Арқанмен тартысу
Барлық ойыншылар екі топқа бөлініп, қарама – қарсы жақта бірінің соңынан бірі тұрады. Топтың басында қарауыл тұрады. Ол басқалардан 1,5 – 2 метр алда тұрады. Топтың ортасынан арнаулы сызық сызылады. Ойын басқарушының берген белгісі бойынша барлық ойыншылар сегіз метрлік арқаннан ұстап тартысады. Кімнің тобы өз жағынан ортадағы белгіден асырып тартып кетсе, сол топ жеңіске жетеді.
Кім көтеріп келеді
Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Ойын алаңына екі ойыншы шақырылады. Олар біріне – бірі арқаларын тигізіп екі топпен гимнастикалық таяқшаны жоғары көтеріп содан ұстап тұрады.
Ойын басқарушының берген белгісі бойынша әркім өз жағына қарсыласын жоғары көтеріп, ( содан ) кетсе (яғни аяғын жерге тигізбей), сол топтың ойыншыларына бір ұпай беріледі қалған ойыншылар да ойынды осылай жалғастыра береді.
Кімнің тобы көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.
Достарыңызбен бөлісу: |