I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Сабақты өткізу әдіс – тәсілдері



бет73/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

Сабақты өткізу әдіс – тәсілдері
Бастауыш сынып оқушылармен төмендегідей әдістер қолданылады:

жаппай әдісі;

кезекпен орындау әдісі;

толассыз әдісі;

топтық әдісі;

жеке әдісі

Жаппай әдісті пайдалана отырып, оқушылардың бәріне орындау тәртібі бірдей жаттығулар ұсынылады. Бұл әдістің ерекш елігі – оқушылардың барлығы бірдей жаттығуды орындауы, сабақтың жоғары талапқа сай өтуі, денеге қажетті салмақты түсіруге жетумен анықталады.

Бұл әдіс ұжымдық түрде орындалатын жаттығулардың орындалуына қолайлы; себебі оқушылар мұғалімнің бұйрығы, нұсқауы бойынша жаттығуды бірге орындайды. Оқу бағдарламасындағы көптеген жаттығуларды үйрету барысында: тиімді жүру, жүгіру, секірудің түрлері, лақтыру топтармен, таяқтармен қысқа секіртпемен орындалатын жаттығуларда осы әдісті қолданылады.

Бұл әдіс бастауыш сынып оқушыларын жаңа оқу материалдармен таныстыру кезеңінде кеңінен қолданылады.

Толасыз әдіс. Бұл әдісті пайдаланудің ерекшелігі – оқушылар жаттығуды кезекпен, бірінің соңынан бірі, үзіссіз, толасыз бір ғана жаттығуларды орындайды нақты анықталған жағдайда ғана толассыз әдісті бір уақытта екі – үш дүркін орындайды.

Мысалы, тепе – теңдік жаттығуларын гимнастикалық отырғышта, бөлінеді бір уақытта орындауға болады, егер де бірнеше отырғыш, бөлінер болса, толассыз әдістің тағы бір ерекшелігі мұғалім әр оқушының жаттығуды дұрыс орындауын бақылай алады.

Жаттығу екі – үш дүркін орындалады. Сабақтың толымдылығы және денеге түсетін салмақ ұлғаяды.

Кезекпен орындау әдісінде оқушылар сабақты шағын топтарға бөлінеді. Әр топ оқушылардың жаттығуды бірге жасай алуларына байланысты бөлінеді. Бір топ оқушылары жаттығуды орындап жатқан кезде, екінші топ оқушылары өз жолдастарының іс – әрекетін бақылап тұрады.

Кезекпен орындау әдісі биіктіктен секіру, өрмелеу, алысқа лақтыру, акробатикалық жаттығуларды орындағанда қолданылады. Бұл әдіс мұғалімге оқушылардың жұмысын бақылауға көиек теседі.

Топтық әдісте оқушылар топқа бөлінеді. Әр топ мұғалімнің берген тапсырмасымен өзіндік жұмыс жасайды. Бұл әдіс көбіне жаттығу жасау үшін құрал – жабдық жетіспеген кезде қолданылады. Белгілі уақыт өткен соң топтар құралдарымен ауысады. Себебі барлық оқушы мұғалімнің берген тапсырмасын сабақтың бір бөлігінде орындап үлгеруі керек. Әр топ өз топ жетекшісін тағайындайды. Әр топтың бір – біріне кедергі жасамайтындай етіп орналастыру мұғалімнің босты міндеті. Топтық тәсіл балалар өз бетінше жұмыс жасауға дайын болған кезде ғана қолданылады.

Жеке әдісте оқушы жаттығуды жеке орындайды. Ал қалған оқушылар бақылап тұрады. Бұл әдіс есеп сабақтарында қолданылады. Бұл әдіс мұғалімге әр оқушының сабақты қаншалықты меңгергені бақылауға көмек теседі ал балалар өз кезегінде жаттығуды дұрыс орындауға тырысады.

Сабақты өткізуге әдістері сабаққа қойылған мақсаттарға байланысты болады. Әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы жүргізілетін сабақтар қызықты әрі жақсы қабылданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет