Типтік сабақ жоспары
Кіріспе бөлім - 5 -10минут.
Міндеті: Оқушыларды ұйымдастыру, өтілетін тапсырмамен таныстыру, түсіндіру. Оқушыларға орындайтын жаттығулар мен денеге түсетін салмақ жөнінде түсіндіріп, психикалық тұрғыда даярлау.
Мазмұны: сапқа тұру түрі, гимнастикалық орын ауыстыру, дене, қол, аяқ қозғалысымен жүру, жүгіру, секіру жан – жақты дамыту және би жаттығулары, ойындар.
Негізгі бөлім 25 – 30минут.
Міндеті: Сабақтың басты тапсырмасын орындау жаңа сабақты түсіндіру, білімдерін толықтыру мақсатында өткен сабақты қайталау. Оқушылардың қимыл- қозғалысын, іскерліктерін, жылдамдықтарын, төзімділіктерін дамыту.
Мазмұны: Жалпы дамыту жаттығулары, жүру, жүгіру, лақтыру, секіру, өрмелеу, асылу, акробаттық жаттығулары, жылдам қозғалыстарды, ойындарды орындау. Негізгі бөлімге бағдарлама бойынша кез келген материал енгізілуі мүмкін.
Қорытынды бөлімі 3-5 минут.
Міндеті: Сабақтың негізгі бөлімінде белсенді қызметке түскен ағзаның қосу қалпынан тежелу қалпына ауыстыру. Сабаққа қорытынды жасау, үйге тапсырма беру, ұйымдасқан түрде басқа іс- әрекетке ауысу, яғни ұйымшылдықпен спорт залдан сыныпқа немесе үйлеріне тарату.
Мазмұны: Сапқа тұру, жүру, әнмен жүру, ырғақтың би жаттығулары, демалу жаттығулары, жай қимылды ойындар, мұғалімнің қорытынды сөзі, үйге тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |