, әр-қайсысы шыбықты ат қып мінеді.

Ойынды бастаушы жүргізеді.

Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдегі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салады. Содан екі сыйыскер шығады да сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.

Ұпай әр сайыскердің тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді. Ойын жылдамдыққа тез, әрі дәл әрекет етуге үйретеді.
Тұсау кесу

Ойыншылар теңдей екі топқа бөлінеді, әр топтың екі – екіден арнайы жасалған тұсау жіп береді (екі аяққа кигізіп жүретін жіп). Ойыншылардың басында тұрған ойыншы тұсауды аяғына байлап тұру керек. Ойын басқарушысының белгісі бойынша даярланып ойыншылар тұсауланған аяқтармен жүріп немесе секіріп, белгіленген 10-15 м жердегі орындықты айналып өтіп өзінен кейінгі тұсау байланып тұрған ойыншыға тигізеді (ол ойыншы қолын тосып тұруы керек). Қолына қол тиісімен ол да тез жүріп немесе секіріп бірінші ойыншының істегенін қайталайды. Ал бірінші ойыншы тұсауды шешіп, өзінен кейінгіге береді. Ол ойыншы даярланып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді. Кімнің тобы ойынды дұрыс тез бітіріп, топ жетекшісіне қолын тигізсе, сол кезде тұсау шешіліп, жоғары көтерілуі керек. Сөйтіп, топтың тұсауы бұрын кесіліп, жеңіске жетеді. Ескерту: күні бұрын арнайы 4 тұсау жіп даярлану керек.


Арынды аққан
Ойнаушылар дөңгелене шеңбер құрып тұрады. Бір ойыншы арқанның екенші бір жақ ұшын ұстау, шеңбер ортасына тұрады. Екінші ұшына таяқша байлап, шеңбер бойымен айналдырады. Ал, балалар секіріп арқанды аяқтарының астынан өткізіп тұрулары керек. Кімде-кім арқаннан секіре алмай қалса, сол бала ойыннан шығады да, көпшіліктің ұйғаруы бойынша ортаға өнер көрсетеді.

Немесе бұлай да ойнауға болады: арқаннан секіре алмай қалған бала ойыннан шығып қалады, осылайша бір ойыншы қалғанға дейін арқанды айналдыра беруге болады, соңғы қалған бір ойыншы жеңімпаз атанады.

Ойынның екінші түрінде топқа бөлініп ойнауға болады. Берілген уақыт аралығы қанша бала қалады, солардың санына байланысты. Қай топтың балалары көп қалса сол топ жеңімпаз атанады.
Бұрыш

Ойынды бес немесе тоғыз адам ойнайды. Ойын жүгізушінің бұйрығымен белгілі бір арақашықтықтағы(үш бес метр) төрт ойыншы төрт бұрышқа тұрады. Олар екі-екіден орындарын ауыстырады. Ойын жүргізушінің мақсаты – төртеуінің ортасында тұрып осы кезде босаған тұра қалуы. Ойынның шарты түсінікті болу үшін әрбір ойыншы тұрған орынын бормен белгілеп қойса да болады. Сөйтіп, орыннан айырылған ойын жүргізуші болады да, ол да бос орын іздейді. Ал тоғыз ойыншы ойнағанда әрбір қабырғаға бір адамнан тұрып, өзара екі-екіден орын ауыстырады.



Белбеу тастау

Ойыншылар екі топқа бөлініп, бір – бірімен 50 – 60 метр қашықтыққа қарама – қарсы тұрады. Екі топтың дәл ортасындағы сызыққа жалау байлап, түбіне белбеу немесе шиыршықталған орамал тастайды.

Кезек бойынша бір топтың басқарушысы өз ойыншыларының біреуінің атын айтады. Берілген белгі бойынша әлгі екі ойыншы ортадағы жалауға қарай жүгіреді, бұрын жетіп, белбеуді алуға ұмтылады. Бұрын жеткен ойыншы белбеуді ала салып, өзі кейін қашады. Енді әлгі қашып келген ойыншы жаңағы ұтылған ұпайларын қайтарып алуға тырысады.

Ойынның қорытындысында қай топтың ойыншылары қарсыластарына көбірек белбеу жұмсаса, сол ұтқан болып есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет